76
Scopus – басылымдарда жарияланған мақалалардың циттаталуын бақылып отыруға
мүмкіндік беретін әлемдегі ең ірі библиографиялық деректер базасының бірі. Scopus шамамен
әртүрлі ғылым салалары бойынша 500 баспагерлермен ұсынылған, 21 000 ғылыми басылымдарды
индекстейді. Осы деректер базасында тұрған материалдар арасында ғылыми журналдар ғана емес,
конференция еңбектері, сондай-ақ сериялық кітап басылымдары бар. Scopus түрлі пәндер бойынша
рефераттар мен журналдарды қамтитын рефераттық база ретінде барлық әлемге танымал.
Рефераттар санында 15 мың ғылыми журналда жарияланған, 28 миллионнан аса мақалалар бар.
Scopus деректер базасы жарияланымдарды тек ағылшын тілінде ғана емес, әлемнің басқа
тілдерінде де индекстейді: аннотацияның жарияланған нұсқасы ағылшын тілінде болуы тиіс деген
міндетті түрдегі бір шарттың сақталған жағдайында.1996 жылдан кейін жарыққа шыққан барлық
ғылыми мақалалар мақалалармен бірге жарияланған библиографиялық тізімімен индекстеледі. Осы
тізімдерді талдау негізінде, дәйексөздерді санау автоматты түрде жүргізіледі. Профильде автордың
аты-жөні, оның жұмыс орны соңғысын қоса алғанда, жарияланымдар саны хронологиялық
тәртіппен, ғылыми зерттеу саласы, бірлескен авторларға сілтемелер, Хирша индексі,
циттаталуының жалпы саны көрсетіледі
Scopus қолданушылар үшін басқа деректер базасымен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтарға ие:
•
тақырып бойынша бір платформадан тиімді іздеу;
•
зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әзірлемелер туралы барлық ақпаратты бір кіргеннен көру
мүмкіндігі;
•
осы салада ғылыми зерттеу жұмыстары жарияланған барлық авторлар туралы мәліметтер алу
мүмкіндігі;
•
осы саладағы зерттеулермен айналысатын ұйымдар бойынша барлық мәліметтерді алу;
•
барлық мүдделі журналдар бойынша ақпарат алу.
Достарыңызбен бөлісу: