Кіріспе. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан өзгерістер


Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі



бет8/28
Дата06.01.2022
өлшемі430 Kb.
#16745
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
ТОӘ Кітап

Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі.

 


  1. Қазақстан тарихы мектеп пәні ретінде

  2. Мектепте Қазақстан тарихы курсының ғылыми негізіндегі құрылымы.

  3. Қазақстан мектептерінде білім берудің қазіргі жүйесі.

  4. Қазақстан тарихы курсын оқытудың құрылымы.

Оқушылар мақсатпен танысып, кітаптағы деректермен танысып, сұрақтарға жауап ждазды.Осыдан соң олар шағын қорытындыны оқып, ақырып бойынша қорытынды жасады. Тақырыпты меңгеру осы тақырып бойынша оқушылардың баяндама жасап, мұғалімнің қорытындылаған конференциясымен аяқталды.

Зерттеу әдісі тапсырма-подрядтарды орындауды қарастырды. Ол тапсырмаларды мұғалімдер жасап 5-6 адамнан құралған оқушылар бригадасына орындауға беріп отырды. Подряд-тапсырмаларға схемаларды, карталарды сызу, костюмдер мен қару-жарақтардың үлгілерін жасау кірді. Бригаданың 2-3 суретшісі жылдық есеп беруге дайындалып күні-түні сурет салумен айналысты. Мектептердегі жылдық есеп беру кезіндегі көрмеге оқушылардың еңбектері қойылып, оларды тамашалауға ата-аналары мен меймандар шақырылып отырылды.

Мысалы, «Деревняның өткені мен бүгінгісімен танысу...» деп аталатын кешенді жасалатын жұмыс кезінде феодалдық-крепостнойлық қатынастар зертелді. Алдымен оқушылар тақырып бойынша деректер мен әдебиетерді оқыды, онан соң шаруалармен әңгімелесіп олардың тұрмыстарымен танысты, экскурсияларға қатысты. Жинақталған материал негізінде олар диаграммалармен иллюстрацияланған «Шаруалар мен помещиктер қарым-қатынасы», «Шаруа шаруашылығы», «Шаруа толқулары» деген баяндамалар жасады. Бригадалық-зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру туралы әдістемелік кеңестер Б.Н. Жаворонков пен С.Н. Дзюбинскийдің «Қоғамтану бойынша жылжымалы лаборатория» деген кітабында берілді. Мысалы, зертханалық-еңбек әдісі экскурсиялар кезінде материал жинақтауды; оны оны өзінің алған әсері бойынша меңгеруді; оны зертханадағы жұмыспен ұштастыруды қарастырды. Оның өзінде жұмыс тапсырманың ір бөлігін орындаудың құралы ретінде қарастырыллды. Мұның өзі неміс педагогы Вильгельм Август Лайдың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы «Іс-әрекет мектебі» (көрнекілік әдісі) өте күшті ұқсады. Ол негізінен «адам әрекетіне», ооныі қозғалыс реакциясына ерекше маңыз берді. Сөйтіп, сурет салу, сызу, үлгілер жасау, дарматизация және ән айту пәндері маңызды болған еді.

Кеңестік мектепте Лайдың идеясы тарихты оқытуға еңбек әдісі деген атаумен алынды. Бірақ Лай алдымен оқытып, онан соң әрекет жасауға кіріссе, кеңестік мектептерде керісінше болды. Білімді алу әртүрлі оқиғаларды қайта жаңғырту, тарихи үлгілерді жасау кезінде алынатындығы қарастырылды. Мысалы, №5 мәскеулік гимназияның әдістемешісі Н.Г. Тарасов оқушылар модельдер жасаумен айналысып, алғашқы адамдардың баспаналарын, египет пирамидаларын, феодалдар замоктарын немесе ХҮІІІ ғ. дворяндар усадьбаларын жасайтын тарих кабинетін ашты. Оқыту тарихи музейлерге барумен жалғастырылды. Бұл жерде Н.Г. Тарасов оқушыларға түсініктер берген жоқ. Ол оқушыларды 5-6 адамнан тұратын бригадаларға бөліп, бірнеше витринаға бөліп, экскурсия өткізуге дайындалуды ұсынды. 20 минут өткеннен кейін олар экскурсия өткізе бастайды, оның соңында мұғалім тақырып бойынша қорытынды тұжырым жасайды.

Оқушылар өткен замандағы әртүрлі кәсіпорындарды жаңғыртып қайта жасап отырды (Мысалы, ХІХ ғасырдың соңындағы мәскеулік прохоров текстильдік фабрикасы). Б.Н. Жаворонков оқушылардың фабрикада өндірістің ұйымдастырылуы мен технкасын, жұмысылардың еңбегін зерттеп, фабриканың рынокпен, округтың өмірімен байланысын және тоқыма өнеркәсібінің тарихын  анықтады.

Әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастырудың бір құралы алынған білімді іс жүзінде пайдалана алуы болып табылды. Оқушылар шаруалар және жұмысшылармен әңгімелер өткізіп, баяндамалар жасады, революциялық мейрамдар кезінде манифестациялар мне спектакльдер ұйымдастырды.

Сонымен, отан тарихы 1933 жылға дейін КСРО мектептерінде тарих дербес пән ретінде оқытылған жоқ. Отан тарихы маериалдары жалпы тарихтың сәйкес бөлімдерінде беріліп оырылды. Оқулықтар мен оқу құралдары болған жоқ, білімнің жалғыз көзі – мұғалім сөзі ғана болып қалды.

Тарихи білім берудегі жағдай 30-шы жылдарда өзгереді. Тарихи білім беруде тарихтың дербес пән ретінде қайта қалпына келтірілуімен сипатталған жаңа кезең басалады.партияның Орталық Комитеті зертханалық-бригадалық әдістен бастартуға нұсқау береді. Нақты сабақ кстесі негізінде, оқушылардың бір тобымен өткізілетін сабақ – оқу жұмысының негізгі формасына айналды (1931 жылдың 5 қыркүйегіндегі ВКП (б) орталық комитетінің «Бастауыш және орта мектеп туралы» және 1932 жылдың 5 тамызындағы «Оқу бағдарламалары және бастауыш пен орта мектеп режимі туралы» қаулылары). Тарихтың мектептегі жүйелі курсын қайа жаңғырту көзделді. Оқушыларды ғылымның негіздерімен толық қамтамасыз етілу көзделді.

Осы қаулылардың негізінде РСФСР-дың халық ағарту комиссариаты тарих пәнінің бағдарамасын жасап шығарды. Оның негізіне қоғамдық-экономикалық формациялар туралы маркстік теория алынды. Бағдарламалар қабаттылық принципімен жасалып, жалпы тарих тақырыптарынан кейін КСРО тарихының тақырыптары кіріктірілді.

Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихынан осы бағдарламаларға сәйкес алғашқы оқулықтар жазылып шығарылды. Оның авторлары  өздерінің алдына жекелеген халықтардың азаматтық тарихын ашуды мақсат етіп алған жоқ, керісінше негізінен қоғамдық өмірдің формацияларының мағынасын ашумен болды. Отан тарихы бойынша материалдар жекелеген ендірме түрінде ғана берілді.

1934 жылдың 5 сәуірінде мектеп оқулықтарын тап күрестерін нақты оқиғалық фактілермен дәл сипаттамай, абстрактылық форма түрінде сипаттаулар ғана берілген деп сынаған «Мекептегі скелеттер» деген мақала жарық көрді. Сөйтіп 1934 жылдың мамыр айында КСРО-ның халық ағарту комиссариаты мен ВКП (б) орталық комитетінің «КСРО-да азаматтық тарихты оқыту туралы» деген қаулы жасалады. Курсты құрудың негізіне сызықтық (курсты бір рет қайталаусыз меңгеру) және тарихи оқиғаларды хронологиялық реттілігі бойынша баяндау ұстанымдары алынды.

Оқытулың сызықтық ұстанымы:

3-4 сыныптар –  тарихтың қарапайым курсы (тарихың қысқаша курсы);

5 сынып          –  ежелгі дүние тарихы (Шығыс, Грекия);

6 сынып          –  ежелгі дүние және орта ғасырлар тархы;

7 сынып      – орта  ғасырлар  тарихы  және  КСРО конституциясы (оны оқыту 1936 жылдан бастап енгізілді);

8 сынып          –  жаңа тарих, І бөлім; ХҮІІІ ғ. Соңына дейінгі КСРО тарихы;

9 сынып          –  жаңа тарих, ІІ бөлім; ХҮІІІ-ХІХ ғғ. КСРО тарихы;

10 сынып      –  ХХ ғ.  КСРО  тарихы;  қазіргі  заман тарихы (1958 жылдан бастап енгізілді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет