Кіріспе компьютерлік желілердің негіздері Алғашқы жергілікті желілер



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата04.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#47400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Lek 1

 
Есептеу желілері 
Есептеу желілеріндегі программалық және аппараттық байланыстар әлсіз, ал байланыстар одан да әлсіз.
Компьютерлер арасындағы байланыстар байланыс арналары бойымен қосылған арнайы сыртқы құрылымдар − 
желілік адаптерлер арқылы орнатылады. Әрбір компьютер өзінің жеке операциялық жүйесінің басқарумен жұмыс 
істейді. Желінің компьютерлері арасындағы жұмысты бөлетін қандай да бір "ортақ" операциялық жүйе мұнда жоқ. 
Желінің компьютерлері желілік адаптерлер және байланыс арналары арқылы бір-бірімен хабарламалар алмасу 
арқылы өзара байланысады. Осы хабарламалардың көмегімен көбінесе бір компьютер екіншісінің жергілікті 
ресурстарын пайдалануға рұқсат сұрайды. Ондай ресурстар ретінде дискіде сақталған деректер, принтерлер, 
модемдер, факс-аппараттар сияқты әртүрлі сыртқы құрылымдар болуы мүмкін. Желідегі әрбір компьютердің 
жергілікті ресурстарын қолданушылар арасында бөліп, ортақ пайдалану − есептеу желілерін құрудағы негізгі 
мақсат. 
 
Тұжырымдар 

Есептеу желілері − компьютерлік технологиялардың даму эволюциясының нәтижесі. 

Есептеу желілері дегеніміз − байланыс жолдарымен қосылған компьютерлер тобы. Байланыс жолдары 
кабельдер, желілік адаптерлер және басқа коммуникациялық жабдықтар арқылы құрылады. Барлық желілік 
жабдықтар жүйелік және қолданбалы программалық жабдықпен басқарылады. 

Желінің негізгі мақсаты − желідегі қолданушылар үшін ондағы барлық компьютерлердің ресурстарын 
ортақ пайдалануға мүмкіндік жасау.

Есептеу желілері − бөлшектенген жүйелердің бір түрі, олардың артықшылығы есептеулерді параллель 
орындауды қамтамасыз ету, ал оның өзі жүйенің өнімділігін және орнықтылығын арттырады. 

Желілердің дамуының маңызды кезеңі − әртүрлі текті компьютерлерді тез және тиімді қосуға мүмкіндік 
беретін Ethernet сияқты стандартты технологиялардың пайда болуы. 

Есептеу желілерін пайдалану өнеркәсіп үшін келесі мүмкіндіктерге қол жеткізуге жағдай жасайды:

құны жоғары ресурстарды бөліп қолдану;

коммуникацияларды жетілдіру;

ақпараттарды пайдалануды жақсарту, жеңілдету;

шешім қабылдауды тездету және сапасын жоғарлату; 

компьютерлердің территориялық орналасуының еркіндігі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет