Кірісп е Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Гуго Гроций (1583–1645 жж.)



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#6147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Гуго Гроций (1583–1645 жж.) – голландиялық белгілі 
заңгер  және  саяси  ойшыл,  мемлекет  пен  құқық  туралы 

55
8-тарау. XVII ғасырдағы Голландияның саяси ілімдері 
ерте буржуазиялық ілім мен жаңа замандағы табиғи жә-
не  халықаралық  құқықтың  рационалды  доктринасының 
негізін қалаушылардың бірі.
Г.  Гроций  мемлекет  пен  құқық  теориясы,  тарихы, 
соғыс  пен  бейбітшілік  мәселелері,  халықаралық,  табиғи, 
канондық  құқық  мәселесі,  жалпы  тарих,  этнография, 
антикалық  әдебиет  және  мәдениет  туралы  90-ға  жуық 
еңбектер жазған. Оның негізгі еңбегі – «Соғыс пен бейбіт-
шілік құқығы туралы. Табиғи құқық пен халықтар құқы-
ғы, әрі қоғамдық құқықтың принциптері түсіндірілген үш 
кітап» (1625). Г. Гроцийдың саяси-құқықтық қөзқарастары 
оның  «Олжа  құқығы  туралы»,  «Батав  республикасының 
құрылымы  мен  көнелігі  туралы»,  «Голландия  құқығын 
үйренуге кіріспе» секілді еңбектерінде көрініс табады.
Ерте  буржуазияның  «құқықтық  дүниетанымының» 
өкілі  ретінде  Г.  Гроций  феодализмнен  капитализмге  өту 
дәуіріндегі  құқықтық-теориялық  негіздемеге  қызығушы-
лық  танытты.  Оның  қоғам,  мемлекет,  ішкі  және  сыртқы 
саясат  мәселелерін  құқықтық  көзқараста  қарастыруға 
ұмтылысы  саясат  туралы  ғылым  аясында  емес,  нақты 
құқықтану саласында көрінеді. 
Табиғи  құқық  концепциясының  негізінде  Г.  Гроций 
заң  саласының  нормативті  маңызды,  аксиоматикалық 
жүйесін  жасауға  тырысты,  олардың  жалпы  бастамасы 
мен  жағдайын  мемлекетшілік  және  мемлекетаралық 
мәселелерде қолдануға болатын еді.
Г. Гроций өзінің келісім концепциясында мемлекеттің 
құрылуы  мен  заңдарды  табиғи  құқықтың  логикалық 
жалғасы  екендігін  көрсеткісі  келді.  Келісім  міндеттерін 
сақтау табиғи құқықтан бастау алса, заңдар да сол қайнар 
көзден шығатыны даусыз. Кез келген қоғамдастыққа мүше 
болған немесе өзгеге бағынған, сөз берген адамдар келісім 
табиғатының  күшіне  сай  көпшіліктің  қалауын  немесе 
билікке ие адамның қалауын орындауға міндеттенді.

56
Саяси ілімдер тарихы
Г. Гроцийдың еңбектерінде заңның пайда болуы, оның 
табиғи жағдайдан «азаматтық қоғамға» өтуі көрсетіледі.
Карнеаданың  «шындық  пен  әділеттіліктің  анасы  –  ол 
пайда» деген утилитаристік тезисін сынай келе, Г. Гроций 
«өзгелермен  қатынасқа  итермелейтін  адам  табиғаты  – 
табиғи  құқықтың  анасы,  ал  заңның  анасы  –  ортақ  келі-
сімнен  туатын  жағдай  болып  табылады,  ал  соңғысы  өз 
күшін табиғи құқықтан алғандықтан, табиғат мемлекеттік 
заңның негізгі көзі болады» деп көрсетті.
Г.  Гроций  өзінің  «Соғыс  пен  бейбітшілік  құқығы 
туралы»  еңбегінде  халықаралық  құқықты  табиғи  құ-
қықтан бөліп қарастырады.
Құқық  пен  күш  қатынасы  мәселесі  –  бұл  Г.  Гроций 
концепциясындағы  табиғи  құқықтың  одан  шығатын 
еріктік  құқық  формаларымен  байланыс  мәселесі.  Адам 
табиғатына  тән  саналы  қарым-қатынас  және  табиғи  құ-
қықтан туатын әділеттілік пен пайда құқығының форма-
сы  Г.  Гроцийдың  іліміндегі  дедуктивті  жолмен  шығатын 
мемлекеттен көрініс табады. «Мемлекет, – деді Г. Гроций, 
–  ортақ  пайдамен  құқықты  сақтау  мақсатында  құрылған 
еркін адамдардың одағы».
Адамдардың  мемлекетке  дейінгі  кезеңін  Г.  Гроций 
«табиғи жағдай» деп сипаттады. Адамдарда бұл жағдай-
да жеке меншік болмады, олар «ұлы қарапайымдылықта 
және өзара төтенше қатынаста» болды, «ортақ мүлікпен» 
қолданды деп көрсетеді. Уақыт өте адамдар түрлі өнермен 
айналысты,  өзгеше  өмір  сүре  бастады,  алғашқы  ортақ 
мүлік қоғамынан жылжитын, әрі жылжымайтын мүлікті 
бөлісу қоғамына өту кезеңі орын алды. Адамдар арасында 
әділеттілік  пен  өзара  көмек  әлсіреді,  «нәтижесінде 
еңбекте  де,  өнімді  пайдалануда  да  теңдік  өз  деңгейінде 
сақталмады». Мұндай даму процесінің нәтижесінде жеке 
меншік пайда болды.
Г.  Гроцийдың  соғыс  пен  бейбітшілік  жөніндегі  ілімі-
не  бейбітшілік  бағыты  тән.  Бұл  орайда  оның  «соғыстар 

57
8-тарау. XVII ғасырдағы Голландияның саяси ілімдері 
бейбітшілік орнату үшін жүргізіледі» және «бейбітшілік 
соғыстың соңғы мақсаты» деген ойлары еске түседі.
Г.  Гроцийдың  халықаралық  қатынастағы  құқықтың 
жаңа  зайырлы  доктринасына  сіңірген  еңбегі  оның  «ха-
лықаралық құқық әкесі» деп аталуына себеп болды.
Жаңа  зайырлы  «заңнамалық  түсініктің»  теориялық 
негізделуіне  және  саяси-құқықтық  ойлардың  одан  әрі 
дамуына  Г.  Гроцийдың  табиғи  әрі  мемлекетшілік  құқық 
мемлекеттің  келісім  нәтижесінде  пайда  болуы  туралы 
ілімдері түрткі болды. 
Қоғамның,  мемлекеттің  және  құқықтың  жаңа  рацио-
налды  амалдары  голланд  философы  мен  саяси  ой-
шылы  Барух  (Бенедикт)  Спинозаның  (1632–1677  жж.) 
шығармашылығында көрініс тапты.
Оның  саяси-құқықтық  көзқарасы  «Құдайлық  –  саяси 
трактат»,  «Геометриялық  әдіспен  дәлелденген  этика», 
«Саяси трактат» атты еңбектерінде сипатталады.
Ол  табиғат  заңдарын  «табиғи  жарлықпен  ашылған 
Құдай шешімдері», яғни Құдайдың өзімен емес, адамның 
санасымен ашылғандар деп сипаттады.
Белгілі  күштердің  тұрақты  күресінде  табиғаттың  жо-
ғарғы заң құқығы әрбірінің өзін-өзі сақтауға ұмтылысынан 
тұрады.  Бірақ  ортақ  құқық  болмаған  табиғи  жағдайда 
адамдардың  өзін-өзі  сақтау  мүмкіндігі  іске  аспайды. 
Оған  қоса,  табиғат  пен  табиғи  қажеттілік  адамдарға 
шешімсіз  жағдайдан  шығудың  жолын  көрсетеді.  «Адам 
табиғатының ортақ заңы, – деді ол, – ешкімнің еш нәрсе-
мен қызықпауында, яғни ол үміттенгеннен көбірек игілік 
болады  немесе  ірі  залалдың  алдындағы  қорқыныштан, 
яки,  пәлекеттен  қашып  құтылуда  болса  керек.  Бұл  де-
геніміз  –  әрбір  адам  екі  игіліктің  қайсысы  үлкен  немесе 
екі  қасіреттің  қайсысы  азырақ  соны  таңдайды».  Бұл  заң 
Б.  Спинозаның  ойынша,  мәңгілік  шындықтың  қатарына 
жатады және оны барлығы да біледі.

58
Саяси ілімдер тарихы
Б.  Спинозаның  мемлекет  туралы  келісім  теориясы-
ның ерекшелігі – әрбіреудің табиғи құқығына азаматтық 
жағдайда тыйым салынбайды, себебі адам табиғи, әрі аза-
маттық  жағдайда  өз  табиғатының  заңы  бойынша  әрекет 
етеді,  өз  пайдасы  ықпалында  ойлайды,  қорқыныш  пен 
үміттен одан әрі сескене, ояна түседі. Бұл екі жағдайдың 
басты  айырмашылығы  сонда,  яғни  азаматтық  жағдайда 
мемлекеттің  жоғарғы  келісімдегі  табиғи  құқығы  бар, 
барлығына  ортақ  құқық  пен  қаулы  бар,  ортақ  кепіл 
мен  қауіпсіздіктің  қорғанышы  бар  және  барлығы  да  бір 
нәрседен – жоғарғы биліктен қорқады.
Б.  Спинозаның  пікіріне  сай,  жоғарғы  билік  ешбір 
заңмен  байланыспайды,  бірақ  барлығы  оған  бағынуы 
тиіс, егер ол ақылға сыймайтын істі жүзеге асырса да, оны 
барша жұрт орындауы міндетті.
Мемлекеттің бағынушыларға қатысты бұйрықты қаты-
насын реттей отырып, Б. Спиноза алдағы уақытта мүмкін 
болатын айыптауды жоққа шығарып былай дейді: «Мырза 
өз пайдасы үшін құлына бұйрық береді, ал жоғарғы билік 
қоғамның  пайдасы  үшін,  яғни  сол  бағыныштының  өзі 
үшін де игілікті іс мақсатында бұйрық береді».
Жеке  тұлға  мен  мемлекеттің  бостандығы,  Б.Спиноза 
бойынша, рұқсат пен еріктік негізінде емес, олардың сана-
лылығының  деңгейі  бойынша  анықталады.  Себебі  бос-
тандық табиғи қажеттіліктің негізі мен шекарасында ғана 
іске асады. «Ерік пен сана – бір ұғым», – деді Б. Спиноза. 
Осы  концепцияға  сай,  тек  саналы  ерік  қана  бостандықта 
өмір сүре алады.
Оған  қоса,  Б.  Спинозада  мемлекеттің  соңғы  мақсаты 
– әрбіреуді қорқыныштан құтқару, оның қауіпсіздігі мен 
табиғи құқығын сақтауға кепіл болу туралы ойлар да бар. 
Яғни,  мемлекеттің  мақсаты  –  шын  мәнінде,  бостандық 
болып  табылады.  Егер  мемлекет  сана  бұйрығына  қарсы 
әрекет етсе, онда ол табиғатына «күнә жасайды», яғни ол 
қылмысқа жол береді. Бірақ бұл қылмыс азаматтық құқық 

59
8-тарау. XVII ғасырдағы Голландияның саяси ілімдері 
бойынша  емес,  табиғи  құқық  бойынша  болады,  себебі, 
сөз мемлекет өзі үшін сақтауы тиіс құқық жөнінде болып 
отыр. Мемлекет азаматтық құқыққа бағынбайды, яғни ол 
құқық бойынша қылмыс істей алмайды. 
Тақырыпқа  қатысты  түсініктер  мен  ұғымдар:  каль-
винизм,  либерализм,  идеология,  құқық  теориясы,  әділдік, 
әділетсіз соғыстар, мемлекет.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:
1.  Голландиядағы  революцияның  негізгі  әлеуметтік 
қолдаушылары кімдер?
2. Кальвинистік идеяның өміршеңдігі неде?
3. Гуго Гроцийдың мемлекет пен құқық туралы ілімі.
4. «Шынайы құдай» идеясының мәні неде? 
5. Бенедикт Спинозаның саяси және құқықтық ілімі.
Әдебиеттер:
1. Антология мировой правовой мысли. – М., 1999.
2. Беленький М.С. Спиноза. – М., 1964.
3. Гроций Г. О праве войны и мира. – М., 1994.
4.  Демидов  А.И.,  Феодосеев  А.А.  Основы  политологии.  – 
М., 1995. 
5. Заиченко Г.А. Джон Локк. – М., 1973.
Реферат тақырыптары:
1. XVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Голландияның саяси 
жағдайы.
2. Гуго Гроцийдің «Соғыс пен бейбітшілік құқығы туралы» 
еңбегінде халықаралық құқық және табиғи құқық мәселесі.
3.  Барух  Спиноза  –  саясатта  реалистік  бағытты  қалыптас-
тырушы.
4. Барух Спиноза – жеке тұлға мен мемлекеттің бостандығы 
туралы. 

Саяси ілімдер тарихы
60
9 тарау.  ХVII ҒАСЫРДАҒЫ АНГЛИЯДАҒЫ 
САЯСИ ОЙЛАР ТАРИХЫ
XVІІ  ғасырдағы  Англиядағы  буржуазиялық  револю-
ция феодализмнің тамырына балта шапты, сөйтіп қоғамда 
жаңа капиталистік қатынастар орнады және оның дамуы-
на  мол  мүмкіншілік  ашты.  Англияны  Батыс  Еуропадағы 
алдыңғы қатарлы держава рөліне көтерді.
Ағылшын  революциясының  бір  ерекшелігі  –  ол  орта 
және ұсақ дворян өкілдеріне арқа сүйеді және де олардың 
әлеуметтік  қолдаушылары  қала  қолөнершілері  мен 
шаруалар болды. Революциядан тыс қалғандар ірі дворян 
өкілдері (ірі жер иелері) мен шіркеу еді. 
Революцияға  қатысқан  әрбір  саяси  топ  өз  мақсатын 
көздеді.  Бірақ  олардың  барлығының  басын  біріктірген 
идея  –  құдайға  деген  нық  сенім  еді.  Қарсыластар  Биб-
лия текстерінен өздерінің мақсатына қатысты үзінділерді 
«жұлып»  алып  бір-біріне  құдай  жолынан  ауытқығандар 
деп  айып  тағып  айтыса  бастады.  Басты  идеология  ретін-
де  «шынайы  құдай»  идеясынан  ауытқығандарды  жаза-
лау  қағидаты  қабылданды.  Діни  ұстаным  идеологиясы 
көтерілісшілерге  ортағасырдан  бері  мұра  болып  жеткен 
еді. Енді көтерілісшілерге қуат беру үшін тек осы ұранды 
одан әрі жаңа формада жеткізу әрекеті ғана жетпей тұрған 
болатын. 
Ағылшын  буржуазиясы  кальвинистердің  идеология-
сын  өздеріне  басшылыққа  алды.  Сонымен  қатар,  бур-
жуазия  өзінің  талаптарын,  мақсатын  «көпестерге  жол 
ашу,  банкирлерді  қолдау»  деп  бастады.  Қоғамда  мақсат-
мүддесіне қарай саяси партиялар құрыла бастады. Халық 
та сол партиялар маңайына топтасты. 

9-тарау. XVII ғасырдағы Англиядағы саяси ойлар тарихы
61
Орта буржуазияның мақсатын индепендер партиясы, 
ал  ұсақ  буржуазияның  мүддесін  левеллерлер  партиясы 
қолдады. Енді осы левеллерлер партиясынан кедей шаруа-
лардың  мақсатын  қорғаушы  диггер  партиясы  бөлініп 
шықты. Ал ескі тәртіпті қолдаушылар монархистер «би-
лік құдайдан» деп, сол баяғы ескі әуенмен қала берді. Бұл 
«билік  құдайдан»  деген  идеяның  жақтаушысы  Лейден 
университетінің  профессоры  (Голландия)  Клавдий 
Салмазий  болды.  Ол  өзінің  «Корелевская  защита»  еңбе-
гінде  патша  құдіретті  құдайдан,  сондықтан  қарапайым 
халықтың  оны  құлатуына,  күдіктенуіне  жол  беруге  бол-
майды деп түсіндіреді. 
Мемлекеттің  пайда  болуының  патриархалдық  тео-
риясының негізі де осы заманда қалыптасты. Бұл теория-    
ның  негізін  қалаушы  –  Роберт  Фильмер  болды.  Ол 
«Патриархия,  или  Естественная  власть  короля»  деген 
еңбегінде патша билігі көне заманнан Адам атадан мұра 
болып  келе  жатқан  билік  түрі  деп  көрсетті.  Құдайдан 
тараған  билік  ешқашанда  сайланбайды,  ешбір  заңға  ба-
ғынбайды  және  де  патша  қара  халықпен  араласпайды, 
өйткені ол құдайдың баласы деп түсіндірді. 
Революция кезінде елде әр түрлі топтар мен ағымдар 
өмір  сүрді.  Осыдан  да  болар  сол  замандағы  ағылшын 
қоғамында сан түрлі идеялар кең қанат жайды. Солардың 
қатарына өз уақытында кең таралған және үлкен беделге 
ие  болған  индепендентер  идеясы  болды.  Индепендент-
тердің  басты  ұраны  –  дінге  сенуші  қауымға  жаппай 
бостандық  пен  ерік  берілсін,  ар-ождан  бостандығы 
сақталсын,  билік  пен  ар  алдында  «құдайдан  басқаның 
билігі жүрмесін» деп жариялады. Дей тұрғанмен де, инде-
пенденттер  қоғамда  республикалық  басқару  жүйесін 
қолдаумен  қатар,  конституциялық  монархияның  қатар 
өмір сүргеніне қарсы болмады. Индепенденттердің басты 
идеологы Джон Мильтон (1610–1674) болды. 

Саяси ілімдер тарихы
62
Джон  Мильтон  (1610–1674  жж.)  бірнеше  «О  власти 
королей  и  должностных  лиц»,  «Защита  английского  на-
рода  против  Салмазия»  атты  трактаттардың  авторы. 
Ол  идеялық  көзқарасы  жағынан  демократиялық  күш-
терге  жақын  болды.  Дж.  Мильтонның  пікірінше,  халық 
табиғатынан  ерікті  және  қоғам  өмірінде  де  еріктілікті 
сақтап  қалу  керек.  Халықты  басқару  тізгінін  корольге, 
магистрларға бергенде өзіне үстемдік жүргізу үшін емес, 
керісінше  өздеріне  король  тапсырмаларын  орындаушы 
өкілдер  ретінде  қарау  және  билік  басындағылар  халық 
мүддесін түсініп, азаматтық заңдарға бағынуы керек дейді. 
Егер де билік басындағылар жоғарыда аталған ережелерді 
сақтамаса,  онда  халық  өз  өкілдері  арқылы  (парламент) 
оларды  қатаң  жауапқа  тарту  құқығына  ие  деген  пікір 
айтады. 
Дж.  Мильтон  республикалық  басқару  түрін  жақтады. 
Тек  республикалық  формада  ғана  жеке  тұлға  өз  құқығын 
толық қамтамассыз ете алады деген. Сонымен қатар, билік 
иесі  «ақылды  және  іскер»  адамдарға  қамқор  болу  керек 
деп  ескертеді.  Демократиялық  билікті  корольдің  (халық 
уақытша сайлаған) жүзеге асыруына болады деп көрсетеді. 
Халық  егемендігі  идеясын  одан  әрі  жалғастырушы 
–  Оливер  Сидней  (1622–1683  жж.).  «Рассуждениях  о 
правительстве»  атты  еңбегінде  ол  Р.  Фильмердің  «Пат-
риархия»  шығармасын  қатты  сынайды.  Ол  мемлекеттің 
пайда  болуын  адамдардың  сыртқы  күштерден  қорғануы 
үшін өз еріктерімен бірігуінің нәтиежесінде пайда болды 
деген  пікірді  жақтайды.  О.  Сидней  халық  әр  уақытта  да 
өз егемендігін сақтап қалады және халықтан тыс басқару 
болмайды  деп  атап  өткен.  Король  өз  міндетін  атқара 
алмаған  жағдайда  халық  оны  орнынан  алып  тастауға 
құқығы  бар,  өйткені  патша  мен  халық  арасында  өзара 
келісім бар деген пікірді жақтайды. 
Левеллердің  саяси  көсемі  мен  басты  идеологы  Джон 
Лилберн (1614–1657  жж.) болды. Ол бірнеше еңбектер мен 

9-тарау. XVII ғасырдағы Англиядағы саяси ойлар тарихы
63
памфлеттер  және  құжаттардың  авторы.  Еңбектеріндегі 
басты  идея  –  қоғамды  демократияландыру,  құқық  пен 
заңнамаларға  байланысты  болды.  Дж.  Лилберннің  идея-
сын  демократиялық  бағытты  қолдаушы  буржуазия  өкіл-
дері  қолдады.  Левеллердің  бағдарламасындағы  басты 
қағидат – халық егемендігі мен заң болды. «Барлық билік-
тің, – деп жазды Дж. Лилберн, – әуел бастан қайнар көзі 
халық, халық өз өкілдері арқылы билікті жүзеге асырады». 
Сонымен  қатар,  левеллерлер  бұл  қағидатты  тек  жазып 
қана қоймай, оны іс жүзінде де жүзеге асыруға тырысты. 
Олар  билікті  заң  арқылы  қоғам  алдында  жауапты  етуге, 
әсіресе  тұлғаның  саяси  және  азаматтық  құқықтарын 
барынша  шектемеуге  тырысты.  Ешбір  заң  актісі  арқылы 
адамның  табиғи  құқығын  шектеуге  болмайды,  өйткені 
табиғи заңдар, барлық заңдардан бұрын пайда болған деп 
түсіндірді. 
Басқа  ағымдар  мен  партияларға  қарағанда  левеллер-
лер  патша  мен  олигархиялық  билікке  үзілді-кесілді  қар-
сы болды. Мемлекет республикалық формада болу керек 
және бір палаталы парламентті сайлау арқылы халық өз 
билігін  жүзеге  асырады  деп  көрсеткен.  Сайлау  құқығын 
мемлекеттің барлық азаматтары мүлкіне қарамастан бір-
дей  пайдаланады,  дворяндар  мен  буржуазия  өз  артық-
шылықтарынан  айырылу  керек  деп  түсіндіреді.  Билікті 
узурпациялау  үдерісін  болдырмас  үшін,  депутаттар  тек 
заң  шығару  қызметімен  айналысу  керек,  сондай-ақ  ол 
заңдар  барлық  республика  азаматтарына  бірдей  болуы 
абзал дейді. 
Левеллерлер  билік  (мемлекет)  пен  дінді  бөлу  керек 
деген  пікірде  болды.  Мүлік  –  жеке  меншік  мәселесі  де 
левеллерлердің  назарынан  тыс  қалмады.  Олар  жеке 
меншікке  қатысты  –  «Парламент  азаматтардың  мүлкін 
теңдестіру мен қиратуға және оны ортақ деп жариялауға 
құқығы жоқ» деп өз бағдарламаларында жариялады. 

Саяси ілімдер тарихы
64
Левеллерлердің  бағдарламасы  негізінен  таза  буржуа-
зиялық  сипатта  болды,  десек  те,  олардың  идеясы  өзінен 
кейінгі  саяси  ойлар  мен  мемлекетті  әлеуметтік  бағытта 
дамытуда, нарықтық қатынаста либералистік жол салуда 
ерекше мәнге ие болды.
Тақырыпқа  қатысты  түсініктер  мен  ұғымдар:  буржуа-
зия, либерализм, саяси партиялар, шіркеу, халық, билік, король, 
аралас басқару, памфлеттер, мемлекет.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:
1. XVІІ ғ. Англиядағы саяси ахуалға сипаттама беріңіз.
2.  Ағылшын  революциясының  негізгі  әлеуметтік  қолдау-
шылары кімдер?
3. «Шынайы құдай» идеясының мәні неде?
4.  Клавдий  Салмазий  мен  Роберт  Фильмердің  саяси 
доктриналары.
Әдебиеттер:
1. История политических и правовых учений / под ред. О.В. 
Мартышина. – М., 2004
2.  Общественный  договор  или  принципы  политического 
неравенства // Трактаты. – М., 1990.
3.  Сатышев  В.Е.  Политико-правовые  учения  в  Англии  в 
эпоху буржуазных революций 17 века. – М., 1985.
4. Сырымбетұлы Б., Сатершинов Б. Саяси және құқықтық 
ілімдер тарихы. – Алматы, 2015.
5. Токвиль А. Старый порядок и революция. – М., 1911.
Реферат тақырыптары:
1. Ағылшын революциясының негізгі ерекшелігі.
2. Роберт Фильмер – мемлекеттің пайда болуының патриар-
халдық теориясының негізін қалаушы.
3.  Левеллердің  бағдарламалық  платформасындағы  басты 
принципі.
4. Джон Мильтон – индепенденттердің басты идеологы.
5. Оливер Сидней мен Джон Лилбернның саяси ойлары.

65
10-тарау. XVII ғасырдағы Ресейдің саяси және құқықтық ойлары
10 тарау. XVІІ ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ САЯСИ 
ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРЫ
XVІІ ғасырдың екінші жартысында Ресей мемлекетті-
гінің  дамуында  абсолюттік  ағартушылық  билік  туралы 
тұжырымдамалар  басымдық  ала  бастады.  Еуропамен 
саяси  және  экономикалық  байланыстардың  орнауы 
және  ондағы  болып  жатқан  мәдени-саяси  жаңалықтар 
Ресей  қоғамын  айналып  өтпеді.  Әсіресе,  Англиядағы 
буржуазиялық  революция  қоғамдық  санада,  саясатта, 
экономикалық-әлеуметтік салада үлкен бетбұрыс жасады. 
Революция  нәтижесінде  қоғамда  жаңа  әлеуметтік 
тап  –  буржуазия  қалыптасты.  Бұрын  қоғамда  өз  орнын 
әлі  анықтап  үлгермеген  буржуазия  өкілдеріне  револю-
ция  жаңа  мүмкіндіктер  берді.  Билікке  араласа  бастаған 
буржуазия пайда табу мақсатында жаңа ареалдарды иге-
ре  бастады.  Өзгерген  қоғамда  буржуазияның  мүддесін 
қолдайтын  өз  идеологтары  да  қалыптасып  үлгерген  еді. 
Батыстағы  буржуазиялық  идеологтардың  әсері  Ресей  қо-
ғамына  да  әсерін  тигізбей  қоймады.  Қалыптасқан  саяси-
әлеуметтік тенденциялар «ағарған» абсолюттік монархия 
туралы  саяси  оқуларда  өз  көріністерін  тапты.  Осындай 
түрлі  доктриналар  олардың  даму  жолдарын  көрсете 
отырып,  экономикалық  және  саяси  түрлендірулерді  бір 
түйінге байлады.
Ағарған  абсолюттік  монархияның  құқықтық  дәйек-
темелерімен 
Самуил 
Петровский-Ситнианович 
(1629–1680  жж.)  шықты.  Полоцк  қаласында  дүниеге 
келіп,  Киево-Могилевский  академиясын  тамамдап,  1659 
жылы  Полоцкідегі  православтік  Бого-явленск  шір-

66
Саяси ілімдер тарихы
кеуінде  Семеона  атты  есімді  қабылдады.  1664  жыл-
дан  бастап  Мәскеуде  тұрды.  Никольский  көшесінде 
орналасқан  Заиконопасс  шіркеуіндегі  мектепті  басқару 
оның  алғашқы  атқарған  қызметтерінің  бірі  болды.  ХVIІ 
ғасырдың  60  жылдарының  соңында  Семеон  Полоцкий 
патша  балаларының  мұғалімі  болды,  сонымен  қатар, 
аула  маңындағы  ақын  қызметін  атқарып,  богословскінің 
әр түрлі салалары мен ғылыми білімділерінің арқасында 
танымалдылыққа  ие  болды.  Оның  ең  танымал  деген 
шығармалары:  1666  жылғы  «Жезл  правления»,  1668 
жылғы «Вертоград многоцветный», 1679 жылғы «Рифмо-
логион»  атты  өлеңдер  жинағы.  Семеон  Полоцкий  өз 
шығармаларында  батыстық  мәдениет  пен  білімділіктің 
жолсерігі ретінде шыққан болатын.
Ойшыл әлеуметтік теңсіздікті жақтаған болатын. Оның 
ойынша, барлық адамдар өз борыштарын атқару керек, әр 
адамның  бұл  өмірдегі  өз  орны  бар.  Орыс  өміріндегі  жа-
ман  нәрселердің  ішінен  Семеон  Полоцкий  жалқаулық-
ты,  мерекелер  мен  ішімдікті  атап  көрсетеді.  Ойшылдың 
барлық шығармаларында еңбек сүйгіштік орын алады.
Семеон Полоцкий шығармаларындағы өзекті мәселе-
лердің бірі – жоғарғы билік, оны ұйымдастыру мен оның 
қызметі.  Ол  алғашқы  болып  отандық  саяси-құқықтық 
ойлар  тарихында  ағартушы  монархияны  қалыптастыру 
керектігін  айтқан  болатын.  Семеон  Полоцкий  патша  бе-
делін  дәріптеп,  оны  күнмен  теңестіреді.  Оның  ойынша, 
патша ең алдымен білімді болуы керек, сонымен қатар өзін 
ғана емес, бүкіл халықты да білімге жұмылдыруы керек.
Ақын-ойшылдың  ойынша,  ағартушы  монархия  мем-
лекет  болуы,  ал  оның  қызметі  заң  жүзіне  сүйенуі  керек. 
Заң барлық адамдарға бірдей, патшаның өзіне және оның 
баласына.  Барлық  адамдар  заңнан  қорқуы  керек  деп 
көрсетеді.
«Шындық» терминін Семеон Полоцкий дәстүрлі түр-
де «заң» ұғымында қолданады. Ол патшадан «шындықты 

67

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет