Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет9/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

СӘУЛЕТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RADIOLARIA
Сәулелілер тек теңізде ғана тіршілік ететін қарапайымдылар, 7000-нан аса түрлері белгілі, көпшілігі жылы теңіздерде кездеседі. Олар өзінің түрлі сыртқы пішінімен (формасымен), әсем сәулетәрізді минеральды ішкі қаңқасының құрылысымен және цитоплазмада айырықша қабық - орталық капсуланың болуымен ерекшеленеді. Орталық капсуланың цитоплазмасы органикалық тері мембранасы арқылы екі бөлікке - капсула ішіндегі және капсула сыртындағы цитоплазмаға бөледі.
Капсула ішіңдегі цитоплазма тығыз, түйіршікті болып келеді, бір ғана немесе көп ядролар орналасқан, ал капсула сыртындағы цитоплазма жұқа көбіктенген, онда вакуольдер, қоректік бөлшектер, шырыш пен май тамшылары орналасқан. Цитоплазмалар бір-бірімен капсула түтікшелері арқылы байланысады. Көп жағдайда цитоплазмада симбиозды тіршілік ететін бір клеткалық балдырлар кездеседі. Олар сәулелілерді оттегімен қамтамасыз етеді.
Сәулелілерде екі түрлі жалған аяғы болады. Біріншісі - капсула ішіндегі цитоплазмадан түзілген капсула түтікшелері арқылы сыртқа шыққан жалған аяқтары, екіншісі - капсула сыртындағы цитоплазмадан түзілген жалған аяқтары. Осы жалған аяқтары бір-бірімен байланысып күрделі тор құрайды да, қоректік заттарын ұстау қызметін атқарады. Бұдан басқа көптеген сәулелілерде аксоподия деген жалған аяқтары болады. Олар тарамдалмаған, тік болып келеді. Аксоподиялары мен қаңқасының инелері денесінің су қабаттарында қалқып жүруіне мүмкіндік береді.
Сәулелілердің санаулы түрлері ғана жынысты жолмен көбейеді, ал көпшілігі жыныссыз жолмен екіге бөліну арқылы көбейеді. Сәулетәрізділер класс тармағы бес отрядқа бөлінеді.
Акантария отряды - Acantharia. Акантариялардың қаңқасы күкірт қышқылды стронциядан құралған, 20 сәулелі инелері болады. Орталық капсуласы нығыздалған цитоплазмадан құралған, кейбір түрлерінде орталық капсуласы болмайды. Негізгі өкілі - Acanthometra elastica.
Спумеллярия отряды - Spumellaria. Спумелляриялардың қаңқасы кремнеземнен құралған, кейбір түрлерінде қаңқасы болмайды. Орталық капсуласында көптеген майда саңылаулары болады. Негізгі өкілі - Thalassicola muleata.
Насселярия отряды - Nassellaria. Насселяриялардың қаңқасы кремнеземнен құралған. Орталық капсуласы ұзын, ұршық тәрізді. Негізгі өкілі - Medusetta craspedota.
Фаеодария отряды - Phaeodaria. Фаеодариялардың кремнеземді қаңқасы өте жақсы жетілген. Орталық капсуласында бір немесе ylu үлкен тесігі болады. Негізгі өкілі - Aulacantha scolymantha.
Стихолонхеа отряды - Sticholonchea. Қаңқасының инелері 18-20 шамасында сәулетәрізді шоғырланып орналасады. Өкілдері Жерорта теңізі мен Тынық мұхитында табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет