7. Жігерлі диалог. Бұл диалог түрінің қызметі қатысушылардың ықыласы бірі екіншісін белгілі бір әрекетті орындатуға түрткі болады. Жігерлі диалог әңгімелесушілердің бір-біріне түсініктері бұйрық немесе өтініш мағынасында қолданылады. Құрамында тірек болу үшін қорытынды диалогтің етістіктерінің құрылысы бұйрық райлы жай сөйлем формасында беріледі. Жігерлі диалогтің типі екі түрден пайда болады: бұйрық диалогі, өтініш диалогі. Екі түрінде де пікірлесу кезінде қатысушылар не бағынады, немесе бағынудан бас тартады.
Класс тынып қалды. Лаура бір сазарып, бір бозарып тырс етпеді. Көзі жыпылықтап Үсенбеков орнынан атып тұрды.
Әбіл, қызбаланбасаңшы. Ал фамилияңды аңдаусыз да, былай, толқып тұрып, шатастырып алды, онда тұрған не бар? Лаура сенің аты-жөніңді мазақ етуді ойына да алған емес.
«Қуатбеков», отыр орныңа. Сенен ақыл сұрайтындай дәрежеге жеткен жоқпын. (Айымбетов М. «Нәзік жаңғырық»
8.Бұйрық диалогі.Бұл диалог түрінде сөйлеушінің іс-әрекетін, тәртібін реттеп отыру ынтасы ерекше көрінеді. Жігерлі диалогтің бұйрық диалогінде сөйлеу белсенділігі автордың қорытынды сөзінен басталып, ереже бойынша екінші адам қатыспауы мүмкін. Диалогті дамытушы – бұйрық диалогі.
Жарас Әбілович, қайда екен, айтып жібермейсіз бе? – деп сұрадым.
Қай бөлмеде болушы еді, ол кісі ылғи осы өзінің класында сабақ өткізеді. – Ол, қазір жоқ, көріп тұрған жоқсың ба өзің? (Айымбетов М. «Нәзік жаңғырық»)
М.Бахтин сөйлеу тілінің жалпы сипаттағы диалогтік белгісін ашып, онымен байланысты «сөйлеу жанрларының теориясын» қалыптастырады [11, 45].
Осы теорияның негізінде тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын сапалы әрекет түрінде жүзеге асатындығы талқыланды. Диалогті зерттеудің артықшылығы мынадай екі белгісінен көрінеді: 1. Диалогте әрбір сөйлесімнің авторы және нақты тыңдаушысы бар. 2. Диалог белгілі бір орында, уақыт шегінде контекстпен байланыста орнайды. Диалог мәтіннің бір көрінісі болғанмен, осы ерекшеліктер оны мәтіннің басқа түрлерінен ажыратады.
«Пресуппозиция» үғымы тілдік және тілдік емес шарттардың сөйлесім мазмұнын анықтауға қатысын көрсетуде қажетті категория. «Пресуппозиция – семантикалық байланыстың ерекше түрі. Ол логикалық байланыспен дәл келмейді,-деп жазған З.Ерназарова өзінің зерттеуінде [12, 221]. Ол тіл бірлігінің коммуникативті-прагматикалық аспектісін зерттеуде жеке адам бағдарын ұстану мына екі мәселені шешуге негіз болады дейді: 1) жеке адамның сыртқы дүниені қабылдауының тілдік көрінісі; 2) жеке адамның уәждемесі мен мақсатының жүзеге асуының тілдік құралы [12, 17]. Әлеуметтік нормалар мен ережелер сөйлесім мазмұны мен құрылымында жасырын түрде көрінеді. Бұндай конвенциялар мен ережелердің жалпыланған, абстрактіленген үлгілері де бар. Мәселен, дәлел ретінде айтылатын сөйлеуші сөзінде нақты дәлелдер, негіздеме және негізгі мазмұнға берілетін баға өзара байланыста берілуі керек [13, 327]. Яғни, бұл әлеуметтік норма мен ереженің сөйлеу әрекетіне тигізген ықпалын көрсетеді.
Экстралингвистикалық факторлар сөйлесімдердің жұмсалу себебін негіздейді, бірақ диалогтің құрылымын, шегін, төменгі белгілерін анықтаушы шарт бола алмайды.
Диалогтің табиғаты диалогке қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің тиісті жауап реакциясының тууына түрткі болатын репликалардың алмасуында ашылады. Диалогтік қатысымның дәл осы ерекшелігі қазіргі уақыттағы диалог теориясының репликаларды реплика-стимул мен реплика-реакция етіп бөліп, диалог барысындағы олардың орнын да белгілеген болатын. Диалогті зерттеуде психологиялық және психолингвистикамен шектесетіні белгілі. Өйткені, таза лингвистикалық зерттеулер ауызша қатысымның барлық аспектілерін толық сипаттай алмайды. Қазіргі тіл білімінде диалогтің құрылымы мен сипатын анықтайтын мәнбілерді қарастыратын, экстралингвистикалық жағдайларды ескеретін психолингвистикалық бағыттың динамикасы байқалады [1,13].
Сөйлесім түрлері арасында байланыс бір жақты тұрақтылықта көрінбейді [14, 41 ]. Әр сөйлесімнің бірнеше сөйлеу жағдаятына әр түрлі мақсатта жұмсалуы мүмкін. Бір мақсаттың көрінуі диалогті құрай алмайды. Диалог әр түрлі мақсаттың үйлесуі арқылы қалыптасады. Бірақ сол әр түрлі мақсатты анықтайтын тыңдаушының реакциясы. Диалогті бастаушы сөйлесім түрлері өтініш білдіруден немесе қажетті хабарды алудан басталғанмен, бүл сөйлесім түрлері тыңдаушының әр түрлі реакциясын тудырып, қарым-қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін. Сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сөзі оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі болады. Мәселен, Оттығыңыз бар ма? Бұндай сөзден кейін тыңдаушы қандай түрде болмасын сөзді жалғастыруы мүмкін. Қарым-қатынас этикетпен байланысты әңгіме бастаудан (ауа райы, қоғамдық ортаның жағдайы және т.б.) қалыптасып жатады. Қарым-қатынас тыңдаушының қалпын өзгертіп, әрекетке итеруді мақсат етпейді. Бұл «үндемей тұрғаным ұят болар» деген сыпайылық сөйлеу әдебі, адамдардың сөйлесу, әңгімелесу қажеттілігімен байланысты қалыптасады.
Орыс ғалымдары А.Н.Баранов, Г.С.Крейдлин сөйлеушілер мақсатының өзара ықпалдасуы диалогті тілдің басқа түрдегі қызметінен ажыратады дейді [15, 85]. Диалогті қалыптастырушы сөйлеу мақсаттарының өзара сөйлесуі, ықпалдасуы сөйлемдер арасындағы семантикалық байланысты да, синтаксистік құрылымды да анықтайды. Мақсаттар сәйкестігінің шегін анықтау диалогті құрастырушы компоненттер немесе диалогтің құрылымы мәселесімен байланысады. Ең кішкене диалогтік бірлікті анықтау үшін А.Н.Баранов, Г.С.Крейдлин «иллокутивті мәжбүрлік» ұғымын енгізеді [15, 86]. Иллокутивті мәжбүрлік – коммуниканттардың сөйлеу мәнбілері арасындағы мақсаттық байланыс. Сөйлеу мәнбілерінің мақсаттары арасында бірін-бірі тудыратын тәуелді байланыс бар. Сол байланыстың сипатына қарай сөйлеу мәнбілерін тәуелді, тәуелсіз; абсолютті тәуелді және абсолютті тәуелсіз түрлерге бөлуге болады. Шағын диалог бірліктерінің тізбегі жалпы мәтінді құрайды. Әдетте, сөйлеу мәнбілері сұрақ-жауап, өтініш-уәде түрінде зерттелгенмен, оларды біріктіретін тұтас белгі, яғни диалог құруға мүмкіндік беретін белгі назардан тыс қалған сияқты.
Иллокутивті мәжбүрлік диалогті толық сипаттап бере алмайды. Өйткені, мәжбүрлікті байланыс, біріншіден, сөйлеушінің сөздері -сөйлесімдер арасында да орнайды (барсам, барамын), екіншіден, барлық сөйлеу мәнбілері арасында тәуелді мағыналық байланыс орнамауы мүмкін. Сөйлеу мәнбісі теориясында мақсаттық үйлесімнің абсолюттенген түрлері қарастырылады. Ал, сөйлеу әрекеті үнемі бірыңғай бағытта дамымайды. Сөйлеу мәнбілерінде мағыналық-тақырыптық байланыс сақталмауы да мүмкін. Бірақ, ол да диалогті қалыптастырады.
Осы қайшылықты шешу үшін интенциялардың өзара ықпалдасуы немесе бірін-бірі тудыратын өзара байланысын көрнекті ғалымдар Л.П.Чахоян, Ш.Л.Поронян интеракция деп атайды [16, 67]. Диалогке қозғалыс, туындаушы сипат тән. Сөйлеушінің интенциясын жеткізуші алғашқы сөйлеу мәнбісі кейінгісімен салыстырғанда, тәуелсіз сипатта болса, кейінгісі алғашқының мақсаты мен мазмұнына тікелей тәуелді болады.
Қарым-қатынастың диалогтік бірлігін анықтауда басшылыққа алынатын принцип-мақсаттардың өзара әсерінен туындап өзара үйлесетін кем дегенде екі түрлі сөйлеу бірлігі (көндіру – қарсылық білдіру) жасалады. Шағылысқан сөйлеу бірліктері коммуникативті бағдарына қарай негізгі және қосалқы түрлерге бөлінеді. Соңғылар негізгіні дәлелдейді, түсіндіреді. Олар әр түрлі қызметте жұмсалуы мүмкін. Сөйлесім мақсаты жасырын не ашық түрде көрінеді.