Кессонды аурулардың профилактикасы үшін жұмыс істейтін камераға берілетін ауаның сапасы мен мөлшерінің маңызы зор. Қауіпсіздік шараларының ережелеріне кессондағы ауаның мөлшері 25 м3/с аспау керек, оның құрамындағы оттегі 20 %, көмір қышқыл газы 0,1 % және зиянды әсерлері бар РБК аспау керек. Жұмысшыларды жылы ылғалды өткізбейтін киімдер мен аяқ киімдермен қамтамасыз етудің алдын алу шараларында маңызы зор.
Жоғары қысымды жұмыс істейтін адамдардың барлығы жұмысқа қабылданар алдында міндетті түрде медициналық тексерілуден өтеді.
Барлық кезкелген тірек қимыл аппаратының, жүрек тамыр жүйесінің, тыныс жүйесінің, психикалық аурулар, құлақ және вестибулярлы аппараттардың аурулары, көз, асқазан ішек жолдарының, несеп шығару жүйесінің, жүйке жүйесінің және т.б аурулар жұмысқа қабылдаудың қарсы көрсеткіші болып табылады.
Терапевт, невропатолог, отолоринголог және офтальмологтың қатысуларымен 12 айда 1 рет кезеңді түрде медициналық қараулар жүргізіледі.