“Кәсіпорын экономикасы” жеке дара экономикалық пән болып табылады. “Кәсіпорын экономикасы” курсының оқу пәні - кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметін өндіру, сипаттау, түсіндіру, шаруашылық шешімдерді әзірлеу мен қабылдау процесі.
Курстың мазмұны:
кәсіпорын нарықтық экономиканың негізгі буыны;
кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіптік өндірістің типтері, өндірістік циклды ұйымдастыру;
капиталды және кәсіпорын мүлкін жинау, қолдану. Негізгі және айналым қорларындағы қажеттілікті анықтау;
өндірісті техникалық дайындау және қажетті өндірістік инфрақұрылым құру;
кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекақы жүйесі, еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру;
өндіріс шығындарының құрылуы, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы, кәсіпорынның ақша саясаты;
кәсіпорынның қаржы ресурстары, шаруашылық қызметтің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелді бағалау;
кәсіпорынның инновациялық қызметі, өнім сапасы, кәсіпорынның инвестициялық саясаты;