Қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау ( формативті бағалау немесе оқыту үшін бағалау).Оқыту үшін бағалау (ОүБ) кезінде қолданылатын қадағалау,интерпретация жəне өлшемдер.Реформалау тобының (2002а) оқыту үшін бағалауға берген анықтамасы. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі. Білім алушылардың өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі.Оқушылардың өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сəйкес жұмыс істеуі. Түсінушілік, қызығушылық жəне ықыласпен əрекет етуге қажеттілігі. Тұжырымның оқыту мен оқу тəжірибесі үшін маңызы, өзектілігі.
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.
Бағалау нəтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едəуір ықпал ететіндігі, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету жəне өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Ішкі жиынтық бағалау Жиынтық ( суммативті немесе оқуды бағалау).Оқуды бағалаудың мақсаты - оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау.Оқуды бағалау кезіндегі бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейі мен арақатынасы.Мұндай қорытындының стандартқа,балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сəйкес/сəйкес емес» деген нысанда жасалуы. Жиынтық мəліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану. Жинақталған жиынтық мəліметтердің ықпалы. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау
жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) жəне ЭЫДҰ. «Мəліметтерді» жинау. Жиынтық бағалау жетістіктері мен деңгейі. Балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер.Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпараттың оқушылармен кері байланыс үшін қолданылуы. Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалаудың оқыту үшін бағалауға ауыстырылуы.
Оқу үшін бағалаудың маңызы.Бағалаудың мəні.Бағалаудың түрлі нысандары: тест жұмыстары. Бағалаудың сипаттамалары:
бұдан арғы іс-əрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Қадағалау.Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін жəне не істей алатындығын, қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау. Жазбаша тапсырма немесе тест,ауызша сұрақтың тиімділігі. Оқушының сұрақтарға берген жауаптарының бақылануы. Бағалайтын тұлғаның алынған мəліметтердің мəнін анықтай білуі.
Интерпретация. Интерпретацияның ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізілуі. Мұндай өлшемдердің критерий деп аталуы, олардың оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызылуы.
Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттау.Интерпретация - логикалық қорытынды.
Қорытынды.Мəліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бағалау үдерісінің түрлі мақсаттарға жəне алынған ақпарат, қолданылатын міндеттерге байланысты əртүрлі нысанда жүруі.