Киіз үйдің кей сырлары
Қара шаңырақ, киіз туырлық, Жиреншенің күркесі, Абылайдың қара қосы-әркімнің өз баспанасы. Тіршіліктің мән-мағынасы да, сән-салтанаты да, халықтын жөн-жоралғы, әдет-ғұрып, дәстүр-салтының үлгі-өнегесі сол аядай киіз үйдің шеңберіне толық сиысқандығы қызық. Өкініштісі ананың-мынаның озығы мысты үлгі етіп, ұлттық мұрамызды менсінбей барамыз. Наурыз мейрамында киіз үйдің шаңырағын жалға алып көтеріп жүрміз. Бара-бара киіз үйдің кажеті болар дейсің бе?
Облыстағы «Дарынды қыз балаларга арналған қазақ-түрік лицей интернатында» наурыз мейрамын тойладық. Әр сынып өз үйлерінің ішін сәндеп, салт-дәстүрдің үлгісінен, халқымыздын ізгілік іс, ырым-жоралғысынан көрсетуі керек екен. Әділ қазылардан ұпай
жинап, жүлде де алмақшы. Құсын көтеріп, құмай тазысын жетектеп, арасында атқа мінгізіп тамашалатқанына қыздарымыз мәз. Ақсақалдар, әжелер, немере-шөберелер он киіз үйдің сырты адамға толы.
Киіз үйді үлкен және кіші шеңбердің қосындысына ұқсастырып ұғынуға болады. Үлкен шеңбері жердегі жұрты. Бұл екі ұғымды ашалауымның да өзіндік себебі бар. Қазақта тұрмыстық, әлеуметтік, дәстүр салттық ұғым көрсеткіштер шаңырақпен есептелген. Мал өрісі, ата мекен қонысы, үйдің іргесі сыйған жүртын ұрпағы сыйлап өткен. Көшкен жұртын
жамандамайды. Жұртына иелік ету арқылы жерді игеріп, малын аялап өргізетін қонысын құтты мекені санаған. Жері мен елін сүю арқылы отанын қорғап келген. Ел жұрт, қайын жұрт, ата жұрт, нағашы жұрт сөзінің төркіні де осы үйдің орнында жатса керек. Қарапайым сөзбен
айтсақ көк пен жерді қатынастырып тұрған жекелеген кеңістікте адам баласының өмірге келіп, ұрпақ жалғап, тіршілік етіп, о дүниеге аттандырып салатын орнын шаңырақ деп түсінуге болады. Зәулім сәулетті сарайлар жерден де, көктен де оқшау қабатталып, аспан әлемінің
жарығын қабырғасынан алатынын мойындарсыз. Киіз үйдің ең негізгі ерекшелігі аспан мен жерге тең қатынап тұратындығы. Есіктен сәл аласарып бас сұғып, табалдырықты баспай аттап, ақ пен қараны ойыстырған киелі төсенішті аялап басып, отты айланбай үйден шығатын
тәртіпті жүгіртіп жүрген қыздарымыз ескеріп қайтсін. Киіз үйде ұйықтап көрсе ғой шіркін! Аспаннан ауа жұтып кең тыныстайтындықтан сарайы ашылып, көкірегі кеңігендей әсер алар еді.
Тағы бір ерекше қыры қалаған жеріне жұртын ауыстыратын мүмкіндікке ие болатындығы. Көшпенді шаруашылық, адам баласына табиғаттың өзгертілмес өзіндік заңдылығын түсінуге таптырмас мүмкіндік берді. Баспанасын соған үйлестіре білді. «Үйдің сәнді болуы ағашынан» деп бекер айтылмаған болар. Ағаштың сәнін де, берік бекемдігін де үйшінің шеберлігі шешкен. Жымын жасырып, қисығын түзейтін шеберлерді «үй ағашшы» дейді. Үй ағашшы тоғайдан ағашын өзі таңдап, қалағанын ғана кеседі. Қазақ: «Атаңнан қоралы мал қалғанша, түп тал қалсын!»- деген де, үйінің жайын ойламады деймісің? Тал ағашы қоламтаға шала пісірілген соң, иілуге келетінін пайдаланып үй ағашты жасайтын технология жеке әңгіме. Тал шытынап жарылатындықтан қайтадан түзетуге келеді. Өте қисайған уықты қайта тезге салып кереге жасайды. Бұрындары босағаның екі жақ таянышын көлденең түзу ағашпен қосып, сырып сәндеген оюлы қос киіз есікпен жабушы еді. Сыртын түріп қойып, ішкі қосымша жеңіл қабатын кірген-шыққанға пайдаланатынды. Бүгінгі кеңселердегі қабат есік мүмкін сол әуелгі үлгіден алынуы ғажап смес. Есіктін төменгі жағын табалдырық, үстін маңдайша, екі жақтауын таяныш дейді. Мандайша сәл шіліп еңкеюге, табалдырық оң аяқпен
аттағанда бүгіліп кішілік етуге еріксіз бейімдейді. Есіктің керегеге косылатын екі жақтауын босаға деп атап, киелі санаған. Үйдің дөнгеленген пішіміне икемделіп жазылып, жиылатын қабырға кереге. Кереге ағашының биіктігін тұрақты бір өлшеммен тесіп көздеп, келесісіне сол тесіктер арқылы қосады. Көбінде түйенің шылғи терісін пайдаланған «алтын, күмістен артық көк шеге» көпке мәлім. Көктестің арасы сынық сүйем (тор көзді), карыс (желі көзді) екі түрлі.
Сол екеуінің ортасында шеберлер өз таңдауын жасайды. Өбісіп қосылатын 13-15 басты бір қанат кереге. Келесі керегеге екі мен үш көкпен қосылатын қысқа жақтауын «сағанақ» деп атайды. Сағанақты түйе кимелеп сындырса - қатыннын олақтығы, көште сөгілген сағанақ
жұртта көктелмесе - еркектің салақтығы. Мүндай жаман атқа қалмас үшін алты қанат керегенің аяғына кереге қапты оюлап сырып, көшкенде сағанағын сынудан сақтаса, еруде жылына бір рет алғашқы қой төлдегенде өрісте туған қозыны салып ырымын жасайтындықтан «кереге қап», «кере қап» атауы бүгінге сақталған болар, мүмкін. Үй иесі таспасын дайындап алып, көшетін күні саптамасының қонышына жүгірте салатынды. Қонған жұртта сөгілген көкті көктей қояды. Пысық келіндер уық баудың сүзілгенін жаңаға айырбастаса, әжелер бүгежектеп аяқ бауды ұзартып, белдеу арқаннын ұшын шуда жіппен ұштай салады. Қысқасы жеңіл-желпі
болжаусыз жөндеуді қалт жібермейтінді. Кереге дөңгеленді. Өзара сырыған құр баумен таңылғандықтан таңғыш атандырды. Басқұр арқанмен айналдыра оң жақ таяныштың ішінен қоса алып, шеңбердің қалпын ұстап байлайды. Шанырақ пен қосылмаса үй аталу мүмкін емес.
Шаныраққа қайын, терек сияқты талдан жуан ағашты таңдаған. Беріктік, жеңілдік, шілгіштік қасиеттерін ескерген. Ежелгі қазақтың ұғымында «қара бастың қамы», «ер қарасы» деген тіркестердін мағынасында «шаңырақтың несі» деген ұғым тұрғандай.
Әдеби жанрларда «қарақорым», танымдық түсінік топ адамның шоғырын белгілеген. Үйде арулаған мәйітті басымен айландырып шығарған. Ол шаңырақты «қаралы» атандырып, үш күн дән кіргізбеген.
Көшпенді қазақтың салтанатында ақ ордасы он екі қанатқа дейін дөнгеленіп, шаңырағын атпен көтеріп, уығын тайпалтқан жорғамен ілетін суреттеулер бары рас. Бүгінгілер темірден иіп, кранмен көтерісіп жүргені тұрмыстық кәдеге жарату да емес, көрмеде мақтануда ғана.
Үйдің ауа алмасу көлемі шаңырақтың көзінің санына тәуелді болғандықтан «шаңырақ көтеру» -деген шығар. Қазіргі үйді бұзу сөзіне төбе құйқаң шымырлайды. Бұзбаса орны ауыспайтып үйдегілерді қалай сөкеттерсің. Киіз үйдегі әулеттің үрпақ өрбіткен алтын босаға, киелі төр, қаймақты қазанын келер ұрпақтың түсінуі оңайға соқпас.
Өркениеттілік делінген заманғы баспанамыздын құрылыс архитектурасымен ойласақ үйдің фундаменті де, бөлменің саны да, жарықтың мөлшері де, жылытудың күш қуаты да кіші шеңбердің диаметрінің мөлшеріне ғана тіреліп тұрғанын көруге болады. Шеңбердің диаметрін қосқан төрт ағаш күлдіреуіштің ұзындығы, үйдің түңілдігін жоғарыға көтеріп, көкпен тікелей байланысып түр. Сондай-ақ күлдіреуіштің төрт саласын, құрсақтағы сәбиді анасына байлап
тұрған кіндіктің тамырымен ұқсастырған ұлылардың танымдық түсінігі де бар. Түңлікті ашып, түтінін өрге ұшыратын ананың орны да ерекше. Халық арасында бір елді бір шаңырақтың анасы бастаған даналық та аз айтылмаған.
Шаңырақтың әр бір көзін керегенің басына қосатын - уық. Қазақ үйдің уығы имек қарынды келетіндіктен, берік баумен керегеге байланатын болған. Қарынның иіні үйдің еңсесін биіктетіп, желді айналдырып, үй ішінің ауасын алмастырып тұруға ыңғайлы. Әдетте уықтың қарнын өбістіріп жауып тұратын үзік пен туырдықтың арасын киелі орынға балаған. Адамның назарын аударту үшін үзіктің қасын ак пен қараны ойыстырып сәндеудің бір сыры сонда болса керек. Киіз үйдің ішіндегі тұрмысқа қажетті заттарды талдап түсіндіру шағын әңгіменің шеңберіне сиыспайтыны белгілі. Жабынды, жиһаз, сәндік бұйым әр қайсысының өзіндік ырым-жоралғы, тыйым ұғымдарының жеке - жеке мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |