Кіріспе Дипломдық жобаның өзектілігі: Әр халықтың өсуі мен өрлеуі жолында білім мен ғылымның алатын орны айырықша. Ғылымдағы өрлеу, рухани презумпциясының дамуы ұлттың дамуындағы рухани көрсеткіштер болып саналады. Демек, ғылым мен білімге салған инвестицияларының негізгі мәні де осы. Өйткені қазіргі уақыттың тынысы дерлік технологиялық үдеріске негізделген. Сол үдерістің ішінде қазіргі қазақ әдістемесінің ішіндегі «рухани жаңғыру» жолы басты талап болып отыр. Бұл дегеніміз, қазақ әдістемесіндегі аксеологиялық құндылықтардың барынша салтанат құруы. Десек те, ұлттық кодка негізделген құныдылқтар жүйесі ғана емес, жалпыадамзаттық құныдылықтар негізіндегі, сол сипатта өрістеген әдістеменің жаңашыл мүмкіндіктері қажет болып отыр. Бұл мақсатта қазіргі «ББМ» (білім беру мазмұнының) өзгері, яғни, ЖББМ (жаңартылған білім беру мазмұны) өрістеуі бұған обьективті мысал бола алады.
«Жаңартылған білім беру мазмұны» - оқушының бойындағы құндылықтардың қалыптасуына және білім көкжиегінің кеңеюіне ғана десек, сыртқы формасын талдағандай боламыз. Бұл мазмұндағы ішкі мағына тереңде жатыр. Демек, оқушының ғана емес, сол арқылы ұлттың әлемдік контекстегі орнын, көзқарасына рухани жаңашылдықтар алып келу, жаңа мазмұн әкелу болып саналады. Демек, оқышыны адамзаттық құндылықтарға баулу – негізгі мақсат болса, жүрек түкпіріндегі ұлтқа деген сүйіспеншілікті ояту сабақтың өне бойындағы әдіснаманың міндетіне айналуы қажет.
Әдебиетті оқыту – өнердің мағынасы мен сипатын оқушылардың жүрегіне ұялату, оның сыртында оқушыны адамгершілікке, имандылыққа баулу, Өйткені әдебиеттің атқаратын алғашқы функциясы – адам жанын ізгілендіру екені белгілі. Ізгіліктің өзі жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделгенімен де ерекше. Көркем шығарманы оқытудың алғашқы шарты осы ізгіліктің салтанат құруын әкеледі. Ал «сөз өнері» барлық өнер түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан да әдебиетті оқыту әдістемесіндегі басты ерекшелік осы.
Ал қазақ тілінің оқыту әдістемесіндегі басты сипат: тілдің болмысын танытуымен бірге оқушының бойындағы тілдік тұлғалардың дамуымен байланысты. Қазақ тілін оқыту – тілдің құдыретін таныту. Осы мақсат тұрғысынан келсек, қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесінің сипатын, атқаратын функцииясын танимыз. Ұлттың өзіндік құзыреттілігін, тіліні сақаушы көз, болмысын сақтап қалатын білім жолы екенін түсінген Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов, Ш.Әлжанов сынды алаш зиялылары ғылымның әр саласында ғылыми еңбектерін жазып, ұлт біліміне орасан зор күш салған. Осы тұлғалардың ізімен дамыған әдістеменің жаңаша бағытта өзгеру тамыры мықты ғылымның дамуын бек дәлелейді.
Демек, бүгінгі қазақ тілі мен әдебиетті оқыту – оқытудың функцияларын білумен тығыз байланыста болу қажеті. Оқытшының дидактикалық деңгейінің молдығы алдыңғы шарттардың бірі.
«Қазақ тіліндегі түбір етістіктерді құрылымдық және когнитивті семантикалық талдау: теория мен әдістеме» атты дипломдық ғылыми жобасында етістіктің оның ішіндегі түбір тұлғалы етістікті оқытудың әдіс-тәсілдеріне кең тұрғыда ғылыми талдау жасалады. Түбір етістіктің теориясы, болмысы мен сипатына, оқыту технологиялары, ұсыныстар, етістікті оқыту әдіснаманың өрістеу ерекшелігі, көкейкестілігі баяндалатын болады.
Бүгінгі таңдағы «Етістікті оқыту» саласындағы әдістеме өзіндік даму сатысында. Ал тіл біліміндегі етістік бейнесі, сипаттар жаңа қырынан зерттеліп келеді. Бүгінгі таңдағы қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі «Етістіктерді оқыту» өзіндік жүйеге түскендігі мәлім. Десек те, қай уақыт болмасын етістік тұлғасын оқушыларға таныту, әрі құрылымдық және когнитивті семантикалық тұрғысынан талдау, оқытудағы ерекшеліктер, дидактикалық ұстанымдар кезек күттірмейтін өзекті мәселелер болып табылады. Осы айтылған маңыздылықтардың барлығы дерлік біздің ғылыми диплом жобамыздың өзектілігі болып саналады.