Мәселенің өңделуі. Диплом жұмысының негізінен VI ғасырдың ортасы – VIII ғасырдың басындағы Көне түрік империясының саяси тарихы, саяси - құқықтық қатынасы, сонымен қатар Түркі қағанаттырының қоғамдық – саяси құрылысы, басқару жүйесі зерттеліп, Түркі империясының эфталиттерге, Византияға, Иарнға жүргізген жорықтары мен қатар империяның сыртқы қарым – қатынасы жеткізіледі.
Түркі державасының геосаяси орнынын анықтап, басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасынадағы транзиттік функциясы атап көрсетіледі. Уақыт өткен сайын тарих зерттеліп, зерделеніп, жаңа деректермен толықтырылып тұрады. Сондықтан да дерек көздері жаңа өзгерістерге лайықты еңбектерден алынды. Көне түркілердің тарих сахнасындағы орны мен маңызы туралы мәселелер Президентіміз Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы, И.Тасмағамбетовтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда оқыған «Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші» деген тақырыптағы баяндамасында жан-жақты талдаулар жасалып, сындарлы ойлар айтылған. Алып мемлекеттің құрылуы және территориясы туралы Л.Гумилевтің «Көне түріктері», Қ.Салғариннің «Түріктер, жужандар», С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың «Казахстан: летопись трех тысячелетии» атты еңбектерінен алынып сараланды. Түрік қағанатының саяси тарихы, яғни көрші мемлекеттер мен қарым-қатынасы, Иранға жорығы, Византиямен соғысы К.Аманжоловтың «Түркі халықтарының тарихы», Х.Абдрахманның «Түркілер тарихы мен тағдыры», А.Н.Шмидтің «Орта Азия мен Иран тарихы жөніндегі материалдар» атты еңбектері дерек көзі ретінде қолданылды. Сондай-ақ көне түркі империясына қатысты зерттеулер мен толғамдар баспасөз деректерінен алынды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Көне Түркі мемлекеттерінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды. Жұмыстың мақсаты көне Түркі империясы мен Екінші Түрік империясының саяси тарихын зерттеп, далалық империяның ел басқарудағы, сыртқы қарым – қатынасындағы ерекшеліктері қаралды. Түркі империясының сыртқы қарым – қатынастарын зерттей отырып, геосаяси орнын анықтау, сонымен қатар көне түркі қағанатының саяси тарихын жан – жақты қарастыру. Жалпы диплом жұмысы оқиға соңынан түсіп, түрколог ғалымдардың көне түркі империясының саяси тарихына қатысты қос мағыналы және қарама – қарсы түсініктерін сараптай отырып, шынай баға беру болып табылады.