Киелі Өтүкен мекені



Дата28.04.2023
өлшемі15,02 Kb.
#87844
Байланысты:
Киелі Өтүкен мекені


Киелі Өтүкен мекені
Түркітанушы ғалымдар құнды еңбектерінде «Отыкен» немесе «Өтүкен» дейтін жер-атауын көп қолданады. Өйткені бұл жер – көне түркілердің ел болып, етегі жиналған, жұрт болып, жағасы құралған мекені. 
Тым көнеде, түркінің киелі мекендеріне Өтүкен, Ергенқон, Жерұйық, Жиделі-Байсын дегендей түрлі атаулар берілгенін байқаймыз. Дегенмен түркі жұрты үшін Өтүкеннің жөні бөлек. Өйткені бұл мекен түр­кі­лер үшін елдіктің алтын бесі­гі болған. Күлтегін жа­зу­ын­да «Түркі қағаны Өтү­­кен қой­науында отырса, елде мұң жоқ. Өтүкен қой­науын­да отыр­саң, мәңгі елді­гіңді сақ­тай­сың» дейтіні шын мәнінде Өтүкеннің мемле­кет­тілік тарихында орны ерек­ше бол­ғанын байқатады. Біздің бұл сөзімізге тағы бір дәлел Тоны­көк жа­зуында сақталыпты. Абыз­дың күллі түркілерге қара­та айт­­қан сөзі бітік тасқа былай қа­шалған екен: «Кімде кім, бірлік байрағын көтеріп, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе Өтүкенге келсін!».
Осы далада туып, 740-шы жылдары жамбасы жерге тиген Шығыс Түркінің тоғызыншы қағаны Йоллығтегін бәдізінде: «...Өтүкен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Сонда, түркі халқы, тоқ болатын едің...» деген сөз бар. 
Әрине тарихи Өтүкен ай­ма­ғын бәріміз жақсы білеміз. Бәлкім, Өтүкен аймағын гео­гра­фиялық картадан іздеуден гөрі, Өтүкен рухының санада жаң­ғыруы маңызды шығар. Өйт­кені Өтүкеннен бастау ала­тын Мәңгілік ел түгел түркі­нің бүгінгі ұрпағын бекем бай­тағында байрағы биік ел етіп, болашаққа бастап барады.
Түркі тарихын зерделеп жүр­ген ғалымдардың басым көп­шілігі Өтүкен алқабын қазір­гі Моңғолияның орталық аймақ­тары деп санайды. Дәлі­рек айтқанда Хангай жота­ла­рының теріскейіндегі орманды алқапты киелі Өтүкен аймағы деп бағалайды. Бұл өңірдің шығыс жағында Кентей жотасы, солтүстігінде Саян таулары, батысында да Алтай таулары жатыр. Түстігінде атақты Гоби шөліне қарай кететін алқаптар орналасқан. Осы өңір­ді кесіп өтетін Орхон өзені алқа­бында түркі қағандары тақ­қа отырған. Түркі заманынан жеткен бәдіздер, балбал­дар мен мүсін тастар, ғұрып­тық кешендер осы жерде шо­ғыр­ланған. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет