Кіріспе Тақырыптың өзектілігі


Айтыстың жанрлық ерекшелігі



бет5/12
Дата21.02.2022
өлшемі473,5 Kb.
#26035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.1. Айтыстың жанрлық ерекшелігі
Айтыс-қазақ халқының кәсiп-тiршiлiгi мен тұрмыс-салтына байланысты туып, кең қанат жайған көне жанр. Мұның қоғамдық адамдардың тiршiлiгiнде болатын қарым-қатынасы мен салт-дәстүрiнен туындайтын заңды құбылыс екенi даусыз. Адам баласы өмiр үшiн күрес, арпаласта сан алуан талас-тартысты бастан кешiрдi. Әдiлдiк пен шындыққа қол жеткiзу үшiн, ол өз тобымен де, өзгелермен де сөзбен жауаптасуға, яғни диалог құруға мәжбүр болады. Сондағы басты мәселе: қай шешушi мәнге ие болып келген. Бұл-өмiрдiң қай саласында да бола беретiн заңды жәйт. Алайда, осындай күрделi де түйiндi мәселелердi туыстары мен руластары атынан шешетiн табиғи дарынды, от ауыз, орақ тiлдi кiсiлер шығып, даралана бастайды. Олардың адам баласының сәбилiк дәуiрiнен бастап соңғы кезеңге дейiн қызмет-мiндетi, сыртқы дүние мен iшкi дүниедегi қарапайым кiсiлер түсiне бермейтiн күрделi сұрақтарды ұғындырып, жұртшылық талабынан табылып отыру едi. Сол себептi ол көпшiлiктен ой-түсiнiгi, ақыл, бiлiмi озық адам болуға тиiстi болады. Осыған орай, кешегi тәңiрiлiк, шамандық дәуiрдегi қазақ жағдайында да мәселелер мен жер бетiндегi әр түрлҚ құбылыстар және кәсiп-тiршiлiк сырларын да түсiнiдiруге, бәрiн де дұрыс бағыттап отыруға тиiс болды. Бұл жөнiндегi iрi ғалымымыз Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: «Шаман адам өтiрiк айтып, алдаудан қорыққан, өйткенi одан ауруға шалдығамыз деп түсiнген. Қысқасы, шаман дiнiнiң соқыр сезiмдерi бiр кесiрге, бақытсыздыққа, мал iндетiне, ауру-сырқауға соқтырып отыратын болған. Әдет-ғұрыпты бұзысымен-ақ, оның жазасын берiлетiн болған. Ал, өлiммен адам жазаның бәрiнен құтылады және басқалардан бiлiмi артық адам, ол ақын, музыкант, сәулет, сонымен қатар, ол-дәрiгер. Қазақтар шаманды «бақсы» деген. Бұл мұңғылша «Ұстаз» деген сөз, ұйғырлар өздерiнiң сауатты адамдарын «бахшы» дейдi, ал, түрiкмендер өздерiнiң ақын, жыршыларын «бақсы» деп атайды. Бiздiң кез-келгенiмiз ақын бола алмайтымыз сияқты, қазақтарда да кім көрiнген кiсi бақсы бола алмайды» [25.21-22] - деп ой қорытады.

Айтыс - синкреттiк жанр. Ол әдебиетiмiздiң өзге жанрларымен ғасырлар бойы қоян-қолтық бiрге дамып келедi. Ең баста тұрмыс-салт жырларынан бастау алған бұл жанр жетiле, кемелдене келе ең мол сала- батырлар жырымен де, лиро-эпикалық жырларымен де қатар қанаттаса, iштей жалғаса дамыған. өзге халықтарда сирек ұшырасатын бұл жанр көшпелi өмiр салтында қанатын кең жайып, ел өмiрiнiң құрамдас бiр бөлiгiне айналды. Бұл түсiнiктi де, өйткенi, тұрақты театры жоқ көшпелi тұрмыс айтыс жанрының тұрақты сипат алуына қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесiнде айтыс өнерi жоғарыда аталған жанрларға да игi ықпал-әсер ететiндей мәнге ие болды. Халық поэзиясындағы тұрмыс-салт жырларының кең тынысты лиро-эпостық, эпикалық жырлардың туып қалыптасуына да ұйтқы болғаны мәлiм. Кiшi формалардың туып, iрi формаға ауысуына байланысты iрi эпикалық шығармалар туып пайда болатыны бiзде кең зерттелiп дәлелденген. Осы ерекшелiк бiздегi айтыстың тууына да тiкелей қатысты дер едiк. Тiптi, қазақтағы айтыстың әдет-салтқа байланысты айтылатын ең бастапқы түрлерi: «Жар-жар», «Бәдiктен» тыс, лиро-эпос пен эпикалық жылдардағы әр алуан «қоштасу», «жоқтау», «сыңсу», «сұйiншi» жырларының өзi де негiзiнен кезекпен жауаптасу үлгiсiнде келедi. Осы ерекшелiктi айтыс жанрын бейiмдейтiн алғышарттардың бiрi деп қарасақ, онда сол лиро-эпикалық жырларға кейiнiрек айтыс та елеулi әсер-ықпал еткенi даусыз. Айтыс өз табиғи бiтiмi, ерекшелiк қасиеттерi арқылы лиро-эпос пен эпикалық жырларды қорландыра, түрлендiре отырып, оған кезiнде әсерлi бояу, бедерлi көрiк те берген, сөйтiп оның мазмұн мен түр жағынан толысып байи тұсуiне қолайлы жағдай жасаған. Мұны лиро-эпос пен эпикалық жырлардағы әдет-салт өлеңдерiмен бiрге, дәстүрлi «Жар-жар» мен қайымдасулардың үлгi-нұсқалары да айқын дәлелдейдi. Айталық, «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын мен Домбауылдың, Қарт Қожақ пен Ақжүнiстiң сөз қағысу диалогтары, «Алпамыс» дастанындағы Алпамыс пен Бадамшаның «Жар-жар» айтысы, «Гүлбаршын мен Алпамыстың қайымдасуы», «Қыз Жiбек» жырындағы Төлеген мен Жiбектiң, Төлеген мен Қаршыға, Сырлыбай мен Төлеген, той үстiндегi Шеге мен Жiбек айтысуы, Бекежан мен Жiбектiң айтысы, немесе «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырындағы ханым мен тазша, Қодар мен Қозы, Айбас пен Баян, Таңсықтың сөз қағысулары тұр-мазмұны жағынан айтыстың әдемi бiр үлгiлерiн еске түсiредi. Осы тұста «Қыз Жiбек» жырындағы Бекежан мен Жiбектiң айтысын алып көрейiк.

Бекежан Төлегендi өлтiргесiн той үстiндегi Жiбекпен айтысады:

Бекежан менiң атым келген дептi,

Бiледi үлгiлердi алтын Шектi.

Басқаның бiр тиынға керегi жоқ,

Бар болса, маған жiбер Қыз Жiбектi.

Айтатын Қыз Жiбектiң сөздерi бар,

Елемес, есi болса, ескi кектi:

Кеткелi жарыңыздың көп жыл болды,

Хабары сол жiгiттiң бар ма дептi.

Масқара елi жұртқа сенi қор ғып,

Қыз Жiбек, қалайынша тастап кеттi?
Жiбектiң жауабы:

Бекежан, дабырлама сөзiңдi өктеп,

Бар ма едi жүрген жерiң сенiң көктеп?

Тұсыма қалың көптi жарып келiп,

Сен бе едiң сөз айтатын маған беттеп?

Келгенiң, кеткенiңе не көресiң,

Көре бер ұрлығыңмен күнiңдi ептеп,

Айналып сұм жалған да жүрген шығар,

Қанша келсе де, айта алмас, ешкiм кет деп [38,401].

Лиро-эпос пен лирикалық туғызушы ақындар қыз бен жiгiт қайымдасуы мен қалыпты айтыстың ұтымды үлгiлерiн өз туындыларында кеңiнен пайдаланып отырған. Осы ерекшелiк «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Айман-Шолпан» тәрiздi лиро-эпостық дастандарда да жалғасын тауып ұштала түскен. «Айман-Шолпан» жырындағы Көтiбар мен Маман байдың мына бiр диалогтарына тағы бiр назар аударып көрелiк:

Көтiбар:

Маман бай, топқа келер күнiң бар ма:

Iшiнде қалың топтың бұлың бар ма.

Бу қылып Шектi малын не қыласың,

Мiнгiзген ашамайға ұлың бар ма?
Маман:

Сен, кедей, менi топта сынадың бар,

Кедейге тәңiрi қылған ұнадың бар?

Жарылқа өзiңдi-өзiң мұндар кедей,

Сен кедейден ұл бер деп сұрадым бар? [39,511].
Осындағы Көтiбардың Маманға ашамайға мiнгiзер ұлың жоқ деп, ал Маманның оған: жарылқа өзiңдi-өзiң, мұндай кедей деп тиiсе сөйлеуi айтыс ақындары жиi қолданатын дәстүрлi әдiстi еске түсiредi. Немесе «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Айбас пен Баян, Таңсықтың жауаптасуларын алсақ, Бұлар да бастан-аяқ қалыпты, қайымдасу үлгiсiнде болып келедi.

Қыз:


Ағеке-ау, асыл зада сен бiр дерсiң,

Жадағай жаман түзде кез келесiң.

Қорықпай Қодекемнен мұнда келген

Жүрек жұтқан жанбысың, не ғып жүрсiң?

Айбас:

Шырағым, тал бойыңда жоқ екен мiн,



Иманнан қуаттанып ашылар дiн.

Қодайтып Кодекем деп сөз сөйлейсiң.

Ол нәрсе қайдан шыққан, нәсiлi кiм? [40,57].
Бұл айтылған жайттар айтыс жанрының лиро-эпосын, эпикалық жырларымен әуелден-ақ қанаттанса, қатар дамығанын аңғартады. Айтыс пен лиро-эпос, эпикалық дастандардың арғы тегi бiр арнадан-халық поэзиясының кiшi формаларынан бастау алғандықтан, айтыс жанрына эпикалық жырларға айтысқа тән ғасырлық сипаттар да жат емес. Тiптi, бертiн келе, ХIХ ғасырдың орта шенiнде қоғамдық өмiрдiң түйiндi мәселелерiн кеңiнен қамтып бейнелеуде айтыс пен лиро-эпос өзара астасып, әлеуметтiк бiр деңгейден табылып келген. өмiрлiк iрi мәселелердi көтеруi мен өзiнiң қайталанбас көркемдiк ерекшелiктерi жағынан алғанда кейiн жеке сала болып қалыптасқан айтыс өнерi лиро-эпос жырлары секiлдi қашанда ел мүддесiнен табылып отырды.

Осындай синкреттiк қасиеттерiмен айтыс жанры, әсiресе, шешендiк сөздерге тонның iшкi бауындай жақын, ұқсас. Тiптi шешендiк дауларда екi шешен бетпе-бет келiп, логикалық жүйемен сөз жарыстырып, қарсыласын уәжден тосып, ұтудың амал-жолдарын iздестiредi, қай жеңгенi дау есесiн қайырады. Кей сөздерiнiң өзi ұйқасып, кейде өлең жолдары мен тақпақты да еркiн қолданады. Осыған орай ғалым Ә.Марғұлан: «Шешендiк сөздiң өзiне тән бiр қасиетi, ол iздену мен қиялдың шарықтауымен шығатын нәрсе емес, ол сараланған ашық ойдың кенеттен сорғалауымен, ешбiр дайындықсыз айтылатын өнер түрi. Сондықтан нағыз шешендердi тек қана құйылма ақындармен салыстыруға болады» [41,18],-деп тұжырымдайды.

Шешендiк пен айтыс халық әдебиетiндегi өзiндiк ерекшелiгi дараланған екi сала болып табылса да, бұлардың басын қосып бiрiктiретiн ортақ сипат аз емес. Ең алдымен, бұл екеуiнiң де қолма-қол айтылатын ауызекi сипатын бөлiп атауға болар едi. Шешендiк дауда да, айтыста да ұтымды дәлел, аталы уәж негiзге алынады. Осы мақсатта екi жақ та сан түрлі айла-тәсiл, амал қолданып, қарсыласын тоқтатуға ұмтылады. Мұның басты тәсiлi: шындыққа құрылған бұлтартпас екi сипат алатыны аңғарылады, айтыста ақындар көбiнесе ұзын сонар дәлелдеулерге бой ұрса, шешендiк дауларда шешiмнiң екi ауыз сөзбен түйiнделетiнi бар. Осыған орай айтыста әрiптесiн ұзақтан орағыта отырып, жүйеге жығу, мойындату жиi ұшырасады да, шешендiк сөздерде қысқа қайырылатын жөн-жосық, мақал-мәтел iспеттес ұтымды да байламды жолдар басым түсiп отырады. Тағы бiр айырмашалық: айтыста қарсылас ақындардың нендей уәжге тоқталатыны, кiмнiң неден тосылатыны белгiсiз болса, шешендiк өнерде даудың орам-мазмұнына сәйкес айтылатын сөздiң ұзын-ырғасы күнi бұрын мәлiм болып отырады. Сондай-ақ, соңғысында жұртқа белгiлi бұрынғы шешiлiмдер де есепке алынады.

Жоғарыда айтылған пiкiрiмiздiң дұрыстығын дәлелдеу мақсатында шешендiк сөздiң мына бiр үлесiне тоқталайық.

Құнанбай Өскенбайұлының айбынды бес аға сұлтан кезiндегi өмiрi, билiк-шешiм, мiндерi жөнiнде ел арасында айтылып келе жатқан аңыз-әңгiмелерi көп. Оның бiрi:

Аға Сұлтан боп тұрған кезiнде Құнанбай Кеңгiрбай немерелерi Бөжей, Байдалылармен араздасып, мұның арты насырға шауып, ақыры Омбы қаласына айдалып бара жатады. Осы жолда ол керей елiнiң атақты биi Тоқсанның үйiне қоныпты. Құнанбай қонақ боп Тоқсан бимен түнi бойы әңгімелеседі. Ертеңiнде жүрмек боп атқа қонады. Құнанбай анадай жерге ұзай бергенде, Тоқсан айқайлап: «Құнанжан, атыңның басын берi бұрмай-ақ, мойыныңды ғана берi бұршы», деп алып:

Тұманның арты жұт болар,

Тұмаудың арты құрт болар.

Заңдасып босқа не етесiң,

Заңшылдық түбi сот болар,- дегенде ,


Құнанбай:

Тұманның арты жұт болып қайтер дейсiң,

Қопадан қоныс алған соң,

Тұмаудың арты құрт болып қайтер дейсiң,

Тәңiрiм шипа салған соң.

Заңшылдық түбi сот болып қайтер дейсiң,

Алтындап құттап адған соң - деп жұрiп кетiптi. (42,129.).
Шешендiк өлеңнiң айтысқа тигiзген әсер-ықпалы да аз емес. Аты мәлiм даңғойыр, жүйрiк ақындардың бәрi де халқымызға тән шешендiктi еркiн игерген, сол үрдiстi қолма-қол ұзақ сонар жырға айналдыра бiлген дарынды жандар. Осы тұста профессор М.Қаратаевтың пiкiрiн еске алған жөн болар едi: «Ақындар айтысы ырыми жанрлар мен ғана емес, сонымен қатар шешендер айтысымен де байланыста пайда болған құбылыс. Ақындар айтысы- шешендiк өнерiнен нәр алып отыр, оны әрi қарай дамытқан өнер сайысы. Бұл процесс жалаң өтiп жатпаған.» (43.324.330).

Дәстүрлi айтыста шешендiк өнердiң көрiнiс табуы қыз бен жiгiт айтыстарынан кездестiре аламыз. Мәселен, Кұдерi Қожамен айтысқан Өлбике оған құран, мұсылмандық жолынан бiрнеше сұрақ қойып, басекенiң артын жұмбақпен жалғасырады. Ол алғаш «Қожеке-ау, ояу қалай, Ұйқы қалай? болғанда жаугершiлiк жылқы қалай, ақыретке барғанда, тақсыр Қожам, жалғандағы ойын мен кұлкi қалай? ң- деп сұрап, Кұдерiнiң:

Кұнакәрды дозаққа асып қояр,

Жанған отқа бетiнен басып қояр.

Қашатұғын қарларын кесiп тастап,

Күлетұғын ернiнен тесiп қояр, - деген жауабына орай тағы да: «Қожеке, мысық қалай, тышқан қалай? Дос қалай, дұшпан қалай Бұл жалғанда? Мал бермей, неке қимай алып, қашып, бiреуiң жас баласын құшқан қалайың - де қағытады. Күдерi жауаптарына сәйкес Өлбике шешендiк танытып:

Қожеке, мен де бiлдiм Бұл iсiңдi,

өжмақ пенен бейiштен елесiңдi.

Кұлетұғын ернiңнен асып қойса,

Ендi Қожам қойып жұр кұлiсiңдi! (2.293) - деп тапқырлық танытады.

Айтыс жанрына қазақтағы мақал-мқтелдердiң тигiзген қсер-ықпалы осы бұгiнге дейiн арнайы сөз болмай келдi. Мақал-мқтелдер - айтылар ойдың жиынтығы, мқйегi десек, Бұл жанрдың әдебиеттегi өзге тұрлерге еткен қсерiнiң мол екенi ешбiр дау туғызбайды. Мақал-мқтелдi тек айтысқа ғана ықпал еттi деп айта алмаймыз. Ол өзге жанрлармен қатар, өзiнiң бiтiм-тұлғасы жағынан пәлсапалық ойдың жеткен биiгi мен дәрежесiн айғақтайтын айрықша тұр болып табылады. Оның туып-қалыптасуына ақындармен бiрге жыраулар да елеулi ұлес қосып келген. Сол себептi мақал-мқтелдер шешендiк сөздердiң бөлiндес бөлiгi, дқлелдеуге жатпайтын аксиома секiлдi ой-пiкiрдiң қорытындысы саналып келген. Қай ақын болса да мақал-мқтелдердi өз дқлелiнiң мызғымас тiрегi тұрғысында пайдаланып отырған. Сол себептi бiрде-бiр ақын мақал-мқтелдiң мағынасына кұмқн келтiрмеген. Сондай-ақ, оның өз ойының Бұлтартпас уәжi ретiнде қолданып отырған. Дәл осыны айтыстағы мысал туралы толығымен айтуға болар едi. өйткенi Бұл жанр да мақал-мқтелге өзiнiң мқн-мағынасы тұрғысынан тым жақын тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет