Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет63/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Негізгі қызметтері:
- дәстүрлі және электронды тасымалдағыштардағы диссертациялар қорын қалыптастыру; 

оқырмандарға 
анықтамалық-ақпараттық 
қызмет 
көрсету; 
- ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі жаңа кітаптар мен журналдардың тұрақты көрмесін 
ұйымдастыру; 
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы 
Бақылау комитетінің, Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық 
комиссиясының Бюллетендері мен ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының және РФ 
Федералды Мемлекеттік біртұтас кәсіпорны «Ақпараттық технологиялар және атқарушы билік 
органдары жүйесі орталығының» «Сборник рефератов НИР и ОКР» анықтамалық қорын 
қалыптастыру;
- микрофиштегі диссертациялардың библиографиялық картотекасын электрондық пішінге көшіру; 
- диссертациялардың дәстүрлі алфавиттік, жүйелік каталогтарын қазақ және орыс тілдерінде 
жүргізу;

авторефераттардың 
«Жаңа 
түсімдер»
картотекасын 
жүргізу; 
- дерекқорлар және басқа да ресурстар бойынша қызмет көрсету (микрофиштерді оқуға арналған 
құрылғылармен қамтамасыз ету, диссертациялар мен авторефераттардан көшірме жасау, басып 
шығару). 


76 
Scopus – басылымдарда жарияланған мақалалардың циттаталуын бақылып отыруға 
мүмкіндік беретін әлемдегі ең ірі библиографиялық деректер базасының бірі. Scopus шамамен 
әртүрлі ғылым салалары бойынша 500 баспагерлермен ұсынылған, 21 000 ғылыми басылымдарды 
индекстейді. Осы деректер базасында тұрған материалдар арасында ғылыми журналдар ғана емес, 
конференция еңбектері, сондай-ақ сериялық кітап басылымдары бар. Scopus түрлі пәндер бойынша 
рефераттар мен журналдарды қамтитын рефераттық база ретінде барлық әлемге танымал. 
Рефераттар санында 15 мың ғылыми журналда жарияланған, 28 миллионнан аса мақалалар бар. 
Scopus деректер базасы жарияланымдарды тек ағылшын тілінде ғана емес, әлемнің басқа 
тілдерінде де индекстейді: аннотацияның жарияланған нұсқасы ағылшын тілінде болуы тиіс деген 
міндетті түрдегі бір шарттың сақталған жағдайында.1996 жылдан кейін жарыққа шыққан барлық 
ғылыми мақалалар мақалалармен бірге жарияланған библиографиялық тізімімен индекстеледі. Осы 
тізімдерді талдау негізінде, дәйексөздерді санау автоматты түрде жүргізіледі. Профильде автордың 
аты-жөні, оның жұмыс орны соңғысын қоса алғанда, жарияланымдар саны хронологиялық 
тәртіппен, ғылыми зерттеу саласы, бірлескен авторларға сілтемелер, Хирша индексі, 
циттаталуының жалпы саны көрсетіледі 
Scopus қолданушылар үшін басқа деректер базасымен салыстырғанда бірқатар 
артықшылықтарға ие: 

тақырып бойынша бір платформадан тиімді іздеу; 

зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әзірлемелер туралы барлық ақпаратты бір кіргеннен көру 
мүмкіндігі; 

осы салада ғылыми зерттеу жұмыстары жарияланған барлық авторлар туралы мәліметтер алу 
мүмкіндігі; 

осы саладағы зерттеулермен айналысатын ұйымдар бойынша барлық мәліметтерді алу; 

барлық мүдделі журналдар бойынша ақпарат алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет