ProductiveRamadan.com
туралы аз-маз
Расында, бауырлар, әпке-қарындастар, біз Рамазан
айын қалай өткізіп жатқанымыз жайлы тағы бір рет
терең ойлануымыз керек. Жеке тұлға ретінде де,
мұсылман Үмметі, жамағат деңгейінде де Ораза айын
тиімді өткізу үшін еңбектенуіміз шарт!
Қасиетті айды тиімді өткізу үшін біздерді қолдап,
демейтін, дайындайтын, үйрететін жүйе мен қоғам
құруымыз қажет. Бұл жүйе төмендегі жеті қағиданы іске
асыруға көмектессе:
1.
Мына қағиданы түсіну
: “Саған ғана
құлшылық етіп, Сенен ғана медет күтеміз”
2.
Рамазан айын жақсы өткізіп, әрі
шаршамайтындай қып күш-қуатымызды қалай
жұмсау керек?
3.
Ораза кезінде жұмысқа, оқуға, үйдегі қызметке
ықыласымызды қалай аударуымыз керек?
4.
Рамазан айын тиімді өткізу үшін ұйқымызды
қалай басқара аламыз?
5.
Қасиетті айда қалайша рухани түрде дамуға
болады?
6.
Рамазан айы кезінде ширақ боп қалу үшін
қалай шынығу керек?
7.
Ай бойы өз уақытымызды қалай ғана тиімді
пайдалана аламыз?
Дәл осы жерде
ProductiveRamadan.com көмекке
келеді. Жоғарыда аталған жеті сұраққа әр алуан
ресурстар мен электрондық пошта арқылы, сондай-ақ
3
0 кеңес айтылған қолыңдағы осы e-кітап арқылы
Рамазан айының әр бір күнін тиісті деңгейде өткізуге
көмектесуге арналған.
Бұл кітапты қалай қолдана алам?
Рамазан айы бойы мына кітап сенің күнделікті
өміріңнің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Рамазанның әр күніне жазылған хабарламаларды
оқып, біздің әйгілі таскинаторларымызды қолдану
арқылы, өз күніңді дұрыс жоспарлауға тырыс!
“Таскинатор” деген не? Таскинатор дегеніміз – ертең
жасалуы қажет істерді жоспарлау кестесі. Ескерту: бұл
pdf
файлдарды компьютермен толтыруға болады
Күнбе-күнгі таскинаторды жүктеу:
http://goo.gl/XxyF7L
Апталық таскинаторды жүктеу:
http://goo.gl/CkHcU6
Оразаға арналған таскинаторды жүктеу:
http://goo.gl/jWEXqW
Достарыңызбен бөлісу: