Тәйт, әрі! Күпір сөйлеме! (үнтаспадан көшірме) Сөйлеу диалогте тек қана стилистикалық сөйлеу өлшемінен басқа ауызекі сөздер мен жаргон сөздер де қарастырылған. Оның қолданысы көбіне жастар сөздерінен айрықша байқалады. Мысалы:
Гүлбаршын: Неге ренжимін, айта беріңіз... Абдолла: Жақсы көрдім деймін... Сіз маған ұнайсыз... Гүлбаршын: Рахмет!... Сүйгеніңізге. Тамаша... Абдолла: А? Гүлбаршын: Жақсы көргеніңіз үшін – рахмет. (үнтаспадан көшірме) Сөйлеу диалогте төмендетілген стилистикалық лексиканың әртүрлі қызметінің көбі қазіргі әдеби зерттеулерде қарастырылған, сондықтан бұл мәселені қозғағанда бірнеше жалпылама пікірлермен ғана шектелеміз.
Ауызекі сөйлеу лексикасының қолданысы жай қатынастар мен отбасылық достық қатынастармен белгілі.
Сөйлеу лексикасы ауызекі диалогінде жиі кездеспегенімен, ол оған біршама қажет, ол диалогті көркемдете, еркіндете және жандандыра түседі.
Қасым: А, осы ағай қызық кісі-ау, жарықтық. Байқаймысыңдар. Қалай дейсіңдер ? Жұпар: Иә, тым оригинальный көрінеді. Ғани: Ылғи "қыздар" дейді. Жазыкең: Е, енді қыз емей енді кім едің, шырағым-ау? Олай айтуға болмаса, енді дұрысын өзіңіз айта ғой. О несі екен? (үнтаспадан көшірме) Жай сөйлеу лексикасы сөйлеу диалогте тілдік айналымдар кезінде, күлкілі нәтиже беру мақсатында да қолданылады.
Гүлмайдан: Алпан саған не болған ? Алпан: Сенің жұмыстан шыққаныңа қырық бес минут болды ғой, қайда жүрсің ? Гүлмайдан: Сүт, сүт алдым, міне. Алпан: Ол дүкен алыста ғой, сен қалай тез келіп қалдың ? Гүлмайдан: Не ? Алпан: Қалайша тез келдің дейім... Ол алыс... Ә, сені біреу машинамен әкеліп тастаған ғой?... Гүлмайдан: Әй, өзің қандай адамсың?! Біресе ерте келдің дейсің ?! Біресе кеш келдің дейсің ?! (үнтаспадан көшірме) Қарапайым лексикасы ауызекі диалогінде мәнерлі, сатиралық қолданыста әр кез бола бермейді. Мысалы, кейбір төменгі білімді адамдар оны ондай мәнерлі түрде қолданбайды.
Оны стилистикалық шаманы білмейтін адамдар да есепсіз қолдана береді.
Сонымен, сөйлеу диалогінде, қарапайым лексикасының, жаргон сөздердің болуы оның еркін және айқын болынуының басты көрсеткіші.
Қарапайым лексикасы мен жаргон сөздер қолданысы жастардың сөйлеу мәдениеттілігін төмендетеді. Соңында стилистикалық қабаттың төмендеуі қайта ойлануға себеп болады.
Зерттеушілер сөйлеу диалогінің өзгеше сипаттамасын сөйлеу мәнерінде әдеби сөздерді пайдаланумен байланыстырады.
Стильдік қолданыста туындаған қарама-қайшылықтар лингвистикалық еңбектерде де кездеседі. Біздің жұмысымызда әдеби және қарапайым лексиканың байланысы сөйлеу диалогінің бейтарап және стилистикалық құрамының басты құрылымы ретінде қарастырылады.
Тілдік ойындардың артықшылықтарына байланысты әдеби лексика сөйлеу диалогінде өте аз зерттелген.
Біздің мақсатымыз әдеби лексиканың сөйлеу диалогіне енуінің негізі мен себептерінің қолданылуын қарастыру.
Орта есеппен әдеби лексика сөйлеу диалогінің 2% құрайды. Сөйлеу диалогінде әдеби лексиканың пайда болуының өзіндік себептері бар. Бәрінен бұрын әдеби сөздер мен ұғымдардың сөйлеу диалогіндегі қолданысы әр адамның өзіндік сөйлеу мәнеріне байланысты.
Бұл жағдайда әдеби лексика ешқандай сөздік жағдайға да, серіктесіңнің мінез-құлқына да, тақырыпқа да қатыссыз қолданылған.
Біздің материалымыздың көп бөлігін ресми-іскери тілді меңгерген бір хабаршы әдеби сөздерді өз әңгімесінде тіпті керек етпейді. Мысалы:
-Жүйелі түрде үш құрбыммен хат алысып тұрады. Біреуі ауылда тұрады. - Оқытушылар да, оқушылар да оның тапқырлығына мәз болды, сабақты өте жоғары бағалады. (үнтаспадан көшірме) Егде адамдардың сөйлеу мәнерінде көбіне ескірген сөздер басым.
- Әй, тәйір, енемнің аруағының мысы басты ма, білмеймін. (үнтаспадан көшірме) Сөйлеу диалогінде әдеби лексиканың кең етек алуы арнайы тақырыптық әңгімелердің әсерінен десе де болады.
Ережелерге сәйкес әр мәселелердің шешілуі терминологиялық лексикаға әкеліп соғады.
Лингвистикалық есімше, алдыңғы позитивтік, басты позитивтік, оңашаланған сынды терминдер филолог ғалымдардың лингвистикалық тақырыптағы әңгімелерінде кездеседі. Әдеби лексикамен бірге олардың сөздерінде жай сөйлеу лексикасы да кездеседі. Ең бастысы оның бәрі әңгімеге араласушы ұжымға байланысты. Арнайы тақырып және арнайы терминдер, әңгімелесушілердің бір-бірін жақсы түсінуіне көмектеседі және диалогті әрлендіре түседі.
Қысым, Сауықтыру, Клетка – сынды биологиялық терминдер сөйлеу диалогінде телепатиялық (бір жақты) таластар кезінде кездеседі.
Бірақ, барлық уақытта терминдердің сөйлеу диалогінде пайда болуы белгілі бір негіздермен шартты емес екенін айта кеткен жөн.
Психологиялық деректерге сүйенсек, сөйлеу диалогінде әдеби тілдің пайда болуына әңгіме барысындағы серіктесіңнің бағыт-бағдары көп әсер етеді. Мысалы: жоғары оқу орнының мұғалімі мен жас жұмысшының әңгімесіне құлақ түрсеңіз , жақсы, мәдениетті әңгіме болу үшін жас жұмысшының сөзінен әдеби сөздерді пайдаланып отырғанын аңғарасыз.
Кейбіреулердің сауатты болып көрінгісі келуі үшін әдеби тілді қолдануы кейде оның мәдениетті екендігін онша аңғарта қоймайды.
- Жемістің ұзақ сақталуы, жарамдылығы қалай екен, а, қалай екен. - Жыл бойы. (үнтаспадан көшірме) Кейде серіктесінің алдында үлкен болып көрінуі үшін кейбір оқушылар да сөздерінде ресми-іскерлік сөздерді қолданады.
- Қазір өте керемет кеш болуы мүмкін. Сұрақ қоюға, трибунаға шығып сөйлеуге дайын болыңыздыр. Саясатқа жол берілмейді, тақырып бойынша сөз қозғаңыздар. // Жалпы бұл туралы сұрақ қозғалған болатын. (үнтаспадан көшірме) Әдеби тіл сөйлеу диалогінде қолданыла отырып өзінің лексикалық стилистикалық мағынасын өзгертуі мүмкін. Біріншіден, ол өзгеше мысқылды ойды білдіруі мүмкін. Әсіресе терминдік ұғымдар сөйлеу диалогінде өзінің нақты мағынасын жоғалтады да күлдіргі мағына береді.
– Иә, мен білем, сіздің нақты ұмтылысыңызды, әрине, білем ұмты- лысыңызды. Екіншіден, әдеби тіл өз мағынасын жоғалта отырып ауысқан және мағынасы төмендеп кеткен сөйлеу диалогінің пайда болғанын көреміз.
– Алда үлкен соқтығыс күтіп тұр, менің болмауым да мүмкін. – Неге?(үнтаспадан көшірме) Егер сөйлеу диалогінде әдеби сөздің лексикалық мағынасы өзгермеген болса, онда стилистикалық құрылымы өзгеріске ұшырайды:
а) әдеби сөздер өздерінің тура мағынасында қолданылады, бірақ жаргон сөздермен, я болмаса ауызекі сөздермен қатар лексикалық мағынада бола алмайды.
ә) әдеби сөздер синтаксистік құрылымдарда да өзінің мағынасында қолданыста болады.
Сөйлеу диалогінде де әдеби сөздер серіктесіңнің ыңғайына қарай, арнайы тақырыпқа байланысты, тілдік ойындардың мақсаттарына байланысты өзінің ерекше жеке сөздік мәнерін қалыптастырған.
Сөйлеу диалогінің біршама белгілісі бейтарап лексика. Әдеби лексика сөйлеу диалогінде барынша аз қолданылады, ол көбінесе арнайы тақырыптармен, әңгіменің жағдайына, серіктестің бағытына байланысты қолданылады. Әдеби тілдің элементтері берілген лексикалық топтарға стилистикалық өзгерістер енгізуге болады.
Тілді қолдану арнайы стилистикалық негізі бар қатесіз, я болмаса стилистикалық ережелерге сай болмауы жауапсыздық болып есептеледі.
Сонымен, ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық сипаттамасы бір түрлі емес. Ауызекі диалог – қысқа. Сөйлемдері көбінесе күрделі емес, сондықтан тіл біліміндегі тіл бірліктерін үнемдеу заңдылығы үлкен көрініс табады. Ауызекі диалогте сөзді қысқарту, сөзді қалдырып кету т.б. жиі кездеседі. Ауызекі диалогтің лексикалық қорының негізгі мүшелері – бейтарап стильдік сөздер, тұрмыстық қарым-қатынас сөздер, экспрессиялық, эмоционалдық сөздер, стилистикалық реңкі көбінесе кітаби емес сөздер, жаргонизмдер, диалектизмдер. Осылардың қатарында кітаби лексика да (2%) қолданылады. Бұл қолданыстардың мақсаты: диалогке қатынасқан индивид (индивидтер) өзінің (өздерінің) жоғарғы мәдениетті екендігін, оқымысты екендігін көрсету үшін пайдаланады.