Кіріспе
«Кұңфуцзы1 даналық дәрістері» - Қытай тарихында «Көктем мен күз» дәуірі2 аталған кезеңде өмір сүрген философ Кұңчиюдың3 ойлары мен сұхбаттары жинақталған 4 кітаптың4 бірі. Кітап ауызекі әдебиет негізінде сақталған, яғни атадан балаға, ұстаздан шәкіртке мирас сөз болып қалып отырған. Даналық дәрістер саясат, білім беру, әдебиет, пәлсапа және адамдармен қарым-қатынас т.б. тақырыптар төңірегінде уағыз және диалог түрінде өрбіген. Кітап мазмұны жалпы 20 тарау, 512 бөлімнен тұрады.
Бұл кітапты тәржімалаудағы мақсатымыз – Қытай әдебиетінің жауһарларына қазақ оқырманын жақындастыру.
Кеңес пен толғам.
Кұңфуцзы ғақылиялары
I тарау
ОҚУ
Кұңфуцзы – Фуцзы дегеніміз - ұстаз, яғни Кұң ұстаз.
Көктем мен күз - біздің заманымызға дейін 770-476/430 жылдары
Кұңчию – азан шақырып қойған аты.
4 кітап – Кұңфудзы мектебі 4 кітап, 5 рәсімнен тұрады. «Кұңфуцзы даналық дәрістері» 4 кітаптың алғашқысы, әрі негізгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |