Кестелік қосу мен азайтуды оқыту ерекшеліктері



Дата02.06.2022
өлшемі421,58 Kb.
#36215
Байланысты:
Кестелік қосу және азайту


Кестелік қосу мен азайтуды оқыту ерекшеліктері
Жалпы алғанда арифметикалық амалдардың кестелік жағдайларын оқытуда, таблицаны оқушылардың табысты меңгеруін қалыптастыру мақсатында барлық кестелік жағдайлар бірнеше топтарға бөлінген. Мұнда амалдарды орындау тәсілдері ұқсас болатын кестелік жағдайлар жекелеген топтар құрайды.
Осыған орай арифметикалық амалдардың кестелік жағдайлары мынадай топтар құрайды:
1. Бір таңбалы сандарға көлеміндегі) 2, 3, 4 сандарын қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары; 2. Бір таңбалы сандарға (10 көлеміндегі) 5, 6, 7, сандарын қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары;
3. 20- ның көлеміндегі қосу таблицасы және азайтудың сәйкес жағдайлары;
4. 100- дің көлеміндегі көбейту таблицасы және бөлудің сәйкес жағдайлары;
Бастапқы кезеңде және 10- ға дейінгі сандардың нумерациясын оқып-үйрену барысында арифметикалық амалдардың кестелік жағдайларның бірінші тобының құрамына енетін мәселелерді қарастырудың негізі қаланады. Мұнда алдымен оқушылар натурал сандар қатарының қасиетінің мән-мазмұны болатын қағиданы көптеген практикалық жұмыстар мен нақты жаттығуларды орындау барысында түсінік ретінде қабылдайды. 10- ның көлеміндегі сандардың әрқайсысын соған негіздеп оқушылар шығарып алады және көршілес сандарды салыстырады. Санды санағанда оның тікелей алдында келетін санға 1- ді қосу арқылы және одан тікелей кейін келетін саннан 1- ді азайту арқылы шығарып алуға оқушылар біршама машықтанады.
Бұл түсініктің оқушыларға дұрыс және түсінікті қалыптасуы үшін түрлі жаттығуларды, дидактикалық материалдарды пайдалануы керек болады. Олардың қатарында: заттарды және нәрселерді бірден қоса және 1- ден шегере санау, кез келген саннан бастап 10-ның көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен атау, санның көршілерін атау; саннан тікелей кейін келетін санды атау; сандар қатарында әдейі қалдырып кеткен сандарды табу; сандар қатарын кіші саннан бастап ретімен атау; сан баспалдағымен жұмыс; санның қандай сандардың арасында болатының анықтау тс.с. Жаттығулар. Оларды қарастыру барысында оқушылардың алған білімдері біртіндеп егер санға 1- ді қосса, онда санағанда оның тікелей алдында келетін сан шығады деген қорытындыға келуі тиіс.
1-тапсырма “жұбын тап”


2-тапсырма. Кестені толтыр.


3-тапсырма. Өзара байланысты теңдеулерді құрастыр және жаз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет