Кіші планеталар



Дата09.06.2023
өлшемі103,53 Kb.
#100209
Байланысты:
Барно 10 апта астр


Кіші планеталар

Марс пен Юпитер орбиталарының аралығындағы кеңістікте астероидтар деп аталатын көптеген ұсақ денелер қозғалып жүреді. Бұл денелердің астероидтар деп аталуы олардың жұлдыз тектес нүктелік объектілері түрінде болуымен тығыз байланысты.


Астероидтар ең алғаш 1801 жылы 1-қаңтарда Италиялық астроном Дж.Пиацци ашты және осы ашылған аспан денесіне Церера1 деген ат берілді. 1802 жылы наурыз айында Паллада деп аталатын астероид белгілі болды. Телескоптық бақылау тәсілімен 1891 жылға дейін осындай 320 объект ашылды. Фотографиялық әдіспен ашылған астероидтар саны өте көп болғанымен, олардың ішіндегі орбитасы белгілерінің саны 2300. Бір қызықтығы, алғашқы анықталған астероидтар ежелгі грек мифологиясындағы кейіпкерлердің аттарымен аталса, одан кейінгілеріне гүлдердің, елдердің, қалалардың, обсерваториялардың, әйгілі оқымыстылар мен көрнекті адамдардың аттары беріліп отырды. Церера, Паллада, Веста, Бредихина, Глазенапия, Владилена сияқты әйел аттары берілген астероидтармен бірге Адонис, Аполлон, Геркулес, Эрот сияқты ер адамның аттары берілген және басқа астероидтармен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерімен көрінетін аспан денелерін жоғарыдағы айтылмаған ойымызға дәлел ретінде қарастырып отырмыз. Қазіргі кездері астероидтардың әрқайсысына реттік сан берілген.
Жоғарыда айтылып өтілгендей, астероидтардың 98% Марс пен Юпитердің орбиталарының аралығындағы кеңістікте қозғалады және олардың әрқайсысының Күнге дейінгі орташа қашықтығы 2,06-4,30 а.б. аралғында, әрбір астероидтың орбитасының эксцентриситеті 0,10-0,20 аралығында жатады да, көлбеуліктері аспайтындай болып келеді.
Басқалармен салыстырғанда өзгеше орбиталарға ие болатын астероидтар төмендегі кестеде келтірілген.



Астероид

а (а.б)

е

i

q (а.б)

Q (а.б)

Икар

1,08

0,826



0,19

1,97

Гермес

1,29

0,474



0,68

1,90

Эрос

1,46

0,223



1,13

1,79

Адонис

1,97

0,778



0,44

3,50

Ганимед

2,66

0,540



1,22

4,10

Гидальго

5,82

0,656



2,00

9,64




Көптеген астероидтардың жарқырауы . Астероидтар өлшемдері кіші болатын аспан денелері және олардың формалары дұрыс емес болып келеді. Осындай аспан денелерінің ішіндегі ең ірілері Церера. Паллада, Веста және Гигея болса, 14 астероидтардың өлшемі 250км-ден жоғары да, қалғандарының өлшемдері 1 км-ден аз болатын аспан денелері астероидтар емес метеороидтер деп аталады.
Астероидтардың өлшемдерінің әртүрлі болуы олардың массасының да әрқалай шамада екендігінің бірден-бір дәлелі болып табылады. Мысалы, Церераның массасы кг болса, Герместікі кг. Астероидтардың орташа тығыздықтары оның химиялық құрамына тәуелді болады. Тас астероидтардың орташа тығыздығы , ал темір-никель жүйесінен тұратын астероидтардың орташа тығыздығы 7 - .
Кейбір астероидтар ілгермелі қозғалыспен бірге өзіндік остерін айналып та қозғалыс жасайды.
Орбиталары Юпитер палнетасының орбитасына жақын деген астероидтар үлкен екі топқа бөлінген. Бұл топтар Юпитерден алға және кейінгі қашықтықта кездеседі. Алғашқы топқа енетін астероидтардың ең ірі 15-інің аттары Троян соғысындағы батырлардың аттарымен аталған. Юпитерге дейінгі аралықтағы астероидтар Агамемнон, Антилох, Ахиллес, Аякс, Диомед, Менелай, Нестор, Одиссей, Патрокл, Теламон деп аталса, Юпитерден кейінгілердің ең ірі бестігі Анхиз, Гектор, Приам, Троил, Эней сияқты «Трояндықтардың» есімдерімен айтылады. Олардың жарқырауы Осы топтардың массаларының центрі, Юпитер және Күн екі дұрыс үшбұрыштар жасап орналасады да, мұндай дененің қозғалысы орнықты болып келеді. Ал басқа астероидтардың орбиталарындағы қозғалыстары орнықты болмағандықтан, аспан денелерінің өзара соқтығысуларының нәтижелері ірі астероидтардың ұсақталуына алып келеді.
Юпитер орбитасының сыртында көптеген кіші денелер бар екендігі соңғы жылдары анықталған және олар екі топқа бөлінген. Кентаврлар және транснептундық объектілер. Екіншілері Койпер белдеуі деп аталады. 1951 жылы кометалардың пайда болу проблемаларын шешу әрекетінде АҚШ-тың астрономы Дж.Койпер Күн жүйесінің шетінде көптеген денелер бар екіндігін болжаған. 1999-2003 жылдарда осы аймақта 800 астероид ашылып, астероидтердің сыртқы белдеуінің бар екендігін расталды. Койпер белдеуі протопланеталық тұмандықтың шеткі қалдығы болуы мүмкін және осы белдеудің қысқа периодты кометалармен тығыз байланысы дұрыс болжам.






1Миркаримова Барно


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет