Инерциалық санақ жүйесінде дененің үдеуі басқа денелердің әсеріне негізделген. Осындай әсердің өлшемі ретінде арнайы физикалық шама — күш (F) қолданылады.
Денеге басқа денелер тарапынан әсер ететін Күш деп, дене массасы мен оның инерциалық санақ жүйесімен салыстырғандағы алатын үдеуінің көбейтіндісін атайды: