Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет33/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   163
Классификациясы. Гидроидтылар класс тармағы төрт отрядқа бөлінеді: гидра - Hydrida, теңіз гидроидты полиптер - Leptolida, гидромедузалар -- Trachylida, хондрофора - Chondrophora.
Гидралар отряды - Hydrida
Тұщы суларда кең таралган полиптер. Колония құрмай жеке тіршілік етіп, жыныссыз және жынысты жолмен дамиды.
Негізгі өкілдері: кәдімгі гидра - Hydra vulgaris, сабақ тәрізді гидра - Hydra oligactis, жасыл гидра - Chlorohydra viridissima (клеткаларының ішінде тіршілік ететін бір клеткалы жасыл балдырлардың - зоохлореллалардың түсіне байланысты).
Теңіз гидроидты полиптер отряды - Leptolida
Бүкіл жер жүзіндегі теңіздерде кең таралған, тек Limnomedusae отряд тармағының кейбір түрлері тұщы суларда кездеседі.
Бұл отряд төрт отряд тармағына бөлінген: Athecata, Thecaphora, Limnomedusa, Hydrocorallia. Athecata және Thecaphora отряд тармағының өкілдері өте көп және теңіздегі жануарлар дүниесінде көрнекті орын алады. Бұлар метагенез жолымен дамиды. Гидроидты ұрпақтары ағашқа немесе бұтақтарға ұқсас колония құрып өседі де, қалың тоғай сияқтанып кетеді. Оның арасында неше түрлі организмдер қоныстанып, барлығы ерекше гидроидты тоғай биоценозын құрайды.
Athecata отряд тармағының Thecaphora-дан айырмашылығы: колониядағы гидранттардың гидротекасы дамымаған, жыныс бездері ауыз сабақшасында орналасқан, медузалары - антомедуза деп аталады, даму сатысында медузалық ұрпақтары редукцияға ұшырап, медузоида, гонофора, споросак деген формаларына айналады. Бұларға жататындар Tubularia, Sarsia, Branchiocerianthus, Clava, Cordylophora туыстары. Біздің Каспий теңізінде көп мөлшерде Cordylophora caspia түрлері мекендейді. Олар Балтық, Азов пен Қара теңіздердің суы тұщы жерлерінде де кең тараған.
Thecaphora отряд тармағының колониядағы гидранттарының гидротекасы жақсы дамыған, жыныс бездері радиальды түтікшелер астында орналасқан, медузалары - лептомедуза деп аталады, полиптік және медузалық формалары кезектесіп, ұрпақ алмасу жолы жақсы дамыған. Бұларға жататын: Obelia, Sertularia, Mitrocoma туыстары.
Limnomedusae отряд тармағының медузалық ұрпақтары басым болып, полиптері колония құрмай жеке тіршілік етеді. Теңіздерде және тұщы суларда кездесетін бірнеше түрлері белгілі. Мысалы, тропиктік және субтропиктік тұщы су қоймаларында және тропиктік жануарлар мен өсімдіктер өсірілетін аквариумдарда, қолдан жасалған бассейндерде кішкене Craspedacusta медузасы кездеседі. Оның полиптік ұрпағы рудиментті - микрогидра деп аталады. Табиғи күйінде Craspedacusta Тульск облысынан, Дон өзенінен, Бұхара маңындағы су қоймаларынан табылған. Ал күйдіргіш күші бар улы медуза "крестовичок" -Gonionemus vertens Жапония теңізінің жағалауында, Курилл аралдарын қоршаған теңіздерде мекендейді.
Hydrocorallia отряд тармағының өкілдері қоңыржай және тропиктік теңіздерді жайлаған. Олардың медузалық ұрпақтары жойылған, полиптерінің эктодерма клеткалары ізбесті қаңқасын түзеп, колония бұталарының арасын толтырып, маржан полиптерге ұқсас, гидромаржандар деп аталатын колонияларды құрайды. Бұларға Stylaster, Allopora туыстары жатады.
Гидромедузалар отряды - Trachylida
Полиптік ұрпақтары жойылған, таза гидромедуза күйінде теңіздерде тіршілік етеді.
Aglantha туысының өкіддері бүкіл дүниежүзілік мұхитта кездеседі.
Cunina туысының личинкалары - Leptolida медузаларының паразиттері.
Гидромедузалардың арасында омыртқалы жануарларға зиян келтіретін түрлері бар. Мысалы, Polypodium hydriforme (систематикалық жағдайы анықталмаған) алғашқы даму кезеңінде бекіре балықтарының уылдырығында паразиттік тіршілік етеді. Ол Еділ, Дон, Сулака өзендерінен және Арал теңізінен табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет