Кіріспе Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі



бет12/12
Дата13.04.2023
өлшемі148,5 Kb.
#82575
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мектептегі денешынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру

Қорытынды

Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.


Мектеп бағдарламасындағы денешынықтыру сабақтарында оқушыларды гимнастикалық жаттығуларды жасауға, жаттығулардың түрлері мен олардың қимылдық ерекшелігін, денсаулыққа пайдалылығын ескерту жұмыстарын жүргізу – мұғалімнің міндеті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің қазақстан халқына жолдаған кезекті үндеуінде: «Спорт – әлем елшісі. Спорт – денсаулық кепілі. Жастар мен өскелең ұрпақты түгелдей спортқа жұмылдыру керек» дегенді. Міне, Елбасы жолдауына қолдау танытып, жас буынның денесін қатайтып, спорттық іс-шаралар мен түрлі олимпиада, байқауларға тарту, оларды ұйымдастыру жұмыстары біздің курстық жұмысымызда түгелдей айтылып, әдістемелік көмекші құрал ретінде қамтылды.
Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету – педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау – білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген. Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды.
Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені – мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабелетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан – жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан – жақты дамуында маңыздылығы басым.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болға адам білімді болады» – десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді».
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ . Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Тарих көші жылжыған сайын – жаңа ұрпақ пен жаңа қоғамның жаңалықтарға деген сұранысы күн санап арта бермек. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы бүлдіршін мен қазіргі заман баласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Тіпті, ширек ғасыр демей-ақ, әрбір бес-он жыл сайын ауысып келіп отыратын балдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың сан қырлы сипаттарын санамалап кете беруге болар еді. Өйткені айнала қоршаған ортаның, болашақты тәрбиелейтін қоғам мен заманның күнбе-күнгі өз-герісінде соншалықты шапшаңдық бар.
Дене тәрбиесі үрдісінде болашақ мұғалімдер дене тәрбиесі құндылықтарын денсаулықты нығайту, жоғары кәсіби жұмыс қабілетін, денені жетілдіру мүмкіншілігін ғана емес, оқұшылармен тәрбие жұмысында дене шынықтыруды бойынша кәсіби біліктіліктің жоғарғы деңгейін де қамтамасыз ететіндей дәрежеге меңгеруге тиіс. Мұнда мұғалім жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы ережеде тіркелген шағын міндеттермен шектеліп қалмауға тиіс. Ол дене тәрбиесін ұйымдастуырушы және насихаттаушы төреші ретінде балалардың оқуы мен демалысының гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ете отырып, олардың ауқымын кеңейтуі керек.
Болашақ мұғалімде бұл қызметтің мәніне сенім, оның нәтижесі үшін жауапкершілік, тәрбие үрдісінде әдістемелік негізін меңгеруге құштарлық болса ғана кәсіби дайындықтың осы бағдарламасын орындай алады.
Мұғалімдерді тұтастай кәсіби дайындау қрылымында олардың өз денсаулығына, кәсіптік жұмыс қабілетіне қатысы, дене тәрбиесіне қалыптасқан көзқарасы, сенімі, құнды бағдары тәрбиелік деңгейін көрсетіп, педагогикалық қызметіне, сондай-ақ бос уақытта дене шынықтыру мен спорт құралдарын нақты пайдалануы жалпы мәдени және кәсіби дамуының аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




  1. Матвеев Л.П. Теория и методика физической. – М : «ФиС», 1991 г. - 336 с.

  2. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 325 с.

  3. Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2006 ж. 272 б.

  4. Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, «Санат», 2000г – 125 б.

  5. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың ілімі мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 260 б.

  6. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2002 г. - 478 с.

  7. Теория и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: «ФиС» 1990 г. - 234 с.

  8. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2001 г. - 143 с.

  9. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. – М.: «ФиС», 1970 г.

  10. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: «ФиС» 1977 г.

  11. 5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Тилеугалиев, С. Тайжанов) - А-Ата , 2000 г. - 47 с.

  12. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.

  13. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет