Кіріспе №1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары



бет54/70
Дата12.01.2022
өлшемі178,76 Kb.
#23986
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Сауықтыру міндеттері:

1. Денсаулықты нығайту, дұрыс мүсінді қалыптастыру, ағзаның барлық жүйелері мен функцияларын дамыту, жүрек қан-айналысы, тыныс алу, орталық жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үрдісін белсенді ету.

2. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне ағзаның қарсылық күшін жоғарылату. Мүмкіншілік болғанынша дене тәрбиесі жаттығуларын, сабақтарын таза ауада өткізу қажет. Күн қызуы, ауа температурасы ылғалдылығы бала ағзасын шынықтырады.

3. Ағзаның жалпы жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату және гигиена дағдыларын қалыптастыру. Ол міндеттерді орындау үшін оқушылар күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларын орындауы, оқу, демалыс, ұйқы, тамақтану тәртіптерін сақтауы қажет. Осы тәртіптерге бастауыш және орта сынып жасындағы кезеңнен бастап, үйретіп қалыптастыру керек, өйткені бұл кезеңдер – бала ағзасының қарқынды дамитын кездері.

4. Жынысына, мектептегі жас кезеңдеріне байланысты дене қасиеттерін дамыту. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың барлық дене қасиеттерін үйлесімді дамыту керек. Бірақ негізінен жылдамдық және қимыл үйлесімділігі, ептілікке басты назар аудару қажет болады. Орта сынып жасындағы балалардың жылдамдық қабілеттілігін және күш жылдамдылығын дамытуға баса көңіл бөлу қажет болады. Бірақ өте ширығып, ұзақ уақыт күш салатын жаттығуларды беруге болмайды. Жоғарғы сынып жасындағы оқушылардың күш жылдамдығы қасиетін дамытуға, жалпы және аэробты төзімділікті дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс болады.

Білім беру міндеттері:

1. Өмірге қажетті қозғалыс іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. Оқушыларды қалыптастыру үшін керек қозғалыс іскерлігі мен дағдылары мынандай бес топқа бөлінеді (З.И. Кузнецов, 1968): 1) адамға кеңістікте қозғалуға көмектесетін қозғалыс іскерліктері мен дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суда жүзу, шаңғы тебу; 2) адам қозғалғанда оның денесін басқаруға керек дене қалпы мен тұрыстарының дағдылары. Олар: негізгі тұрыс, бастапқы қалып, әр түрлі дене қалыптары, тұрыстары, саптық жаттығулар және т.с.с.; 3) әр түрлі қозғалыстарды спорттық құралдармен орындау дағдылары. Олар: доптармен, секіртпелермен, батпандармен, гимнастикалық таяқтармен жаттығулар; 4) қол, аяқ қозғалыстарын дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен үйлестіре, басқара білу дағдылары. Олар: аунап түсу, ілініп тұру, жоғары көтерілу, таяну, тепе-теңдік сақтау; 5) қолдан жасалған кедергілерден өтуді қамтамасыз ететін кешенді қозғалыстарды орындайтын дағдылар. Олар: тіреле секірулер, өрмелеулер, ұзындыққа және биіктікке секірулер;

2. Дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білімді қалыптастыру. Оқушылар төмендегілерді білуі керек: 1) дене тәрбиесі жаттығуларының ережелері мен жолдарын; 2) ағзаның негізгі жүйелеріне дене тәрбиесі жаттығуларының әсерін; 3) өз бетімен жаттығулар ережелері мен әдістерін; 4) дене жаттығулары сабақтары, жаттығулар кезіндегі өзін-өзі бақылаудың негізгі тәсілдерін; 5) жанұядағы дене тәрбиесінің рөлін;

Тәрбие беру міндеттері:

1. Дене тәрбиесі жаттығуларын саналы түрде демалу, жаттығу, жұмыс қабілеттілігін арттыру, денсаулықты нығайту кездерінде қолдану қажеттілігі мен біліктілігін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі мен спорт маманына осы міндеттерді іске асыру үшін оқушыларға өз беттерімен жаттығулар жасауға жағдай жасау керек. Ол үшін: оқушылардың дене тәрбиесі мен спорт саласындағы білімділігін арттыру, дене тәрбиесінің қажеттілігіне деген бұлтартпас дәлелдермен оларды қаруландыру, өмірге қажет қозғалыс іскерлігі мен дағдысының негізгі техникаларын дұрыс орындауды, әдістемелік-ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру қажет болады. Оқушылар өздерінің жаттығуларын дұрыс құрастыра, жүктемені мөлшерлей білуі керек. Оларға дене қасиеттерін дамыту, тәрбиелеу әдістерін, өзін-өзі бақылау тәсілдерін қолдана білуді үйрету керек.

2. Психикалық үрдістерді дамытуға көмектесетін өнегелік, эстетикалық, жігерлілік, еңбек сүйгіштік, батылдылық қасиеттерін тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет