Кіріспе қазақстан Республикасының туристік әлеуетінің сипаттамасы


Қазақстан Республикасының туристік әлеуетінің қазіргі жағдайын талдау



бет4/4
Дата03.04.2023
өлшемі213,28 Kb.
#78889
1   2   3   4
1.3 Қазақстан Республикасының туристік әлеуетінің қазіргі жағдайын талдау

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрамайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.


Әлі күнге дейін ұлттық экономика теориясына туризм халық шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретінде қарастырылмайды. Сол себепті республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз шығарылады. Бүған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңінен бері «туризм» деген ұғым елеулі табыс түсіретін экономика саласынан гөрі спортпен және денсаулықты нығайтумен жиі байланыстырылады.
Ең алдымен, Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын түгендеу және олардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретінде туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауды және дамытуды тиісті ғылыми құрылымдар қажет. Проблеманы шешудің ықтимал шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің (ЖАҚ) ғылыми мамандықтары тізбесіне "Туризмнің құқықтық нргіздері", «Туризм географиясы», «Туризмнің педагогикасы мен психологиясы» жаңа ғылыми бағыттарды енгізудің қажеттілігі пісіп жетілді. Бұл республикада ғалымдар контингентін қүрүға және туризмді дамытудың ұйымдастыру мен басқарудың, дамытудың мәселелері мен проблемаларының бүкіл кешенін ғылыми зерттеумен қамтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83% халықаралық туризммен шұғылданады. Соған қарамастан Қазақстан кәсі жерлері туризмді қазірше жоғарғы табысты кызмет сферасы деп қарамайды. Олар қаржы шығаруға жүрексінеді. Себебі өндіріс саласындағы салық салудың жеңілдіктеріне, жоғарғы табысқа қызығыңды.
Қазақстан әлемде туристік бағытта элі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агентстволардың халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу.
Қазақстанда Еуразияның қоғамдық және мәдениет орталығын жасау үшін конгресстік туризмді дамыту маңызды. Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО және БЭСҰ бағдарламаларына қатысу, екі сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау.
Туристік бет-бейнені қалыптастыру үшін туристік хабарлама орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердегі Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұлғаларды араластыру жұмыстарына көңіл бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарда пайдалана білу.
Шет елдерде Қазақстан туралы жоғары сапалы полиграфиялық үнтаспаларды уағыздау жұмысына көңіл бөлуі. Сонымен бірге Қазақстанда әлемдік деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет.
Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:
туризмді экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру. Республиканың туристік потенциалын дамыту.
Мәдениет тарихын және табиғи байлықтарымызды сақтау және ұтымды пайдалану. Туристік ресурстарды барлық халықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл бөлу, тұтынушыларды максималды қанағаттандыру. Халықты ынталандыру. Мемлекеттік және жеке меншіктік туризм сферасының тиімділігін арттыру. Орта және шағын кәсіпкерлерді дамыту.

Қазақстанның туризм саласы мемлекеттік қолдауға зәру. Оның басқа елдердегідей дамымай жатқан себебі де осы. Туризм дегеніміз - жұмысқа, тұрғылықты мекен жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытында жасайтын сапарлары мен саяхаттары және туристердің қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы. Халықаралық туризмнің функцияларына бірнеше мәселе кіреді, ең алдымен бұл функциялар әлеуметтік сипатымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде туризмді әр түрлі жіктеуге болады. Оны туризмге деген сұранысқа орай жіктесек:
1. Емдік туризм. Бұл туризмнің өзі атына сай емдік мақсатта ұйымдастырылады. Табиғаттың емдік, шипалы қасиеттерін адам бойына сіңіріп, дертіне дауа табады.
2. Рекреациялық туризм. Адамның басты сұранысын, яғни ағзасының физикалық және рухани күш қуат алуан қамтамасыз ету.
3. Спорттық туризм. Адамдардың спорттық ойындардың түрлерімен шұғылдануына, белсенді спортты, салауатты өмір салтын жүзеге асыруға арналған.
4. Іскерлік жұмыстың барысындағы туризм.
5. Конгрессті туризм.
6. Культтік туризм әр түрлі дін өкілдерінің бас қосуы мақсатында ұйымдастырылады.
7. Танымдық туризм. Ғылымның әр түрлі саласын меңгеруге арналған.
8. Транзиттік туризм. Бір ел территориясынан екінші ел территориясына өту арқылы жүзеге асады.
9. Экологиялық туризм. Бұл туризмнің ең жас, әрі жаңа түрі деп есептеледі.
Статистика агенттігінің көрсеткіші Қазақстанды тамашалауға келетін туристер санының 5,3 млн–ға жеткенін көрсетіп отыр. Ал саяхатшыларға көрсетілетін туристік қызметтің құны бүгінде 53 млрд. теңгеге жуықтайды. Бүгінде дүниежүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.[6.,28]Сөзімнің дәлелді болуы үшін мына статистикалық мәліметтер мен кестесін ұсынғым келеді - Қазақстанға туристер ағынының тұрақты өсімі
- ішкі туризм бойынша - 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейін;
- сырттан келушілер туризмі бойынша - 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2011 жылы 9,5 млн. туристке қамтамасыз етілетіні;
- 2007 – 2011 жылдарды қоса есептегенде сырттан келушілер туризмінен бюджетке түсетін түсім 603250 млн. теңгені құрайды екен. Сырттан келушілер туризмі есебінен, сонымен қатар;
- халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейіе қамтамасыз етілетінін көрсетіп отыр.
- туристік қызмет 2007 жылғы 63 млрд. теңгеден 2008 жылы 73 млрд. теңгеге жеткен. Ал болашақта түсетін табыс көзін сызба бойынша көрсеткім келеді.

Мемлекеттік туризмді дамыту бағдарламасының іске асырылуы ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады және Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет