АННОТАЦИЯ «М.Мыңқаев атындағы №10 жалпы білім беретін мектебінің» 9-сынып оқушысы Тыныштықбай Ақжарқынның «Киіз үй ғаламның моделі» тақырыбындағы ғылыми жобасы
Еліміз егемендігін алғаннан бері уақытта тарихымызға, мәдениетімізге деген халқымыздың қызығушылығы арта түскені белгілі. Сол мәдени мұраларымыздың бірі – киіз үйдің көшпелі халқымыздың өмірінен алатын орны, жасалу технологиясы, киіз үйдің бөліктері, оны түрлері туралы түсініктер жұмыстың құндылығы болып табылуда. Бұл жұмыстың мақсаты киіз үйдің ата-бабаларымыздың өмірінде алатын орны түрлі пікірлерді келтіре отырып бүгінгі ұрпақтың бойына мәдени мұраларға деген көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымбат мұралардың бірі – киіз үйді сол кездегі ата-бабаларымыз сияқты қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ олардың бойына рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптастыруға болады.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: - Киіз үй туралы тәлімдік, тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды;
- Киіз үйдің ата-бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету;
- Киіз үйдің бөліктері мен түрлері жайында түсінік берілді:
Жұмыстың орындалу әдістері: Тарихи деректермен танысу, оларды жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау.