«Киіктер тағы көбейеді, Сарыарқаны тастамайды» дейді «Алтын дала» мемлекеттік табиғи



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата06.03.2017
өлшемі22,27 Mb.
#7991
  1   2   3   4   5   6   7

C

M

Y



K

«Киіктер тағы көбейеді,  Сарыарқаны тастамайды» 

дейді «Алтын дала» мемлекеттік табиғи 

резерватының қызметкері Балғабай Бекмағамбетов.



Индек

с 75579

C

M

Y



K

C

M



Y

K

Сарыкөл  ауданының 



орталығындағы  стади-

онда  аудандық  спар-

такиада  өтіп  жатқан 

болатын.  Негізі  спарта-

киада  аудандар  үшін 

жыл бойы күтетін жаздың 

негізгі  мерекесінің  бірі. 

Сарыкөлдіктер  де  түс 

әлетінде  спорттық  жа-

рыстарды  қыздырып, 

мереке қызығын алаңсыз 

тамашалап  жатқан  еді. 

Күн  ыстық,  аспан  шай-

дай  ашық,  тынық.  Бір 

кезде  алыстан  шаң 

көрінгендей  болды,  оны  

стадионда спорттық жа-

рыстар қызығына түскен 

жұрттың  көбі  байқай 

да  қойған  жоқ.  Әлгі 

шаң  стадионмен  қатар 

орналасқан  саябақтың 

қ а с ы н а   к е л г е н д е 

стадиондағылар шаңның 

тым аспандап, қоюланып 

кеткенін  байқады.  Бірақ 

не  болғанын  өздері  де 

түсіне  алмай  қалды. 

Жұрт  таңырқап  қарап 

үлгермей-ақ,  стадионда 

аламан-тасыр басталды 

да кетті. Мерекеге тіккен 

киіз  үйдің  түңілігі  мен 

туырлығын жұлып таста-

ды.  Сусын,  түрлі  тағам 

сатылатын  екі    сауда 

шатырының пластиктен жасалған тере-

зелер, шатырлары қирап, сынықтары 

аспанға  ұшты.  Тоңазытқыштарды 

көтеріп, біраз жерге апарып лақтырып 

тастаған.  Шатыр  ішіндегі    сатылатын 

тағамдардың  түр-түрін,  тіпті  пісіріліп 

жатқан  кәуаптарды,    сатушылардың  

саудадан  түскен  ақшаларын,  басқа 

заттардың  барлығын  жұрт  аспаннан 

көрді.


Сарыкөлдік  әріптестеріміздің  ай-

туынша,  осының  барлығы  санаулы 

минуттарда  ғана  болып,  қара  құйын 

жыландай жылжып жүре берген. 

– Ирелеңдей жылжыған құйын өзенге 

барғанда суды  қалалардағы су бұрқақ 

секілді  шашыратып  аспанға  атты,  – 

дейді  Сарыкөл  ауданының  тұрғыны 

Айгүл Жуаспаева.

Табиғаттың тосын мінезінен зардап 

шеккендер  де  аз  емес.  Екі  жасар  ба-

ланы құйын анасының қолынан жұлып 

алып, ұшырып әкеткен. Тез арада жет-

кен «жедел жәрдем» дәрігерлері бала-

ны  ауруханаға салып, үш күн емдеді. 

Аудандық  аурухана  дәрігерлерінің 

айтуынша, бала ішінен жарақат алған, 

бүйрегі ауырып қалған. Бірақ жағдайы 

қалыпты,  өміріне  қауіп  жоқ.  Соны-

мен  қатар  ауруханаға    жамбас  сүйегі 

жарақаттанған,      ұшқан  заттар  тиіп, 

жарақат  алған,  денесін  жырып  кеткен 

кісілер  де  болды.    Түрлі  деңгейде 

зардап  шеккен  он  екі  адам  аурухана 

көрінген. Сондай-ақ  дәрігерлер стади-

онда  адамдарға көмек көрсеткен. 

Сарыкөл ауданы  орман-тоғайы мол 

өңір. Табиғаттың мұндай тосын мінезін 

бұрын    көрмеген  сарыкөлдіктер  үшін 

алапат  құйын    түс  көргендей  болып 

қалды.

«Жас өркен»-ақпарат

Тосын табиғат

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕНЖАЙЫ:

11000, Қостанай қаласы, 

А.Байтұрсынов көшесі, 

47-үй, 220 бөлме. 

Медиа – студия.  

“Жас өркен - Қостанай” 

журналының редакциясы.

Байланыс телефондары: 

қалааралық  

8-7142-51-11-67, 

Факс 51-11-95

Ұялы 8(701) 1509443

Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, 

кері қайтармайды.

Журналдың қажетті 

сандарын редакциядан сатып 

алуға болады. 

Бағасы келісімді. 

«Жас өркен-Қостанай» 

журналына демеушілік 

көрсетем деушілерге мына 

есеп-шотымызды ұсынамыз: 

РМҚК «А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай 

мемлекеттік университет»

ИИК KZ838560000000079688

РНН 391700052352,

БИН 990240005319

БИК KCJBKZKX

РНН банка 391700078345

БИН банка:980841000472

 Кбе 16

Журнал редакцияның 



компьютерлік орталығында 

теріліп, беттеліп 

«Қостанайполиграфия» ЖШС 

баспаханасында басылды. 

110007, Қостанай қаласы, 

С.Мәуленов көшесі, 16.

Басуға  03.07.15 ж. 

қол қойылды. 

Көлемі 32 бет, 

Офсеттік басылым.

Тапсырыс № 3075

Таралымы 1200 дана.

Баспахана түпнұсқасы нашар 

суреттердің сапасына жауап 

бермейді. 

C

M



Y

K

Туған жер тұлғалары



Аманғали Сегізбаев

Журналист, ақын, жазушы Аманғали Сегізбаев 1897 жылы 

Қостанай  облысының  бұрынғы  Орджоникидзе 

қазіргі Денисов  ауданындағы Ақсу колхозын-

да туған. Кедей шаруаның баласы жастық 

шағын  қиыншылықпен,  жоқшылықпен 

өткізеді.  Ауылға  шақырылған  татар 

молдасынан сауатын ашып, ауылдағы 

бастауыш  мектепті  бітіреді.  Тро-

ицк  қаласындағы  Зейнолла  ишанның 

медресесінде  оқып,  одан  кейін  

«Уәзипа»  медресесіне  ауысып,  оны 

жақсы  бағамен  бітіреді.  1919  жылы 

Қостанайда  ашылған  журналистер 

институтын  бітіреді.  Еңбек  жолын 

осы қаладағы  мектепте ұстаздықтан 

бастайды, одан кейін уездік оқу бөлімінің  

инспекторы болып қызмет істейді.   

  Аманғали  Сегізбаев  тырнақалды 

поэзиялық шығармаларын үлгілі мектеп-

те ұстаздық еткен кезде жаза бастайды. 

Ол  табиғат  лирикаларымен  қатар,  ел 

аузындағы аңыздарды арқау етіп алып «Ар-

шалы бойында» атты поэма жазады. Оның 

осы  поэмасы  және  «Жаңбыр  соңында»,  «Таң 

атқанда» өлеңдері кезінде «Қызыл Қазақстан» 

журналында басылады. 

Аманғалидың қазақ журналистика-

сына сіңірген еңбегі мол. Ол 1923 

жылдан  бастап  мерзімді 

басылымдарда  жұмыс 

істейді.    Осы  жылы 

Орынборда жарық көрген 

«Жас қазақ» журналының 

жауапты хатшысы, 1924 

жылдан бастап «Еңбекші 

қазақ»  газетінде  редактор,  Семей  облыстық  «екпінді»  газетінің  жауапты  хатшысы,  

республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»)  газетінің қызметкері, 

Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болған. Сол тұстарда оның өлеңдері, фельетон-

дары,  әңгіме-очерктер  жиі  жарияланып  тұрған.  Қарымды  қаламгердің  шығармалары  тіл 

шұрайлылығымен ерекшеленетін. 

Аманғали Сегізбаев 1942 жылы  соғысқа аттанады. 1944 жылы Кенисберг қаласын жаудан 

азат ету үшін болған ұрыста ерлікпен қаза табады. Оның 1977 жылы «Жазушы» баспасынан 

«Дала жұлдыздары» атты  очерктер мен әңгімелер жинағы жарық көреді. 

 

Аманғали Сегізбаев туралы  сұхбатты  журналдың  20-21 беттерінен оқисыздар.



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Сен дер едім



Әнім қалса төгіліп елде менің,

Дәнім қалса себіліп жерде менің,

«Жүзеге асты арманың қалай?» – десе

Ата заңым, асырған сен дер едім!

Жүргізетін өмірдің дөңгелегін, 

Ата салты, дәстүрім – ең керегім. 

«Тіршілікке нәр берген кім?» – дегенде,

Ата заңым, қуатым сен дер едім!

Аға сөзін құптаймын, жөн көремін, 

Талай істі қапысыз меңгеремін. 

«Мұның бәрін үйрендің кімнен?» – десе,

Ата заңым,  үйреткен сен дер едім!

Өріс кеңіп, толса егер төлге жерім, 

Аққу жүзсе жұптасып көлде керім, 

Сұлулықты ғажайып тұрған сақтап, 

Ата заңым, қорғаным сен дер едім!

Сары алтындай жарқырап белдегі егін, 

Шалқып жатса ырысым жерде менің, 

Қасиетті бастауы қазынамның,

Ата заңым, әрине, сен дер едім!

Әлдилесе  мәңгілік жер бөбегін, 

Той-думанды әлі де  көрмек елім. 

Тыныштықтың бесігін тербететін, 

Ата заңым,  киелім сен дер едім!



 

Ақылбек Шаяхмет

МЕНШІК ИЕСІ:

Ахмет Байтұрсынов

атындағы

Қостанай мемлекеттік

университеті

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Кенжеғали САҒАДИЕВ (төраға)

Төлен ӘБДІКОВ

Хұсайын УӘЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Асқар НӘМЕТОВ (төраға)

Амангелді ШӨРЕНТАЕВ

Медиа-студия меңгерушісі

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА

шығарушы редактор

Роза КӨБЖАНОВА

менеджер-дизайнер

Гүлнұр КӘКІМБЕК

бас маман

Журнал ҚР Мәдениет,

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы

18 қарашада тіркеліп,

3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір шығады.

Редакцияға келіп түскен

хаттар әдеби өңделеді,

қысқартылады,

ойы сақталып түзетіледі.

Көлемі үш компьютерлік

беттен асқан материалдар

қабылданбайды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ, ҒЫЛЫМИ - ТАНЫМДЫҚ, ƏДЕБИ-КӨРКЕМ ЖУРНАЛ 

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

4(77) шілде-тамыз 2015 жыл  

C

M



Y

K

(Басы 2-3 санда)

– Мама, сол жақта жарыс болады, оқудан ғой, білімнен. 

Тілеген  ағай  өзі  апарады.  Біздің  сыныптан  бес  бала 

барамыз бір топ болып. Мама, енді жіберіңізші, бәрі бара 

жатыр ғой.

– Қандай бес бала? Оларды мамалары жіберіп жатыр 

ма екен?


– Иә, анашым. Ақжан, Ғани, Жасұлан, Айнұр сосын мен, 

бесеуміз.

– Төбеден жай түскендей болды ғой, балам?!

  Барсаң  барып  қайт,  балам.  Бірақ  мен  ағайыңнан 

сұраймын, өзіміздің Тілеген ғой, қарап қой деп тапсырармын. 

– Рахмет, анашым! Сізге сыйлық әкеп беретін боламын!

– Балам, өзің аман-есен келсең болғаны маған, – деп, 

анам  маңдайымнан  сүйді.  Анашым  бір  жаққа  кетер  де 

ғана  сүйеді  мені.  Өзі  ұл  балалар  ұяңбыз  ғой.  Анамызға 

шын жақсы көретінімізді айтуға қысыламыз ба, ұяламыз 

ба, сондай бір жаман қасиетіміз бар. Әйтпесе, ана, шіркін, 

сенің орныңды басар жан жоқ ғаламда. Кейде бір мұңайған 

сәттерде  есіме  анашымды  аламын.  Бар  жұбанышым  – 

анашым. Әкем бізді тастап кеткенде мен екі жасар едім. 

Сол себептен отбасымда екі-ақ адам, анам екеуміз. Бар 

қуанышты  екеуміз  ғана,  тіпті  қайғыны  да  анаммен  тең 

бөлетінбіз. Адам болып ер жетуім де ана бір сен үшін еді, 

өзіңді  бақытты  етіп,  мен  үшін  қиналған  күндердің,  ауыр 

кезеңдердің жүгін өзің жалғыз көтеріп төзе білген сәттерің 

үшін  өзімнің  жетістігіммен  марапаттағым  келеді  сені, 

анашым! Күт, анашым, ол күндерде алыс емес!

Анамның  келісімін  алып,  келесі  күні  сабаққа  келдім. 

Тілеген  ағайға  ата-аналарымыздың  жауабын  айтып,  бір 

қуантып тастадық. Ағай:

– Тіпті жақсы болды. Онда бүгіннен бастап дайындықты 

бастаймыз. Сабақтан кейін жылдамырақ үйлеріңе барып, 

түскі астарыңды ішіп, сағат үшке таман мектептің концерттік 

залында жиналыңдар, жарай ма? – деді. Біз бәріміз бірге 

бас изеп келісіп «жақсы, ағай» деумен тарқастық.

Сабақтан  соң  үйге  келіп,  асығыс  жүріп  кішкене  дәм 

ауыз тиісімен, мектепке қарай жүгірдім. Дәлме-дәл ағай 

айтқан уақытпен тура келдім. Бірінші күнгі дайындықтан 

қалып қойсам ұят болар деп өзіме ақыл айтумен болдым. 

Сонымен  алғашқы  дайындық  та  басталып  кетті.  Сайыс 

ережесі бойынша топты, өңірді таныстыру екен, алдымен 

содан бастадық. Өзімше түрлі таныстырулар дайындап, 

бірнеше керемет нұсқасын ұсынып, ерекшеліктер енгізіп, 

қызу дайындалдық. Көптеген шаруалармен  айналысып, 

уақытты  тиімді  пайдалана  білдік.  Бос  отырған  адам 

қалмады.  Бәріміз  де  әйтеуір  бір  жұмыспен  әлек  болып, 

тыным таппай еңбек еттік. Сөйтіп жүріп, уақыттың зымырап 

өте шыққанын да аңғармадық. Қас қарайып, кеш те батып 

қалған екен. Күн қызарып қызу тіршілікпен қош айтысып 

барады. Тілеген ағай сол арада сағатына қарап:

– Бүгінге осы жетер, балалар. Ертеңге әр кім өздеріне 

берілген  тапсырманы  орындап,  сөздеріңді  жаттап 

келсеңдер жақсы болады, – деп, шығарып салды. 

Сырт  киімімізді  киіп,  заттарымызды    алып  шықсақ, 

дала тас қараңғы. Ал біздің мектеп шағын орман іспетті 

қарағайлардың  ортасында  орналасқан.  Қараңғыда 

жалғыз адам жүріп өтуге шамасы жетпестей қорқыныш 

ұялататын көрініс. Құзғын қарға, шау қарғалар қаңқылдап 

маза  берер  емес.  Арамыздағы  екі  қызды  жалғыз 

жібермесіміз  анық.  Шығарып  салып  қайтып  келу  үшін 

де  біраз  батырлық  керек.    Нәп-нәзік  үлбіреген  жас 

сұлулардың қараңғыдан қорқатыны түрінен байқалды. 

Сыртқа  шығып  сәл  кідіріп  қалғанымыз  сол-ақ  еді, 

Жасұлан өзімен бір көшеде тұратын Айнұрды қолтықтай 

алып, бізбен қоштасып қап-қара түнекке кіріп жоқ болып 

кетті. Сырттарынан қарасаң  кім-кімді шығарып салып 

барады  екен  деп  қаласың?  Жасұлан  біреуге  зиянын 

тигізер бала емес. Денесі де шағын, бойы да аласа, өзі 

пысық  бала.  Көңілі  ашық,  ешкімді  ренжітпейтін.  Сол 

түріне қарап бірінші болып Айнұрға жабыса кетуі де сол 

шығар. Сөйтіп екеуі үйлеріне кетті. Соңдарынан қарап, 

үшеуміз қалдық. Ғани сәл күрсінді де, лезде:

– Жақсы, досым, мен кеттім. Үйге барып демалайын. 

Мен  ләм-мим  деп  үлгермедім,  ол  тез  жүгіріп  кетті. 

«Мұнысы  несі?»  дедім  Ғанидың.  Екеуміз  бір  көшеде 

тұратын  едік.  Жақсы  қалағаның  болсын  деп,  асықпай 

жүре  бергенім  сол  еді,  артымнан  бір  дауыс  «сау  бол, 

Ержан» деді. Қарасам Ақжан екен. Қолын бұлғап кетіп бара 

жатыр. Дала болса түн болып қалды. Мектеп алдындағы 

жарықтың  тасасынан  шығып,  қараңғыға  еніп  барады. 

Ғанидың  тездетіп  кетіп  қалғанын  енді  түсінгендеймін. 

Маған  Ақжанды шығарып салсын дегені ғой. Ақжанға көңілі 

бар  деп  ойлап  жүр,  шамасы,  достым.  Жарар,  шығарып 

салайын, қыз бала ғой, бәлкім қорқып бара жатқан болар.  

Дереу «Ақжан!» деп айғайлап, соңынан жүгірдім. Ол жалт 

бұрылды:


– Жүр үйіңе жеткізіп салайын, кеш батып қалды ғой, – 

дедім, ол қуанғаны түрінен байқалып, жүзінен жылу шашып, 

күлімсіреп:

Жақсы болар еді,– деді. 

Екеуміз  қатарласа  жүріп  келеміз.  Үйі  де  мектептен 

алыс емес-тін. Арамыздағы үнсіздікті бұзып кішкене әңгіме 

бастадым.

– Көше толы қабаған иттер, түрлі бұзақылар көп. Тиісіп 

мазаңды алар дедім. Әйтпесе, жігітің алыста ғой. 

– Жігітім жоқ менің, – деді ол. 

– Өткендегі Мұрат кім? Бекерден-бекер жазбадың ғой 

параққа есімін... 

– Ол жай, мән бермей-ақ қой.

– Дұрыс-ақ, менікі әзіл. Әңгіме болсын деп. 

–  Сен  біреуді  ұнатып  жүрсің  бе?–  деді,  Ақжан.  Мен 

кібіртіктеп қалып:

–  Жоқ,  сірә,  жақын  арада  ешкімді  ұната  қоймайтын 

сияқтымын, – дедім, ол да қызығушылық білдіріп, бірден 

«Неге?»  деп  сұрады.  –  Сен  жаралап  кеткен  жүрегім  әлі 

жаралы емес пе, білмейсің бе? – деп күлдім. Ол да:

–  Ол  кезде  кішкентай  едік,  махаббаттың  не  екенін 

білмейміз,  жүрегіңді  қайтып  жаралайтынын.  Сол  күндер 

келсе қайтадан, – деді, Ақжан күрсіне дем алып. 

– Бәлкім, келер... 

Тағы да үнсіздік орнап, ақылымызбен мылқау тілдесіп 

келеміз. Сол қалыппен біраз жүріп, Ақжанның үйіне де жетіп 

қалдық. Ауласында жарық жанып тұр, үйіндегілері Ақжанды 

күтіп отыр, шамасы. Көп ұстап үй-ішін алаңдатпайын деп 

қысқа қоштастым. Әйтпесе, Ақжан бастаған өткен күннің 

әңгімесі менің де ішіме жылу сыйлап, ұнағандай болды. 

Тағы да қозғап, сол жайлы айта бергім келді ерекше. Бірак, 

болашақта бір жөні болар деген ниетпен киінге қалдыруға 

бел будым. 

– Жақсы, Ақжан. Әрі бармай-ақ қояйын, ата-анаң көрсе 

дұрыс түсінбей қалар. Ертең кездесеміз ғой.

– Рахмет саған, Ержан. Тоңып қаласың,сен де тезірек 

үйіңе  бар,  –  деп,  жаны  ашығанын  білдірді.  Сөздерінен 

қамқорлық байқалып, ерекше күйге қалдырып қоя бердім. 

Жаныма жақсылық тілеп тұрғаны өзіне баурап, бұл әлемде 

Ақжаннан басқа адам мені ойламайтындай көрінді. Осы 

бір сөзі маза бермей, «мені ойлайды ма екен, маған жаны 

ашиды ма екен?» – деп, өзіме іштей сұрақтар қоюмен, үйіме 

қалай жеткенімді аңғармай қалдым.

 

 



 

Кенже ОРАЛҰЛЫ

Мөлдір махаббат



Әңгіме

Жас қалам

34


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Қазақ  халқында  бұрын  қыз  баланың  кісі 



босағасынан аттамай тұрып, оң жақта отырғанда  

жүкті  болуы  өрескел  ұят  саналатын.  Бүгінде  бұл 

әрекет қалыпты тірлікке айналып бара жатқандай. 

Өзінің ардан  аттағанына ешкім де қымсынбайтын 

болды. Себебі, өзге  елдерден, соның ішінде  рухани 

жадауланған Батыс  елдерінен «көрген-түйгеніміз» 

мол.

 «Жалғызбасты ана» тақырыбы қоғам дамуының 



бұрынғы    кезеңдерінде      жалпақ  жұртқа  жария 

етілмей, ұдайы бүркемеленіп келгені белгілі. Тіпті, 

бұл  мәселе  қазірде  айтылса  да,  көп  тереңдей 

бермейді,  айтылады  да  қояды.      Мұның  өзіндік 

себептері  де  болуы  мүмкін.  Бір  жағынан,  не-

кеден  тыс  бала  тапқан  бойжеткеннің  ар-ұятын 

ойлағандық  па,  әлде  оның  «әулеттің  сүйегіне 

таңба  салғанын»  елге  жария  еткісі  келмегендік 

пе,  әйтеуір,  үлкендер  жағы  осы  мәселені  жауып 

қоя салғанды жөн көретін сияқты. Сонымен қатар 

қоғамдағы  осы  көрініске    жұрттың  «еті  өліп»  те 

бара жатқандай. Содан да болар, олардың жал-

пы саны қанша екені жөнінде еш жерден мәлімет 

таба алмайсың.

Бұл  ұғымының  мағынасы  жалқы  емес:  жесір 

қалған, күйеуінен ажырасқан және оң жақта отырып  

«өзі үшін» бала тапқан жалғызбасты аналар болып 

бөлінеді. Дүниеге келген бейкүнә сәбидің тағдырына 

ешкімнің  аяушылық  танытпағаны  таңғалдырады. 

Бір жағынан, кейбіріміз  бауыр еті баласын қоқысқа 

тастап,  не  сырт  елге  сатып  жүрген  «аналардан» 

гөрі, әкесіз бала тауып, оны «өзім жетілдірем» деп 

«ерлік» істеген аналардың тірлігін де құптасақ бо-

лады. Мүмкін біреулердің бұған қарсы айтар уәжі 

де болуы мүмкін. Әркімнің өз пікірі, өз айтар ойы 

бар.  Десек  те,  дүниеге  келген  сәбиге  тек  анасы 

тарапынан  берілген  біржақты  тәрбие  жеткіліксіз. 

Әке тәрбиесін көрмеген баланың өз құрдастарына 

қарағанда  өзгеше,  өз-өзіне  деген  сенімділік, 

табандылық,  таңдау  қабілеттері  төмендеу    бола-

тынын педагогика ғылымы да дәлелдейді.  Соған 

қарамастан, қоғамда осы жолды таңдаған аналар 

көп,  тіпті,  әлі  де  бола  беретініне  шәк  келтіруге 

болмайды.

«Бала  ата-  ананың,  үлкендердің  өзіне  жасаған 

әлімжеттілігін  шарасыз,  әрқашан  кешіреді,  одан 

басқа  сәбидің қолынан келер ештеңе жоқ» деген еді 

бір таныс апай. Әкесі еркелетіп көтеріп бара жатқан 

қатарласына  ұрлана  қарап  тұрған  әкесіз  сәбидің  

астан-кестең болған жан дүниесін кім түсіне алады? 

Анасы  ақшасы  көп  жақсы  жұмыста,  лауазымдық 

қызметте істейді. Әкесіз жалғыз баласы ештеңеден 

мұқтаж  емес.  Бірақ  жасауы  жайнап  тұрған  үйдің 

қабырғасы  балаға  әке  мейірімі  жетпегендіктен 

суық, әке айбыны болмағандықтан  жасық көрінетін 

шығар, бәлкім.  Мен танитын бір қыздың ата-анасы 

студент  кезде    кездейсоқ  кездесуден    анасының 

аяғы  ауырлап,  үйленгенімен,  мінездері  келіспей 

ажырасып кетіпті. Анасы қызына әкесін көрсетпейді, 

әкесіне де қызын көруге рұқсат етпейді. Қызын үлде 

мен бүлдеге орап өсірді, бетінен қаққан жоқ, ылғи 

шетелдің киімдерін киіп, қатарынан ерекше киініп 

өсті. Сол қыздың  тағдыры да қатарынан «ерекше» 

болды. Жалғыз қыз біріншіден шолжаң, ешнәрсенің 

қадіріне жетпейтін, анасының еңбегін бағаламайтын 

болып  бойжетті.  Өскен соң анасының табанына 

тас  қойып,  әкесін  таптырып  алды.  Анасына  ашу-

ланса әкесіне тартып отыратынды шығарды. Бірақ  

әкесіне де сіңісіп кеткен жоқ,  онымен де  шаранасы  

келіспеді.  Өйткені  бала  кезінен  мейірімін  көрмей 

өскен  әке  «қызым»  деп  қарсы  алғанымен  оған 

салқын болды,  қызының да  оған еркелегені «Түйе 

үстінен сирақ үйткендей» епетейсіз, жараспайтын.  

Әке  мен  қыз  қанша  талпынса  да,  тігісін  жатқыза 

алмаған  киімдей,  бір  ортақ  шынайылыққа  жете 

алмай-ақ қойды. Кейін қызы да оған  баруды сиретті, 

әкенің іздегені де шамалы болатын. Анасына да кінә 

арта    беретін.    Сол  қыздың  мінезі  қанша  шәлкес 

болғанымен мен сырттай оның осындай  тағдырын 

аяйтынмын. 

Өмірде мұндай тағдырлар өте көп. Анасы «өзі 

үшін» туған балаға дұрыс тәрбие берсе жақсы, ал 

бере алмаса әке тәрбиесінің орны ойсырап тұратын 

жағдайлар  да    кездеседі.  Қайткенде  де  әкесіз 

өскен баланың іші жара болары, оның жазылуы да 

екіталай екені бар. Осыны әркім түсінетін секілді, 

бірақ оған қарап жатқан ешкім жоқ. Тамырымыздан 

босап бара жатырмыз ба деген ой әркімді мазаласа 

екен.  Дәстүр-салты  берік  емес  ұлттар  жаһандану 

кезінде өзгелерге жұтылып кетеді дегенді  саясат-

керлер де, тарихшылар да көп айтады. Қыздың оң 

жақта отырып бала таппайтыны қазақтың халықтық 

педагогикасының басы болатын. 

Жұпар ҚОЖАХМЕТОВА,

ҚМУ ГӘФ журналистика

 мамандығының 2 курс студенті

Некесіз бала, жалғызбасты ана

33

Ой-таразы



C

M

Y



K

Озық қатарға ұмтылған елдің Ұлт жоспары

Дамуға даңғыл жол салатын 100 қадам

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Нұр  Отан» 

партиясының  сессиясында  өзінің    сайлауалды 

бағдарламасы ретінде 5 реформаны жариялаған 

болатын.  Оның  біріншісі  –  мемлекеттік  қызмет 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет