Кіріспе. Көру мүшесінің және көздің қосалқы аппаратының топографиялық анатомиясы. Көру мүшесінің қызметтері



бет1/11
Дата15.12.2023
өлшемі13,84 Mb.
#138797
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
көз

Кіріспе. Көру мүшесінің және көздің қосалқы аппаратының топографиялық анатомиясы.Көру мүшесінің қызметтері

М.ғ.д., профессор

З.А.Джуматаева

Офтальмология - көру мүшесінің қалыпты және патологиялық жағдайы, барлық патологиялық үрдістердің ( процестердің) нәтижесінде көру қызметтерінің төмендеуін, жоғалуын алдын- алу және емдеу.

Осы тәртіптің ішіне нашар көрушілер, зағиптар және көруі бойынша мүгедектердің медициналық және әлеуметтік реабилитациясының мәселелері бойынша медициналы әлеуметтік сараптама сұрақтары да кіреді.

Көз сезу мүшелеріне жатады. Адам өмірінде, жалпы жан -жануарлар өмірінде көздің маңызы өте зор. Себебі қоршаған ортаның 90 пайызынан артығын осы көз арқылы сеземіз, көреміз. Көз тек көріп қоймай, ол адамның көңіл- күйін, жан -дүниесін, хал- жағдайын танытады. Себебі, көз бас миының шетке шығып тұрған бір бөлігі.

  • Көз сезу мүшелеріне жатады. Адам өмірінде, жалпы жан -жануарлар өмірінде көздің маңызы өте зор. Себебі қоршаған ортаның 90 пайызынан артығын осы көз арқылы сеземіз, көреміз. Көз тек көріп қоймай, ол адамның көңіл- күйін, жан -дүниесін, хал- жағдайын танытады. Себебі, көз бас миының шетке шығып тұрған бір бөлігі.

Абу Али Ибн Сина (Авиценна) «Канон врачебного искусства» (XI) атты еңбегінде көру мүшесінің анатомиясын, физиологиясын және көз ауруларын талқылап оны емдеу тәсілдерін ұсынған. Соның ішінде катарактаның экстракциясын өте ауыр және қауіпті ота екенін айтып кеткен. Офтальмологияның революциялық дамуы Гельмгольцтың ашқан жаңалығы болды (1821-1894) .

Қазақ ғылыми - зерттеу көз аурулары институты 1933 жылы құрылды. Ал, 1934 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық институттың көз аурулары кафедрасы құрылды, оны 35 жыл бойы профессор В.П.Рощин (1934-1969 жж.) басқарды.

Көру мүшесі жұп мүше. Ол төрт бөліктен тұрады:

  • Шеткі бөлік немесе қабылдаушы бөліктен - көз алмасы және оның қосалқы бөліктері.
  • Өткізу жолдарынан - ганглиозды клеткалардың аксондарынан тұратын көру нерві, хиазма, көру тракті.
  • Қыртыс асты орталықтарынан - сыртқы имек дене, көру сәулеге немесе Грациоле сәулелік буда.
  • Жоғарғы көру орталығынан - мыйдың шүйде бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет