Кіріспе мазмұнына қарай 3 салаға бөлінеді


Қолданыс сұрақтары – бір мәселені шешуге, практикалық дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар



бет3/3
Дата23.05.2022
өлшемі111,23 Kb.
#35381
түріӨмірбаяны
1   2   3
Қолданыс сұрақтары – бір мәселені шешуге, практикалық дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар.
  • Талдау сұрақтары –зерттеуге бағыттайтын сұрақтар.
  • Жинақтау сұрақтары – қарастырылатын мәселелерді топтап, біріктіріп, шығармашылықпен жинақтау, нәтижегекелу сұрақтары (синтез).
  • Бағалау сұрақтары- өз көзқарасын білдіруге, баға беруге бағытталған сұрақтар.

  • Шолу тақырыптары ІХ-ХІ сыныптар бойынша беріледі. Шолу сабақтары жоғары сыныптарда бағдарламада берілетін сағат санының аздығына байланысты болады. Шолу тақырыптарының ауқымдылығы, маңызы оны оқытудың күрделілігін көрсетеді. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының сипаты, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Сол кезеңдегі әдебиеттегі бағыттар, жанрлар, ағымдар, сол кезеңде өмір сүрген ақын-жазушылар олардың шығармашылығы, жетістіктері, кемшіліктері әңгімеленеді. Шолу тақырыптарда сөз боп отырған кезеңіне тән қоғамдық – әлеуметтік саяси, эстетикалық заңдылықтар ескеріледі. Жоғарғы 11 сыныпта жазушы, ақынның шығармашылығы бағдарламада хронологиялық принципке негізделіп оқылады. Шолуға аз уақыт бөлінгенімен көп мәселе қаралады
    Оқушының өздігінен жұмыс істеп төселуіне жәрдемдесетін құралдың бірі – оқу кітабы, екіншісі - әдебиет дәптері. Әдебиет дәптеріне оқушы күнделікті сабақтың тақырыбын, өмірбаяндық материалды, жоспарын, талдау үлгілерін (тақырыбы, идеясы, композициясы, тілі), теориялық ережелерді, т.б. түсіріп отырады. Соның бәрі материалды тереңірек ұғып, есінде қалдыруға жәрдемдеседі.

    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет