Байланысты: Кіріспе. С улеттік конструкциялар дамуыны тарихы (2)
Тұрғындық ғимараттарға пәтерлік үйлер (ұзақ тұру үшін), жатақханалар (уақытша тұру үшін), қонақ үйлер (қысқа мерзімде тұру үшін) жатады.
Көп пәтерлі секциялы тұрғындық үйлер – қалалар мен ірі ауылдар құрылысындағы ғимараттардың негізгі түрі. Бір сатылы тормен біріктірілген пәтерлер тобын тұрғындық секция деп атайды. Тұрғындық үйлер құрылысы бір немесе бірнеше тұрғындық секциялардан тұратын дербестік типтік блоктар – секциялар негізінде жүргізіледі. Ғимаратта орналасу орны бойынша блоктар – секциялар қатарлы, бүйірлік, бұрыштық, бұрылмалы және т.б. болып аталады; мұндай секциялардан әр түрлі ұзындықты және пішінді үйлер құрастырылады.
Көпқабатты үйлер жоспарлану шешімдері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
– көп секциялы: мұндай үйлерде әр қабатта сатылы тордың айналасында, қабат сайын қайталанып, секцияларды құрайтын, 2-8 пәтерлер орналасқан;
– дәлізді – сатылы торға алып келетін, пәтерден жалпы коридорға шығуымен ерекшеленеді;
– галереялы – пәтерден ашық немесе әйнектелген галереяларға шығуымен жобаланады. Қабаттар арасындағы байланыс ғимараттардың бүйірлеріндегі немесе ортасындағы сатылы торлар арқылы жүзеге асырылады.
Жатақханалар дегеніміз қосымша аудандары бар бөлмелерімен және мәдени-тұрмыстық пен медициналық қызмет көрсетуге арналған бөлмелерімен тұрғындық ғимараттар.
Тұрғындарға әулеметтік қызмет көрсетуге және әкімшілік мекемелерін орналастыруға арналған ғимараттар қоғамдық деп аталады.
Оларды тағайындалуы бойынша келесі топтарға бөледі: оқу орындары (бала бақша, мектеп және т.б.); емдік-сақтандыру (емханалар, ауруханалар, емдеу-сауықтыру орны); мәдени-ағарту (клубтар, театрлар, музейлер); сауда-коммуналдық (дүкендер, асханалар, кір жуатын орындар ); көлік және байланыс (вокзалдар, байланыстар түйіндері, теледидар орталықтары); мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды орналастыру үшін әкімшілік ғимараттар.
Қоғамдық ғимараттарды жоспарлаудың келесі сұлбалары болады:
дәлізді – дәліздің бір немесе екі жағы бойынша бөлмелердің орналасуы; мұндай жоспарлау әкімшілік, оқу орындары, емдік-сақтандыру және басқа ғимараттарда тиімді;
залды (шоғырлас) – айналасына қосымша бөлмелер орналасқан залы бар ғимараттар үшін сипатты; мұндай шешімді кинотеатрлар, цирктер және басқа ұқсас ғимараттарда қолданады;
– аралас – жоғарыда қарастырылған жоспарлау сұлбаларының үйлесуі болып табылады (мысалы, клубтың жоспарлануы – залдың айналасына орналасқан бөлмелердің орналасуы – шоғырлас, фойе, залдың орналасуы – анфиладты, үйірме жұмыстары бөлмелерінің орналасуы – дәлізді).
Қоғамдық ғимараттардың жобаларының негізгі көрсеткіштері: