Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


Құлыптылар класс тармағы-TESTICARDINES немесе ARTICULATA



бет157/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   163
Құлыптылар класс тармағы-TESTICARDINES немесе ARTICULATA
Бақалшақтың қос жақтаулары артқы сүйір ұштарымен құлып арқылы бір-бірімен орнықты біріккен(класс тармақтың аталуы да осыдан). Бұлшықеттері жақсы дамыған, олар бақалшақтың жақтауларын ашып, жауып және керек жағына бұрап тұрады. Аяқшасы(сабақшасы)денесінің қысқа және тығыз өсіндісі,оның бұлшықеттері жоқ. Аяқшасы, құрсақ жақтаудың арнайы тесігі арқылы шығып субстратқа бекінеді. Артқы ішегі тұйық, аналь тесігі жоқ. Құлыптылар кембрий дәуірінің басынан белгілі. Оларға 8 қазбалы және 2 қазіргі отрядтар жатады. Негізгі тұқымдастары: Rhynchonellidae Thecideidae. Қазба тұқымдастары: Rustellidae, Protoithidae, Eorthidae т.б. Негізі туыстары: Rhynchonella, Maqellania, қазба туысы Spirifer.
Құлыпсыздар класс тармағы-ECARDINES немесе INARTICULATA
Бақалшақтың жақтаулары бір-бірімен бұлшықеттер көмегімен байланысқан, құлпы жоқ(класс тармақтың аталуы осыдан). Бақалшақтың жақтауларын ашып, жауып тұратын және аяқша(педальді)бұлшықеттері жақсы дамыған. Аяқшасы(сабақшасы)денсінің ұзын өсіндісі, өзін ықшамдайтын бұлшықеттері бар. Аяқшасы қос жақтаудың аралығынан шығып субстратқа бекінеді. Артқы ішегі,аналь тесігі бар. Құлыпсыздар-ежелгі иінаяқтылар,кембрийге дейінгі дәуірлерден белгілі. Оларға 2 қазбалы және 3 қазіргі отрядтар жатады. Негізгі тұқымдастары: Lingulidae, Discinidae, Craniidae. Қазба тұқымдастары: Micromitridae, Obolidae, Trimerellidae.
ФОРОНИДТЕР КЛАСЫ – PHORONIDEA
Фороонидтер – екі жақты симметриялы,екінші реттік қуысты, құрт тәрізді, өздері шығаратын түтіктің ішінде өмір сүретін, теңіздерде мекендейтін жануарлар. Денесінің жоғарғы жағындағы қармалауыштары бар лофофорасы жақсы дамыған,тағаға ұқсас, ішектің тесіктері бір-біріне жақын орналасқан; ауыз тесігі қармалауыштардың ортасында, аналь тесігі – қармалауыштардың сыртында. Ауызын эпистом бөліп жауып тұрады. Тері-бұлшықеті қапшығы сыртқы сақиналы, ішкі ұзына бойы бұлшықеттерден тұрады. Қарапайым құрылысты нерв жүйесі эпидермисте диффузды шумақтан, ауыз маңындағы сақинадан және сол жақ нерв бағанасынан немесе өте ірі талшықтардан құралған. Арнайы сезім мүшелері жоқ. Денесінің екіншілік реттік қуысы үш бөлімге бөлінген:алдыңғы – эпистомальді, ортаңғы – лофофоралы, осыдан қармалауыштарға целом қуыстары жалғасады, артқы – тұлға қуысы. Қан айналым жүйесі тұйық, арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. Зәр шығару мүшелері қосарланған целомодуктылар түрінде. Жыныс жүйесі гермафродитті, аналық және аталық безі дененің артқы бөлімінде орналасқан. Бөлшектену радиальді, кейде спиральді, дамуында үш ұрық жапырақшалары айқын көрінеді, личинкасы пелагиялық және метаморфозды. Теңіздердің тайыз суларында мекендейді,наннопланктондарды (өте ұсақ организмдерді) қорек етеді, тек жыныстық жолмен көбейеді.
Форонидтер шағын ғана реликтік топ, екі тұқымдасын, 18 түрін біріктіреді, кейбір қосымша деректерге қарағанда ежелгі палеозойдан келе жатқан жануарлар.
Құрылысы мен физиологиясы.Форонидтердің денесі құрт тәрізді, буындалмаған, екі жақты симметриялы, цилиндрлі, қармауыш аппараты алдыңғы жоғарғы жағында орналасқан, денесінің артқы жағы колба түрінде күмпиген, түсі мөлдір немесе қызыл, қоңыр – жасыл болып келеді, түссіздері сирек. Денесі бір қабатты тері эпителиймен қапталған.
Эпителий клеткалары ерекше тығыз затты-хитинді түтікті жасайды. Форонидтер түтіктің ішінен өмір бойы шықпайды, тек денесінің алдыңғы бөлімін ғана шығарады.Түтікті жасауда оған құмның түйіршіктері, бақалшақтың сынықтары, губкалардың инелері және т.б. жабысып түзіледі.Форонидтер әдетте жұмсақ балшықтарға немесе қатты жерлерге төселіп жабысады,кейде ғана моллюскалардың бақалшағы мен қатты ізбесті жерлерді бұрап, тесіп вертикальді жолдарды жасайды.
Форонидтер – шағын жануарлар. Ең ұсағы Phoronis ovalis – ұзындығы 6 мм , ең ірісі Phoronopsis californica – 30-37 см.
Ауыз тесңгңнңғ жанында, таға тәрізді лофофораның бойында екі қатар ұсақ кірпікшелі қармалауыштары орналасқан. Қармалауыштардың саны өте көп, кейде мыңға дейін жетеді. Эпидермис астындағы қалың базальдік мембранасы қармалауыш аппаратының қаңқасын түзейді. Қоршаған ортамен байланысты сыртқы тітіркендіргіштерге оңай жауап беретін қармалауыштардың көптеген сезімтал клеткалары және екі лофофоралы мүше қамтамасыз етеді. Қармалауыштардың кірпікшелі клеткалары сырттан кіретін су ағынын реттейді, сумен ұсақ бір клеткалы организмдер әкелінеді (наннопланктон), олар қармалауыштардағы эпидермистің және лофофоралы мүшенің безді клеткалары бөліп шығаратын сілекейімен оралып, ауыз тесігіне айдалады. Судың сыртқа шығатын ағыны қармалауыштар эпителиінің тербелмелі қозғалысы арқылы іске асады. Қармалауыштарының целомындағы сұйықтығында гемоглобині бар қан клеткаларының болуы, оларға тыныс алу қызметін атқаруға мүмкіндік береді. Сонымен,қармалауыш аппараты – суды айдайтын, қорегін ұстайтын және тыныс алатын мүшесінің қызметін атқарады.
Тұлға қабырғасы – базальдік мембрананың шығаратын жұқа кутикуламен жабылған эпидермис қабатынан, тері-бұлшықет қапшығынан және перитонеальді эпителиден түзілген.
Тері – бұлшықет қапшығы-сыртқы жұқа сақиналы бұлшықет қабатынан және ішкі ұзына бойы бұлшықеттер шоқтарынан тұрады, олар синцитий құрайды.Тері – бұлшықет қапшығы біркелкі емес.Денесінің алдыңғы бөлігі бұлшықетті,ә рі жиырылмалы.Кейбір формаларында үш сфинкторды құрайтын сақина тәрізді бұлшықеттері жойылған, ал ұзына бойы бұлшықеттері жақсы дамыған.
Целом қуысы үш бөлімге бөлінген:алдыңғы – эпистома қуысына, ортаңғы лофофора немесе қармалауыштар аппаратының қуысына және артқы – дене қуысына, соңғысы қармалауыштардан септамен немесе диафрагмамен бөлінген. Осы қуыстары екінші реттік қуысты жануарлыр топтарының протоцеліне, мезоцеліне және метацеліне сәйкес келеді. Қуыс сұйықтығында гемоглобині бар қан клеткалары және бірнеше целомоцит клеткалары бар.
Ас қорыту жүйесі. Ішегі ілмек тәрізді, ауыз және аналь тесіктері бір-біріне жақындаған. Кірпікшелермен қоршалған саңылау сияқты ауызы эпистоммен жабылған. Ауыз тесігі ауыз қуысына, одан әрі өңешке ұласады. Соңғысы,кірпікшелі безді клеткалардан, базальді мембранадан және сақиналы бұлшықеттерден құралады. Радиальді бұлшықет тарамдары өңештің және дененің қабырғаларына бекіген. Эктодермальді өңеш кеңейе келе энтодермальді қарынға айналады. Ал қарын иіліп жоғары қарай көтеріліп арқа жағына аналь тесігімен аяқталатын артқы ішекке өтеді.
Қарынның қабырғасы куб тәрізді кірпікшелі эпидермальді клеткалардан, безді клеткалардан, базальді мембранадан, қан тамырлар торынан және бұлшықет талшықтарынан тұрады.
Қарынның арқа қабырғасын бойлай орналасқан кірпікшелі клеткалардың алқабы өтеді. Қорек заттар(наннопланктон)осы кірпікшелердің қызметінің арқасында жылжиды. Астың қорытылуы личинкаларындағыдай қарын қуысында және қарынның эпителиальді қабырғасынан құралған синцитиальді ойықтағы клеткалардың ішінде жүреді. Артқы ішегі куб тәрізді кірпікшелі эпителиден, базальді мембранадан және сирек орналасқан бұлшықет талшықтарынан құралған. Ішек перионеуммен қапталған.Қарыны арқа мезентерияларымен, ал артқы ішегі оң және сол жақ латеральді мезентерияларымен қапталған.
Құрсақ және сол жақ латеральді мезентерияларымен майлы дене немесе вазоперитонеальді ткані байланысқан.
Зәр шығару мүшелері \/-тәрізді екі целомодуктылар түрінде дамыған, олардың кірпікшелі оймыштары (воронкалары) целом қуысына, ал шығаратын тесіктері қылаулатқыштың бүйірлеріне ашылады. Целомодуктылар жыныс клеткаларын да шығарушы жыныс түтіктері болып табылады. Целомодуктының экскреторлы қызметі жөнінде тәжірибелер мен зерттеулер аз және оның шығу-тегі туралы онтогенетикалық дәлелдер жоқ.
Тыныс алу қызметін қармалауыштары атқарады.
Қан айналу жүйесі-лофофораның целомындағы сақина қан тамырынан және ұзына бойы жатқан арқа қан тамырларынан тұрады.Қармалауыштардың қан тамырлары тағаға ұқсас тамырға ұласады да, бұл септадан өтіп,дененің ұзына бойы орналасқан латеральді тамырына ауысыда.Соңғысы көптеген келте дивертикулдарды,тұйықталған жиырылатын капиллярларды түзейді, капиллярлардың кейбіреулері қарынның қабырғасындағы қан таситын синусқа шығады. Бұл жерде қан айналым жүйесі тұйықталмаған және осы арадан арқа немесе мадиальдық қан тамыры кетеді.
Қанның айналуы ұзына бойғы арқа қан тамырының ырғақты жиырылып тұруына іске асады:сондай-ақ, лофофор тамырларының жиырылуы бәсеңдеу және реттілігі де шамалы,қармалауыштарының тамырлары мен тұйық каппилярлары негізгілерден тәуелсіз,өздігінен жиырылып тұрады. Арқа қан тамыры арқылы венозды қан лофофаның сақина тамырына қарай алға жылжиды,ал оның астындағы артерияльді қан латеральді тамыр арқылы артқа қарай жылжиды. Бірақ қан ағысы кері бағытта жылжуы да мүмкін.
Нерв жүйесі. Дененің ортаңғы бөлімінде-эпистом мен аналь тесігінің арасында жатқан нерв орталығы ауыз маңындағы нерв сақинасын түзейді.Қармалауыштарға нервтер тікелей нерв орталығынан тарайды. Осы соңғысының оң жағынан тұлғаның сол жағына өтетін бүйірлік ұзын салалы нерв бағанасы бастау алады.Дененің артқы бөлімінде нерв жүйесі диффузды болып орналасады.
Сезім мүшелерінің қызметін қармалауыштардың сезімтал клеткалары және екі лофоралы мүшелері атқарады.
Жыныс жүйесі. Форонидтердің көбісі гермафрадиттер,тек кейбір өкілдері ғана дара жыныстылар. Жұпсыз ірі жыныс бездері дененің артқы бөлімінде, сол жағында орналасқан: аналық бездері арқа,аталық бездері құрсақ жағында. Майлы дене немесе вазоперитонеальді ткані гонадаларды қорекпен қамтамасыз етеді деп жорамалдайды.
Жыныс клеткалары сыртқа целомодуктылар арқылы шығарылады. Жұмыртқаларын суға немесе қармалауыштардың ұшына, ал кейде денесін қоршаған түтігіне салады. Форонидтердің көбеюі тек қана жынысты жолмен жүреді. Өте сирек түрлерінде көлденең бөліну кездеседі, нәтижесінде колонияға ұқсас бір-біріне ұштасқан түтіктер түзіледі. Phoronis ovalis-те көлденеңінен бөліну-архитомиядан басқа бүршіктену де анықталған. Бүршіктер денесінің қабырғасынан төмпешіктер түрінде қалыптасады. Төмпешіктерге ішектің, қан тамырларының бір бөлігі ауысады да,ауызы мен қармалауыштары түзіліп болғасын ғана бүршіктер аналық денесінен бөлініп кетеді.
Ұрықтанған жұмыртқаның бөлшектенуі толық және біркелкі,бірақ соңғы кезге дейін жұмыртқаның бөлшектенуі толық зерттелмеген, ал кейбір зерттеушілер спиральді бөлшектенуді байқаған.
Целобластуладан инвагинация жолымен энтодермальді ішегі бар гаструла түзіледі. Өте үлкен бластопордың алдыңғы қалдығы,полихеттердегідей ауызға айналады,кейін жабық артқы бластопордың қалдығынан аналь тесігі дамиды. Артқы ішек энтодермальді ішектен қалыптасады. Мезодерманың пайда болуы толық зерттелмеген.Көбінесе энтодермальді ішек қабырғасынан целомды беретін мезодерма клеткалары бөлініп шығатыны туралы айтылады.
Қалыптасқан мөлдір личинкасы-актинотроха-телотрох (аналь тесігінің айналасындағы кірпікшелері) арқылы қозғалады,ұзындығы 1 мм-ден 5 мм-ге дейін, теңіздің пелагиаль аймағында өмір сүреді, суда қалқып жүретін бірклеткалы өсімдіктер мен жануарлар организмдерімен қоректенеді, оларды кірпікшелі қармалауыштарымен ұстайды.
Экологиясы.Форонидтер түтікшелерінің ішінде теңіздің тайыз суларында литоральді аймақтың 50 м-ге дейінгі тереңдікте,мұхиттардың тропикалық және қоңырсалқын жағалауларында тіршілік ететін жануарлар.Олар түтікшелерімен шатысып,тор сияқтанып шағын колониялар құрады.Біразы құмшауыт немесе балшықты жерде вертикальді және иреңдеген тесіктер жасайды,кейбіреулері ізбесті жерді, немесе қосжақтаулы және бауыраяқты моллюскалардың бос бақалшақтарын бұрғылап теседі. Негізгі туысы-Phoronis.
Түрлері мен особьтарының саны жағынан көп болмағаандықтан форонидтер теңіз экономикасында болмашы ғана роль атқарады.Олар 50 м тереңдікке дейінгі литоральді жағалаудың көптеген омыртқасыздарымен бірге биоценоздың құрамына кіреді. Кейбіреулері, мысалы,Phoronis australis комменсализм түрде Cerianthus түтікшелерінде тіршілік етеді. Форонидтердің паразиттері аз-олар грегариналар, трематодтардың метацеркарилері, олардан басқа ұсақ балықтар және онаяқты шаяндар форонидтерге зақым келтіреді.
Форонидтердің сыртқы орта жағдайларына бейімделгенін көрсететін, олардың құрылымындағы және онтогенезіндегі қарапайымдылықтың, екінші реттіліктік және прогрессивтік белгілері.Қарапайымдылыққа: құрт тәрізді дене формасының үш бөлімге бөлінуі-эпистом,қармалауыш аппараты және тұлға;сақиналы және ұзына бойы тері-бұлшықетті қапшығы;нерв жүйесінің нашар дамуы;сезім мүшелерінің жоқтығы; бір жұп целомодуктысы; клетка ішіндегі асты қорытуы.
Қарапайымдылығына анықталмаған бөлшектенуі типі (ретсіз, радиальді, бұрандалы (спиральді); ауызы мен аналь тесігінің (полихеттерге ұқсас) бластопордың қалдығынан пайда болуы; личинка актинотроханың трохофоралық личинкамен-ұқсастығы; бір жұп протонефридилері.
Форотиндердің екінші реттік белгілеріне: дененің екі жақтық симметриясының бұзылуы: сол жақтағы ганаданың жұпсыздығы: қан айналым жүйесінің ассиметриялығы: күрделі, бұрандалған қармалауыш аппараттарынаң күшті дамығандығы: ауыз және аналь тесіктерінің жақын орналасқандығы, т.б.
Прогрессивтік белгілері мыналар: қармалауыш аппараттарының қатты дамығандығы: қан айналым жүйесінің тұйықталғандығы; ұзына бойғы қан тамырларының реттілікпен соғуы т.б. Осы ерекшеліктері, сонымен бірге жоғарыда айтылған регрессивтік белгілері де су түбіндегі тіршілік етуіне байланысты пайда болған бейімділік болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет