Кинематика непздері



Дата21.05.2023
өлшемі16,72 Kb.
#95641

  1. КИНЕМАТИКА НЕПЗДЕРІ

1 ЕСЕП . 1.8 Ұзындығы 4 км-ге созылған автокөліктердің тізбегі 108 км/сағ жылдамдықпен қозғалып бара жатса. Тізбектің басқарушысы мотоциклмен тізбектің басынан шығып, артына барады да, қайтадан басына оралады. Егер мотоциклдың жылдамдығы бір қалыпты 162 км/сағ болса, онда ол қанша жол жүрген, оған қанша уақыт жұмсаған?

2 ЕСЕП . 1.26 Бірінші дене 39,2 м биіктіктен құлайды. 2 с уақыт өткенде екінші дене құлайды. Осы екі дене жерге бір мезетте жетіп құлаған болса, екінші дене қандай биіктіктен құлағанын анықтаңыз?

3 ЕСЕП. 1.40 Айналып тұрған дөңгелектің бұрылу бұрышының уақытқа төуелділігі ф(t) = 4 + 5t – t^3 теңдеуі арқылы берілген. Айнала бастағаннан соң 4 с өткендегі бұрыштық және сызықтық жылдамдығын, толық, үдеуін (ең шеткі нүктелері үшін) табыңыздар. Дөңгелектің радиусы 8 см.

2. ДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІ

4 ЕСЕП. 2.18 Массалары 7 кг жөне 3 кг екі жүк ұзын жіппен өзара қосақталып салмақсыз білік арқылы асыра тасталған. Жүктердің үдеуін және жіптің керілу күшін анықтаңыз. Біліктің үйкелісі ескерілмейді.

5 ЕСЕП. 2.35 Конькиші 0,01 км/с жылдамдықпен мүзға 60° көлбей сырғанаған болса, онда ол радиусы қандай шеңбер бойынша қозғалғанын табыңыз?

6 Есеп . 2.56 Жазық беттегі рельске орналасқан үзындығы 6 м, массасы 240 кг арбаның үстіне түрған бала , арбаның бас жағынан аяқ жағына қарай орын ауыстырғанда арба қанша қашықтыққа қозғалатынын анықтаңыз. Баланың массасы 60 кг.

7 ЕСЕП. 2.61 36 м/с жылдамдықпен лақтырылған граната ауада массалары 10 жөне 5 кг бөлшекке бөлініп кетеді. Үлкен бөлшегі бастапқы бағытын өзгертпейді, бір-ақ жылдамдығы артып, 30 м/с болады. Кіші бөлшегінің жылдамдығын және қозғалыс бағытын анықтаңыз.


3. ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫС,ЭНЕРГИЯНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

8 Есеп. 3.4 Домкратгың сабының үзындығы 0,5 м, бұрандасының қадамы 5 мм, п.ө.к-і 65 %. Егер сабын 155 Н күшпен айналдырса, домкратгың өндіретін күші неге тең?

9 Есеп. 3.20 Массасы m дене биікгігі һ таудан сырғанап түседі. Осы денені тауға көтеріп шығару үшін қанша жұмыс атқару қажет екенін анықтаңыз.
10 Есеп. 3.29 Массасы 1 т автомобиль моторын сөндіргеннен кейін көлбеу жолмен еңкейіске қарай 20 м/с жылдамдықпен бір қалыпты қозғалады. Автомобиль осы жолмен және дәл сондай жылдамдықпен өрге қарай қайта қайту үшін онын двигателі қандай куат өндіретіндігін анықтаңыз.
11 Есеп 3.6 Массасы 0,6 т зеңбірек, массасы 0,006 т оқты 600 м/с бастапқы жылдамдықпен горизонтал бағыт бойынша атады. Оқ атылған кезде зеңбіректің стволы 40 см кері серпиді. Зеңбіректі кері серпу күшін бәсеңдететін қондырғының орташа тежеу күшін анықтаңыз.

4. СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАР МЕХАНИКАСЫ


12 Есеп. 4.8 Сынап құйылған U - пішіндес ыдыстың бір саласынын диаметрі келесі саласынан сегіз есе артық. Жіңішке саласына 1520 мм су құйғанда, ондағы сынаптың деңгейі қанша төмендеп, ал жуан саласындағы деңгейі қанша көтерілетінін анықтаңыз. Дәл сондай су бағанасын жуан саласына қүйғанда жіңішке саласындағы сынап деңгейі қанша биіктікке көтеріледі? Сынап тығыздығы 13600 кг/м ^3, су тығыздығы 1000 кг/м^3.

13 Есеп. 4.17 Ыдыстағы судың бетінен һ = 200 мм төмендегі тесіктен ағып шыққан судың жылдамдығын анықтаңыз.

14 Есеп. 4.2 Дененің ауадағы салмағы,судағы салмағына салыстырғанда 5 есе кіші. Дененің тығыздығы неге тең?

5. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЕОРИЯНЫҢ НЕПЗДЕРІ


15 ЕСЕП . 5.3 Дененің салыстырмалы жылдамдығының қандай мәнінде қозғалыстағы дененің ұзындығының релятивтік қысқаруы 45% болатындығын анықтаңыз.
16 Есеп. 5.7 Қандай жылдамдықпен қозғалған электронның массасы , тыныштықтағы массасынан 4 есе артық болады?
17 Есеп. 5.11 Бөгде планеталық ғарышкер 0.7768С жылдамдықпен ұшатын кемемен біздің Жерге 9 жылда келіп жеткен болса, оның келген Жұлдызының қашықтығын анықтаңыз.

6. ТЕРБЕЛМЕЛІ Қ03ҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ТОЛҚЫНДАР

18 Есеп. 6.2 Амплитудасы 70 мм периоды 6 с , бастапқы фазасы П/2 рад гармониялық тербелістің тендеуін жазыңыз. Тербелістің ауытқуының, жылдамдығының және үдеуінің уақытқа тәуелділігінің графигін сызыңыз.

19 Есеп. 6.26 Математикалық маятниктің өшуінің логарифмдік декременті 0,6 -ге тең. Маятник толық бір тербеліс жасағанда тербелісінін амплитудасы неше есе кемиді?


20 Есеп . 6.14 Математикалық, маятниктің массасы 200000 мг , үзындығы 2000 мм. Егер оны тепе - тендік күйінен 15° - қа ауытқытсақ, онда онын тербеліс периоды және энергиясы неге тең болатынын анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет