Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өз бетімен оқыту мазмұНЫ


Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалімдер жұмысының формалары



бет5/23
Дата07.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#19595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушыларды-өз-бетімен-оқыту

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалімдер жұмысының формалары.


Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту технологиясы-оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология-оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестілігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен істеуі, және оған әсер ететін мативтер және т.б. Дәлірек, айтқанда, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.

Оқу әрекеті барысында оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау дағдыларын қалыптастыруға болады.



  • Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы түсінік беру:

  • Оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау әдістемесімен таныстыру.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағмдаларды есінде ұстауы қажет:

1. Баланың бойындағы қамқорлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.



  1. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай . жасау;

  2. Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл,сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю крек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді па йдалана білугне үйретеді. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың “ойша” әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы, яғни негізгі оқу іс-әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғаның анықтауына, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады.

В.В.Давыдов оқушыларды осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып, былай дейді: “Оқушы өз әректетінде барынша көп қадам жасаған сайын, ол түрлі варианттарын салдыстыра алады.”-деді.

Бастауыш мектепте оқушылар жұмысын әшекейлеп ұйымдастыру формасында әр оқушы тек өзіне арналған (дайындығына және қабілетіне) байланысты тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар ретінде оқулық пен басқа оқу құралдары мен мазмұндама, шығарма, әр түрлі бақылаулар өткізу т.б.

Тапсырма орындаудың жекелеп ұйымдастырудың екі түрі бар. Біріншісінде оқушы барша сыныпқа бірдей берілген тапсырманы өз алдына, басқалармен хабарласпай лрындайды. Екіншісінде әр оқушы өзіне тиіс өзіндік жұмыстарын орындайды. Осылай әр баланың дайындығына орай жаттығулар беріп, оның алға ілгерілеуін қамтамасыз етуге болады. Оқушылардың өзіндік жұмысты орындау барысында өте маңызды мәселе–мұғалімнің тапсырманы орындауға бақылауы, оқушыларда кездескен қиындықтарға дер кезінде көмек беруі, яғни жұмыс барысында ол шәкірттерге жұмыстың дұрыс қолдануға кеңес беріп, сілтеме сұрақтар қойып, бағытқа салып отырады. Ал егер оқушылардың тапсырманы орындауға күші келмейтінін сезсе, жеке жұмыстарын доғарып, бүкіл сыныпқа қосымша түсініктеме, кеңес береді. Жеке жұмыстарды сабақтың барлық кездерінде де әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешумен байланыстырып отырған жөн. Мысалы, жаңа білімдерді игеру және бекітуді ептілік пен дағдыларды қалыптасытру және орынқтыруда өткенді қоыртындылау мен қайталауда бақылау кезеңінде, зерттеу – ізденіс әдістерін үйренуде.

Әлбетте, оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың бұл формасын бекіту, қайталау әр түрлі жаттығулар үшін қолданған өте қолайлы, бірақ оның тиімділігі жаңа материалмен байланысты өзіндік жұмыстар орындауда, алдағы болатын сабаққа өз бетінше дайындалғанда орынды жемісін береді.

Мысалы, сабақта өтілетін көркем шығармаға байланысты әр оқушыға немесе оқушылар тобына күні бұрын жеке тапсырмалар беріп қоюға болады. Бүкіл сынып болып шығарманы оқып шығуы шарт.

Осы оқу барысында әр оқушы (өз) сұрағына жауап дайындайды. Мұндай жұмысқа орай есте ұстайтын жәйт: 1) әр бала өз мүмкіндігіне сай жұмыс істеп бағасын алады. 2) Әркім шығарманың өзіне тапсырған бөлігі бойынша талдау жүргізеді де, сабақта өзіне тиісті материалды түсіндіріп береді. Үлгерімі төмен оқушылар үшін дайындалған тапсырмалар орындау үлгерімімен қоса беріледі. Осылай әр оқушының білім дәрежесін, қабілетін ескере отырып, олардың оқу процесінде, қадам, қадамнан алға ілгерілеуіне тиімді ықпал жасауға болады. Қазіргі мектептерде ұжымдық тұрғыда оқыту жүйесі қалыптасқан. Бағдарлама да соған сай жасалған. Ұжымдық жүйеде оқытудың пайдасы мол. Алайда, жеке оқушылардың түрлі психологиялық, физиологиялық т.б. өзіндік ерекшеліктері жан-жақты зерттеулер есепке алуды қажет етеді.

Сондықтан, мұғалімнің оқыту барысында жақсы үлгерімге жету үшін, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін жете білуге үлкен мән беру қажет. Мұнсыз оқу-тәрбие жұмысы іске аспайды. Сыныпқа арналған ана тілі оқулығында берілген оқу материалдарын мұғалім жеке оқушының өзіндік ерекшелігіне қарай сұрыптап әр – алуан жаттығу түрлерін жасауға болады. Осы оқу процесінде әр оқу процесінде жеке оқушылардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктерін есепке алу проблемасы. Аса ауқымды, әрі күрделі процесс. Мұның өзі тек диференциялап оқытуды ғана емес, сонымен қатар, бала тілін таба білуді, оны оқуға қызықтыруды, оқу материалдарынан алынған дидактикалық принциптерін тұтасқан бірлігінде үйретуді қажет етеді.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда оларды топқа бөліп, әр қайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Мұндай жағдайларда оқушының ынытымақтастық сезімдер мен ойлау дербестігі дамиды. Осыған орай мына сабақты үлгі ретінде көресетемін.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы етіп тәрбиелеу–әрбір ұстаздың борыщы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға хылықтық педагогиканың нәрлі қайнары мен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қаллыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазіналарымен байытуға қазақ халықыныңы әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын, ұйымдастырудағы жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаңа жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқуішылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатын сабақ барысында тиімсді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру, мұғалімнің басты міндеті екені белгілі.

Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, орындау тәсілдерін мұғалім өзі айтып, түсіндіреді, ал оқушы тек орындаушы ретінде жұмыс істейді. Ал егер мұғалімс оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қодлдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, онда оқуша өздігінен ізденіп, жатса міндеттерді шешуге тырысады. Мұндай жағдайда оның дербестігі өздігінен істейтін әрекеті артады. Бұдан шығатын әдлістемелік қортындыда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегінмен орындайтын дербес жұмыстар соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалімс мен оқушы арасындағы қызметіне қарай, оқушылардың өзіндік жұмысының негіздерін мынандай көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет