Кіші оқушының жеке басын қалыптастырудағы еңбектің маңызы



бет2/2
Дата25.06.2022
өлшемі61,12 Kb.
#37295
1   2
Байланысты:
Кіші оқушының жеке басын қалыптастырудағы еңбектің маңызы

Тұлға жоғары дәрежеде кіріккен (интеграцияланған), үнемі өсу процесінде болатын әлеуметгік жүйе. Оның бойында өзін-өзі дамытуға деген мүмкіндік және білімге деген сарқылмас құмарлық ынтасы мол. Алайда, оқушыға оқу-тәрбие үрдісінің субъектісі емес, объектісі деп қараудың нәтижесінде педагогикалық практика осы уақытқа дейін орташа оқитын оқушыға бағдар ұстап келді. Бұл жағдай әрбір оқушының бойындағы алуан түрлі мүмкіндіктер мен дербес қабілетгерді жоюға өкеліп соқтырды, нәтижесінде оның өз дәрежесінде дамуына бөгет болды.

Жалпыға бірдей білім берудегі кіші мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады. - оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру; - рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие; - білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру; - оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау; - оқушының даралығын сақтау және қолдау. Кіші мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Бұл жаңа оқу стандарттарының тағы да ерекше жақтары. Оқу үдерісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.

Зерттеудің нысаны: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын даярлау үрдісі. Зерттеудің болжамы: Егер, кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеліп, кіші мектеп жасындағы оқушылар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері анықталса, сабақта бағытты – практикалық, кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары сараланса, онда оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейі жоғарылар еді. Зерттеудің пәні: Қоршаған ортамен таныстыру кезінде кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру үрдісі. Зерттеу міндеттері: 1) Қазіргі ғылымдағы «зерттеу дағдылары» деген ұғымды сипаттау; 2) Зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін анықтау; 3) Кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдарын саралау; 4) Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптасу деңгейінің диагностикасын жүргізу; Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Алға қойылған міндеттерін шешу мен бастапқы белгіленген болжамдар жағдайын тексеру үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: зерттеліп отырған мәселе бойынша әдебиетті зерттеу және теориялық талдауы, ақпаратты синтездеу және жалпылау, бақылау, тестілеу; тәжірибелік – сараптамалық жұмыс және оның қорытындыларын өңдеу.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы, ҚР «Білім Беру Туралы Заңы», ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының білім беру журналдары, психология, педагогика ғылымдарының дүниетаным, тәрбие, білім, даму туралы ғылыми еңбектері, педагогикалық оқулықтар. Зерттеу жұмысының әдістері: - ғылыми – әдістемелік әдебиеттерді зерттеу; - сұрақ – жауап; - түсіндіру; - педагогикалық бақылау; - педагогикалық эксперимент; Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет