Кеудедегі ауырсыну. Клиника,диагностика Орындаған: Мейіргер ісі кафедрасы Кеудедегі ауырсыну



бет1/6
Дата06.03.2023
өлшемі1,03 Mb.
#72235
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 Кеудедегі ауырсыну презентация (3)

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

«Мейіргер ісі» кафедрасы


НҰР-СҰЛТАН, 2021
Кеудедегі ауырсыну. Клиника,диагностика
Орындаған: Мейіргер ісі кафедрасы

Кеудедегі ауырсыну

  • Жүрек аймағындағы ауырсыну аурудың ең тән белгілерінің бірі болып табылады. Кейбір жағдайларда жүрек ауруы жүректің және коронарлық тамырлардың ауыр органикалық ауруларының көрінісі болып табылады (стенокардия, миокард инфарктісі), басқаларында онша қауіпті емес, мысалы, кардионевроз. Жедел коронарлық жеткіліксіздік кезінде жүрек аймағындағы ауырсыну коронарлық артериялардың спазмынан немесе тромбозынан болады.

Себептері

Аурулар

Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары

ЖИА, стенокардия, миокард инфаркты, гипертониялық ауру, аорта стенозы, митральды клапан пролапсы, перикардит, миокардит, кардиомиопатия

Сүйек бұлшық ет жүйесінің аурулары

Остеохондроз, бұлшық ет немесе байламның зақымдалуы, бурсит, тендовагинит

Нерв жүйесінің бұзылыстары

Мойын омыртқасының омыртқа аралық диск жарылуы, мойындық артрит, белдеме герпес

Өкпе патологиясы

Пневмоторакс, плеврит, трахеобронхит, өкпе инфаркты, өкпе обыры

Асқорыту ағзаларының патологиясы

Диафрагманың өңештік бөлігінің жарығы, ойық жара ауруы, холецистит

Кеуде қуысындағы ауру сезімінің мүмкін себептері

Жүректің ишемиялық ауруы

  • Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) — деп жүректің тәждік артериясындағы қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын жүректегі ишемиялық (дистрофиядан некрозға дейінгі) өзгерістерді түсінеміз. ЖИА халық арасында өте көп таралғандықтан 1965 жылдан бастап БДҰ шешімі бойынша жеке ауру ретінде қарала бастады, бұрын ол атеросклероз бен артериялық гипертонияның жүректік түрі деп есептелінген. ЖИА негізінен 40-65 жастағы ер адамдар арасында кездеседі, бірақ та ол 25-30 жастағы кісілерде де дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет