Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады



Pdf көрінісі
Дата08.01.2017
өлшемі73,26 Kb.
#1468

«Солнышко»

«Ертегілер еліне»

шақырады

Кез келген ел өзінің келешегін

өскелең ұрпағымен байланыстырады»

Н.Ә.Назарбаев

Елбасы Жолдауында айтылғандай

«Бала - болашақ ел - ертеңі».

Жас ұрпақтың тәрбиесі алдымен

балабақшадан басталады, өйткені 3

жастан 6 жасқа дейінгі балалардың

қызығушылығы жоғары болғандықтан

балабақшадан үйренері көп.

Балабақшадағы тәрбие - барлық

тәрбиенің бастамасы. Тәрбиешілердің

бала тәрбиесінде оқыту және тербиелік

жұмысының нәтижелі болуы өте

маңызды.

Балалардың коммуникативтік

- шығармашылық дамуының әдіс -

тәсілдерімен болісу үшін «Солныш-

ко» балабақшасында аудандық семи-

нар cәyip айының 22-шi жұлдызында

өткізілді.

Балабақша директоры А.А.

Цай семинарға қатысушыларды

«Балабақша - біздің ортақ үйіміз» атты

жұмыс жүйесімен таныстырып өтті..

Педагогтармен өткізілетін оқыту және

тәрбиелеудің негізгі жақтарына ерекше

назар аударды.

Балабақша әдіскері А.А.Ералиева

«Театрланған-ойын әрекеті

арқылы баланың коммуникативті-

шығармашылық құзіреттілігін да-

мыту және құруру» атты семинарлық

бағдарламамен таныстырды.

Бағдарлама бойынша педагогтар

іріктірілген оқу іс-әрекетін әртүрлі

әліс тәсілдермен семинарға келген

қонақтарға аса қызығушылықпен

біліктілікпен. жан-жақтылықпен

жоғары деңгейде көрсете алды.

«Қуаныш» ортаңғы тобында

тәрбиеші С.А.Боровых пен қазақ тілі

мұғалімі Г.С.Оспанова «Ертегілер се-

руенге шықты» атты ұйымдастырылған

ic-әрекетін өткізді. Мұнда ертегі

кейіпкерлеріне енген бүлдіршіндер

өздерін мемлекеттік тілде танысты-

ра отырып, бойларындағы әртістік

қабілеттерін көрсете алды.

Әр жастағы тәрбиеленетін «Бала-

пан» тобында тәрбиеші А.М.Минтаева

мен музыка жетекшісі Г.Т.Сейтимова

«Epтегі әлеміне саяхат» атты му-

зыка элементтерімен математикадан

кіріктірілген сабақ ұйымдастырды. Ба-

лалар көптеген ертегілерді білгенімен

қоса сол ертегілердің мазмұнымен өз

ойларын oйын арқылы жеткізді. Жас

ерекшелігіне қарай балалар берілген

математикалық тапсырмаларды

қызығушылықпен, ынта-ықыласымен

орындады.

«Гүлдер» ортаңғы тобын-

да тәрбиешілер И.И.Логунова мен

Е.Н.Скок «Сиқырланған құстар» атты

оқу әрекетін жоғары деңгейде жүргізді.

Балалар таным саласы бойынша

көптеген білімдерін көрсетті. Сабақтың

барысында балалар жыл құстары тура-

лы әңгіме айтып, дидактикалық ойын-

дар ойнады.

Дене шынықтыру элементтepi бар

кipiктipiлгeн сауат ашу сабағы «Ай-

налайын» тобында өте қызықты oттi.

Қазына аралға саяхатқа шыққан ба-

лалар қиын тапсырмаларды жоғары

деңгейде орындады. Семинар

қонақтары балалардың сауат ашу мен

дене шынықтыру бойынша үздік білімін

атап өтті. Тәрбиеші В.Д.Шевченко және

спортнұсқаушы Н.М.Черкасованың

жыл бойы атқарған еңбегі мен

шығармашылығы педагогтардың

негізгі жұмыс үлгісі болып табылады.

Н.М. Черкасованың гимнастикалық би

бойынша жеке жұмысы қонақтарды

таңқалдырды. Қыздар әртүрлі

гимнастикалық жаттығуларды жоғары

деңгейде орындады.

Біздің балабақшада Н.Р.Куликова

логопед қызметін атқарып жүр.

Ауданның балабақшаларынан кел-

ген логопед мамандары «Ойын

алаңқайына көңілді саяхат» атты ло-

гопедия сабағын қызығушылықпен та-

машалады. Логопед балалардың дұрыс

сөйлеу дағдысын ойын ретінде жeткiзiп,

өзінің педагогикалық құзыреттілігін

көрсетті.

«Жұлдыз» ересек тобының

тәрбиешілері И.Г.Птица және

М.В.Евтушенко дайындаған

«Түймеқыз» epтегісінің қойылымы се-

минар шыңы болыл көрінді. Барлы-

балалар өз рөлдерін жауапкершілік

сезімімен орындап, әртістік

қабілеттерін көрсетті. Түймеқыздың

гүл түйнегінен көрінуі қонақтарға бip

тосынсый ретінде көріндi. Талантты

жас әртістеp ешкімді күлімсіреусіз

қалдырмады.

Психолог С.С.Нуйкина семинар

қонақтарымен психологиялық ойын

өткізді. Ойын барысында қонақтарды

жағымды қарым-қатынасқа тартуға

жағдай жасады.

«Солнышко» балабақшасының пе-

дагогтары жыл бойы коммуникативті

шығармашылық құзіреттілігін да-

мыту, мемлекеттік тілді үйрету,

салауатты өмip-салтын сақтау,

п е д а г о г и к а л ы қ - п с и  х о л о г и ялық

жағдайдың жағымды болу мақсатымен

көптеген жұмыс атқарып, нәтижелерін

ұйымдастырылған оқу- ic әрекетінде

көрсете алды.

«Солнышко» балабақшасының

тәрбиешілер ұжымы өз тәжірибесімен

бөлісіп, барлық қонақтарға қуаныш пен

жан жылуын сыйлады.

А.М.МИНТАЕВА.

КМҚК «Солнышко» б/б

тәрбиешісі,

Г.С.ОСПАНОВА



қазақ тілі мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет