Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет25/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
А.Құнанбайұлының. Абай Құнанбаев – ұлы ақын, ойшыл, композитор, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералдық ислам негізінде орыс және еуропалық мәдениеттің жақындасуы рухындағы мәдениет реформаторы.
Абай Құнанбаев өмірі белсенді де жемісті болды. Ол өз халқының қамын жеп, оған адал қызмет етті, оларды: «Кітаптан бас алмай оқы, қажымай оқы» деп білімге, «Байлық – жауыздық, аман қалу еңбекте ғана. Байлыққа асыққан дана емес – жылпос» деп еңбек пен абырой биігіне; «Екіжүзді алаяқ сені бүкпес үшін адал бол, абыройлы бол» деп адамгершілікке шақырды. Абай ресми қоғамдық қызметпен белсенді айналысты. Екі үш жылдықта би болып сайланып қызмет етті, үш үшжылдықта – Шыңғыс болысының басшысы және келесі үшжылдықта – үкіметтен сайланған Семей уезі Мұқыр болысының басқарушысы, бірнеше рет түрлі уездер руларының арасындағы кикілжіңдерді шешуде төбе-би (бітістіруші) болып сайланды.
Ол бұқарашыл ақыны болатын, домбырада тамаша ойнап, өз өлеңдерін әнге айналдырды. Оның туындыларын қазақ даласына таратып, ақындар әндері мен өлеңдері жиын-тойларда орындалып, ауыздан ауызға жетіп отырды, қағаз бетіне түсіп, қайта көшірілді. Осылайша қолжазба жинақтары пайда болды.
Абайдың әйгілі шығармасы 45 қысқаша қара сөздерден немесе философиялық трактаттардан тұратын «Қарасөз» (нақыл сөздер) поэмасы болды. Бұл «нақыл сөздерде» тарих, педагогика, мораль және қазақтардың этникалық құқығы мәселелері көтерілген.
Абайдың «Қара сөздері» терең философиялық идеяларымен, адамгершілік тағылымымен, гуманистік ұстанымдарымен, адамды рухани-ізгілік кемелдендіру бағдарламасымен, адамның танымдық қасиеттері мен діл ерекшеліктерін саралауымен бағалы. Оларда қазақтың ойшыл ақыны замандар тоғысында күн кешкен өз халқының рухани-адамгершілік келбеті мен өмір қалпын зерделейді. Сондықтан да бұл еңбекті дәуірдің «сындарлы ары» деп атауғы толық негіз бар.
«Қара сөздер» автордың қоршаған әлем болмысын танумен қоса адамның ішкі дүниесін зерделеуге бағытталған өзіндік қайталанбас әрі бірегей әлемін бейнелейді. Ол Абайдың өз-өзімен және бізбен - оқырмандарымен сұхбаты іспетті. Мұнда философиялық ой-толғамдар мен діни тәжірибе, көркем сөз мен адамгершілік өнеге, терең білім мен сарқылмас сезім, ойшылға тән даналық пен пайғамбарға хас көріпкелдік бір-бірімен үйлесім тауып, астасқан.
Абайдың «Қара сөздері» – сонымен қоса біздің санамызға, біздің арымызға қарата айтылған арнау сөз. Ол бізге қалай өмір сүретінімізді және қалай өмір сүру керектігін еске салады. Ол күнделікті күйбең тіршілікте ең бастыны – рухани дүниені ұмыт қалдырмау керектігін жадыға оралтады.
Абай қазақтың оқыған, мәдени дамуда озық, әлемде беделді елдер қатарында тең болуын қалады. Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннің армандаған Абайдың ізгі-тілектері орындалды. Бүгінде Қазақстан Республикасы – өз университеттері, академиялары, институттары, консерваториялары, колледждері, лицейлері, техникумдары, гимназиялары, түрлі деңгейдегі мектептері, кітапханалары, театрлары, шығармашылық кеңестері және т.б. бар егемен мемлекет.
«Қазіргі уақыт тұрғысынан қарайтын болсақ, Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың ақыны» – деген еді ол туралы БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымы – ЮНЕСКО-ның Бас ди­ректоры Федерико Майор. Осы беделді халықаралық ұйым 1993 жылы қарашада Парижде өткен ХVІІ конференциясы аясында Абайдың туғанына 150-жыл толуын атап өтуді ұйғарды; сол кездегі оның мүшелері болған 180 мемлекет бір ауыздан бұл шешімді мақұлдап, 1995 жылды Абай жылы деп жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет