Негізгі әдебиеттер: 1.[4-14]
Қосымша әдебиеттер: 4.[1-10]
Бақылау сұрақтары: 1.Пәнді оқудың мақсаты.Тау жыныстарының қасиеттерінің тау-кен өндірісінің технологиялық процестерінің өндіру тиімділігіне әсер етуіне мысал келтіріңіз.
2.Студент пәнді оқығаннан кейін нені білуі керек.
3.Тау-кен өндірісінің қандай технологиялық процестерін білесіз?
№2 Дәріс
Тау жыныстарының базалық физика-техникалық параметрлері.
Аннотация: Кен жұмыстарын забойда жүргізу үшін тау жыныстарының табиғи күйіндегі сипаттамаларын білу керек. Басқа мақсаттар үшін (тиеу, тасымалдау, үю, ұсақтау ж.ж.) жыныстардың жасанды өзгерген күйіндегі қасиеттерін анықтап, соны есепке алады.
Кілт сөздер:Кен қазындылары, массив, жарықшақтар, кеуектілік
Жоспар: Тау массиві
Тау массасы.
Әдістемелік нұсқау Кен қазындыларының объектісі ретінде тау жыныстарының барлық түрлері де бола алады: өзінің пайда болған жерінде, жер қабатында жататын негізгі жыныстар, және оларды жауып жатқан салындылар - ұсақталған жыныстар, қайтара шөгінділер. Қазба жұмыстары кезінде жыныстарға түрлі әсерлер, негізінен механикалық күштер әсер етеді: соққы, ысырылу, тығыздалу, орын ауыстыру, нәтижесінде күйлері әзгереді. Жалпы түрде тау жынысының табиғи немесе жоспары өзгерген (жарылыспен, механикалық бұзумен, судың төмендеуінен, химиялық бекітумен және т.б.) күйлерін бөледі.
Кен жұмыстарын забойда жүргізу үшін тау жыныстарының табиғи күйіндегі сипаттамаларын білу керек. Басқа мақсаттар үшін (тиеу, тасымалдау, үю, ұсақтау ж.ж.) жыныстардың жасанды өзгерген күйіндегі қасиеттерін анықтап, соны есепке алады.
Жынысқа әсер етудегі мақсаттар әр түрлі, солар жыныстың басқа да қасиеттерін анықтауға көмектеседі. Жыныстардың қасиеттерінің сипаттамалары түрлі көлемде әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, блокты жарықшақтыққа байланысты.
Сондықтан тау жыныстарын зерттеген кезде жыныс массиві, массивтегі тау жынысы, қопсыған тау жынысы (тау массасы) және жеке кесектер (үлгі) деген түсініктер енгізіледі (1.4 сурет).
Жынысты массив (қысқаша "массив") сілем - бұл белгілі - бір геологтық-структуралық жағдайда жетілген, жер қыртысының байланысқан бөлігі және . физикалық, геологиялық ерекшеліктерімен сипатталатын тау жыныстарының жиынтығынан тұратын геологиялық дене. Болжамалы түрде тау массивтерінің мына түрлерін бөліп айтуға болады: біртектесті, іріблокты, қабатты, ұсақблокты. Массив мына жыныстардан тұруы мүмкін: тасы (скалярный), жартылай тасты, тығызды, сусымалы, қорысты (плыувий).
Массивте табиғи күйінде болатын тау жынысы массивтегі тау жынысы деп аталады.
Бұзылған тау-кен жыныстары - бұл қопсыған, жасанды немесе массивтердің ысырылуы нәтижесінде пайдаланған қатты немесе байланысқан тау жыныстары. Табиғи борпылдақ жыныстар олардың босаңқы жатуының және ұсақталуының, мысалы тиеу-тасымалдау жұмыстары нәтижесінде бұзылуы себебінен бұзылған жыныстар тобына ауыса алады.
Жартасты және байланысқан жыныстардың жеке бөліктері, борпылдақ жыныстардың көлемі тау-кен жыныстарының үлгісі болып табылады.
Яғни, тау-кен жыныстарының үлгілері - күрделі түзілістер массивіндегі тау-кен жыныстың, тау-кен жыныстары массивінің, бұзылған жыныстарды құрайтын алғашқы элементтер.
Тау-кен жыныстарын пайдалану, олардың пайдалы компоненттерді бөлу, құрамын бақылау, қасиеттерін пайдалану және байыту техникасымен технологиясын белгілейтін минералдарды бөлумен байланысты. Сондықтан тау-кен жыныстары физикасы және процестері жынысты құрайтын минералдардың барлық жиынтығын зерттейді.
Тау-кен жыныстары массивінің қасиеті оны құрайтын жыныстардың қасиетінен, орналасуынан және өзара байланысынан құралатын тәрізді, үлгінің қасиеті оны құрайтын минералдардың қасиетінен, орналасуынан және өзара байланысынан құралады.
Жыныстың үлгі мен массивтегі, тау-кен жыныстары массиві мен тау массасындағы қасиеттерінің айырмашылығы мынада:
құрам өзгешілігінде (үлгіде жыныстың минералдық құрамы оның массивтегі немесе ұсақталған кезіндегі құрамынан өзгеше) жыныс массиві құрамы әртекті жыныстардан құралған;
құрылыс өзгешілігінде - негізгі элементтердің орналасуы, олардың қалпы, бағыттылығы (мысалы, тау-кен жыныстары массивінде қатпарлылық болғанымен, үлгіде жоқ болып шығуы мүмкін);
жынысқа әсер ететін әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты: қысым, температура, электр өрістері, жыныстың газ және сұйықпен қанығу дәрежесі мен сыйпатталады және т.б.;
байланыс күштерінде, жанасу жағдайларында, жыныстың бұзылуы дәрежесінде - үлгіде массивтегі жынысқа, тау-кен жыныстары массивіне немесе бұзылған тау-кен жыныстарына қарағанда жарықшақ пен бостықтар аз кездеседі.
Жыныстың бұзылғандығы жарықшақтарынан байқалады.
Жыныстың жарықшақтығы деп қысымның нәтижесінде оның тұтастығының бұзылуын айтады, жыныс массивінде болатын жарықшақтардың жиынтығы. Жарықшақтық массив жыныстардың беріктігін төмендетеді. Негізінде, барлық тау жыныстарында белгілі бір дәрежеде жарықшақтар болады. Тау жыныстары жарықшақтық пайда болуына байланысты екі түрге бөлінеді – табиғаттық және жасанды. Табиғаттық жарықшақтық геологиялық ерекшеліктерге байланыссты пайда болады, ал жасанды жарықшаөтық, кен қазбаларын жүргізгенде аттыру жұмыстарының әсерінен немесе жанындағы қазбаға тұсетін қасымның әсерінен пайдо болуы мүмкін.
Жыныста бостықтың, кеуектілік пен жарықшақтың болуы олардың көп фазалығын болжайды, себебі барлық бостықтар табиғи жағдайда көбінесе газбен, сұйықтықпен немесе басқа денелермен толған болады да, жыныста оларды классикалық қатты денелерден айыратын көптеген физикалық өзгерістердің болуына әкеліп соғады.