Ұлттық тәрбие негіздері. Халық педагогикасындағы адамгершілік имандылық тәрбиесі
Ізгілік - адамның басты құндылығы
Кәсіби тұрғыдан қарағанда ізгілік дегеніміз- жеке студенттердің өзіндік кәсіби қызмет саласын қоғамдық жауапкершілікпен бағалауға және дамытуға бағытталған азаматтық қасиет деп анықтама берген.
Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді.
АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі (Ыбырай Алтынсарин)
Қазақ халқының отбасындағы ізгілік пен адамгершілік тәрбиесіне баулу жолдары:
Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ілім, артынан дұға қылатын ізгі ұрпақ»дегенін жеткізеді.
Достық деген жан-дүниесімен арман мұратымен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тұтаса жақындасқан адамдардың берік одағы. Шынайы дос болу әркімнің қолынан келе бермейді.
Достық деген жан-дүниесімен арман мұратымен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тұтаса жақындасқан адамдардың берік одағы. Шынайы дос болу әркімнің қолынан келе бермейді.
Махаббатпен жаратқан адамзатты...
Махаббатсыз дүние бос Абай
Мұсылмандар амандасқанда қалыптасқан дәстүр бойынша екі қолдап ер азаматтар жағы сәлемдеседі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі мұсылман кездесіп қол алысатын болса, олардың күналары екеуі айырылысудан бұрын кешіріледі», – деп айтқан.
Жомарттық
Жауапкершілік
Ағайын-туысшылдық, жақынның қамын жеу
Елжандылық
Даналық, алғырлық
Намысқойлық
Аманатшылдық, әйелге, әпке-қарындасқа деген қамқорлық
Еңбекқор
Аз сөзділік, көп істілік, сертінде тұру
Талаптылық, іске беріктік
Досқа адалдық, өсек, өтірік, ғайбаттан алыстық
Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да тəрбиелі қыздар – ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тəрбиелеймін десең, қызыңды тəрбиеле» деген қағиданың мəні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. «Қыз, əйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені өмірдің бастау-бұлағы анадан адамзат тарап, ұрпақ өсіп, ұлт қатары көбейеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілі мен дінін, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін де əйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тəрбиелеу ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.