Оқырмандарға жеке қызмет көрсету – жеке тұлғаның білімдік, ақпарат-тық, мәдени және демалыс қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған оған қызмет көрсету. Ол кітапханашының оқырмандардың жеке ақпараттық қажеттіктерін қанағаттаңдыру қызметін; оқырман мүддесінің құрылымы мен терендігін дамытуды; оқырмандардың ақпаратгық мәдениеті мен олардың оқырмаңдық дамуы деңгейін көтеруге жәрдемдесуді; оқырманның кітапхана-ны пайдалануының барлық кезеңінде кітапханашы мен оқырманның ынтымақтастығын ұйымдастыруды қамтиды.
Жеке жұмыста кітапханашының оқырманмен жеке әңгімелесу әдістері қолданылады. Оқырмандарға жеке қызмет көрсету барысыңда кітапханашы оқырмандардың мүдделерін зерделейді, оған әдебиеттер ұсынады, басылым-дармен жұмыс істеу түрғысында кеңестер береді, кітапхана ұсынатын қызметтер туралы құлағдар етеді.
Жеке жұмыстың негізгі нысандары: оқырманның кітапханаға жазылуы кезінде, кітаптар беру мен қабылдау үстінде, кітапхана көрмелері жанында өткізілетін әнгімелер, кеңестер, анықтамалар, жеке хабарламалар.
Әңгімелесу оқырмандардың мүдделерін, олардың жас ерекшеліктерін, жеке қасиеттерін ескере отырып, кітапханашы мен оқырманның арасыңдағы тікелей сөйлесуді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Әңгімелесу негізінен оқырманның кітапханаға жазылуы, құжаттар беру мен қабылдау кезінде өткізіледі.
Жеке жүмыстың нысаны ретінде әнгімелесу ұсынылатын әдебиет туралы, оқылған кітаптар туралы, кітапхана және ақпарат қорлары туралы әңгімелесу болып бөлінеді.
Кітапханаға жазылу кезіндегі әңгімелесу кітапхана оқырманы болуға тілек білдірген оқушы туралы мәліметтер жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер кітапхананың жаңа пайдаланушысымен жұмыстың стратегиясы мен бағыттарын белгілеуда маңызды рөл атқарады. Осы әңгімелесу үстінде оны кітапхананы пайдалану қағидаларымен, кітапханасының тарихымен, онда қалыптасқан дәстүрлермен және оның ақпарат мүмкіңдіктерімен және ресурс-тарымен таныстырады, жазылушының оқу мәдениетінен «сыр тартады».
Оқырманды жазу кезіндегі әңгімелесу үстінде кітапханашы оқырманды кітапханамен, оның қорымен және анықтама-библиографиялық аппаратымен, кітапхананы пайдалану қағидаларымен және кітапхана ұсынатын қызмет-термен таныстырады, оқырмандар мүдделері мен олардың оқығаңдық деңгейін, оқырманның қандай кітапханаларды пайдаланатынын, үй кітапханасының бар-жоғы анықталады. Осы әңгімелесу барысында алынған мәліметтерді (мәселен, оқырманның үйіне жаздырып алатын мерзімді басылымы туралы) кітапханашы оқырман формулярының «Кітапханашы ескертпелері» бөліміне түсіреді.
Кеңес беру - оқырманды кітапханамен, оның қорымен, анықтамалық-библиографиялық аппаратымен таныстыруға бағытталған кітапхана қызметін көрсету нысаны, оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, кітапханалық-библиография-лық сауаттылық негіздерін сіңіруге бағытталған. Оқырмаңдарға кітап сөрелерінің жанында кеңес беру қорға еркін кіруде бағдар алуға көмектеседі. Басылымның қорда жайласу тәртібімен таныстыра отырып, кітапханашы сілтемелер мен қайыра сілтемелер жүйесімен таныстырады, оқырмандар назарын сөрелік көрмелерге аударады; басылымдарды таңдауда каталогтар-ды, картотекаларды және библиографиялық құралдарды, сондай-ақ кітаптың өзінің анықтама аппаратын (алғысөз, сонғы сөз, мазмұны, аннотациялар жэне т.б.) пайдалана білуге үйретеді. Кітап сөрелеренің жанындағы кеңес беру ұсынылатын әдебиеттер туралы әңгімелесумен, сондай-ақ оқылған кітаптар туралы әнгімелесумен жалғасады.
Кітап сөрелерінің жанындағы кеңес беру негізінен жеке өткізіледі, бірақ топпен де өткізілуі мүмкін.
Ұсынылатын әдебиет туралы пікірлесу.Оны өткізу кезінде кітапханашы басылымның мазмұнын, әңгіме өткізілетін оқушы түлғасының оқырмаңдық даму деңгейін, оның қызығушылығы мен сұранысының сипатын ескереді. Ұсынылатын әдебиеттер аясын кеңейту, кітапханашы мен оқырман-ның арасындағы қарым-қатынасты демократияландыру кітапханашыдан бірнеше басылымды тандауға ұсынуды ғана емес, сонымен бірге оқырманды сол тандауының дұрыстығына иландыра білуді талап етеді.
Әдістемелік тұрғыда мұндай пікірлесудің тиімділігі кітапханашының оқырманның негізгі кызығушылығына сәйкес келетін, бірақ ол үшін тың ақпараттары бар немесе басқа жанрда жазылған басылымды ұсынумен мәнді ұқсастық тәсілін қолданумен арта түседі.
Басқа тиімді тәсіл басылым мазмұнының сонылығын, онда баяндалған фактілердің сенімділігін және шынайы тарихи оқиғалармен немесе адамдар-мен байланысын атап көрсету болып табылады. Ұсынудың сыннан өткен тәсілі оқырман үшін беделді адамдарға, басқа оқырмандардын пікірлеріне, баспа рецензиялары мен лебіздеріне сілтеме жасау болып табылады. Ұсынымдық пікірлесуге дайындық кезінде кітапханашы балалар мен жеткіншектердің субмәдениетінің ерекшеліктерің, оқырман модасының феномендерін, жас оқырмандардың артық көрушіліктері жүйесіндегі табынатын жазушылар мен көркем шығармалардың маңызын есте ұстауы тиіс.
Көркем шығарма туралы әңгімелей отырып, оны айтып беруге немесе сюжетін толық ашып көрсетуге болмайды, өйткені бұл, әдетте, жас оқырмаң-ды жазушы мен оның кітабы туралы жеткілікті білемін деген қорытыңдыға әкеледі.
Пікірлесу барысында оқырманға оң әсер етіп, оның санасыңда басы-лымды бағалау өлшемдері мен көркем мәтінді қабылдау, оны түйсіну тәсілдерін орнықтыра алатын психологиялық ахуал туғызудың маңызы айрықша.
Ұсынылған әдебиет туралы пікірлесу оқырман қызығушылықтары мен қажеттіктерін, оқушының оқу сипатын ашып көрсететін оқушы-оқырманның формулярын талдауға сүйене отырып өткізіледі. Оқырман формулярында көрсетілген басылымдар тізімі көп жайды аңғартады: басылым тандауында мақсаттылық бар ма, белгілі бір тақырыптағы басылымдарға аса қызығушы-лық туралы сөз етуге бола ма, оқушы үнемі оқи ма немесе кітапханаға анда-санда келе ме.
Басылымды ұсынған кезде кітапханашы бұл басылымдардың оқылғанн басылымдардан айырмашылығын көрсете отырып, оқырманның бұрындары оқыған, тақырыбы, материалды беру нысаны, жағырапиялық белгілері және т.б. бойынша ұсынылғандарға ұқсас басылымдардың тобына сүйенеді немесе оқырман назарын оқу барысында белгілі бір қызығушылықты қанағаттан-дыру мүмкіндігіне аударады. Оқырман назарын басылымның жекелеген элементтеріне, авторы, суретшісі, редакторы, алғысөздің немесе соңғы сөздің авторы, құжаттың басылған орны, жанры, баяндау ерекшеліктері және т.т. туралы мәліметтерге аударған орынды. Басылым туралы әңгімелеумен қатар кітапханашы оқырмандарды басылымнан алдын-ала іріктеліп алынған үзінділермен немесе түрлі түсті суреттермен таныстырады. [19]
Оқылған басылым туралы пікірлесу. Басылым беруді оқырманмен жұмыстың соңы деп санауға болмайды. Шынтуайтында, бұл жұмыстың тек басы ғана. Оқылған басылым туралы пікірлесудің мақсаттары:
- оқушының оқырмаңдық даму денгейін, соның ішінде оқылған
басылымның оған түсінікті болған-болмағанын анықтау;
оқырманның сол шығарма мен оның авторы туралы пікірін анықтау (мүмкін болса, сол шығарманы сол автордың басқа шығармаларымен салыстыру);
оқырманның талғамы мен артық көрушіліктерін анықтау (оқылған басылымды талқылау мысалында);
оқырман күтілімдері жүйесін анықтау болып табылады.
Бұдан басқа әралуан типтегі және жанрдағы әдебиеттер туралы пікірлесу өткізудің ерекшеліктері бар. Мәселен, танымдық басылым туралы пікір алмасуда кітапханашы оқу үдерісінде немесе өздігінен білім алуда оның қаңдай нақты пайда әкелгенін, ал көркем шығарма туралы пікір алмасуда эстетикалық ерекшеліктері мен мәнерлеу тәсілдерінен алған әсерін сұрас-тыруы тиіс.
Оқылған кітаптар туралы пікірлесуде кітапханашы очерктер мен құжатты әнгімелерді оқу арқылы оқу кезінде романнан ғылыми-танымдық басылымға «өту» мүмкіндігі, фантастикалық және ғылыми-көпшілік әдебиет-ті оқудың сабақтастығы туралы есте ұстауы тиіс.
Басылымға бір оқырманның берген бағасы басқалармен пікірлесу үстінде пайдаланылуы мүмкін. Оқылған басылымдар туралы пікірлесу кггапханашыға оның ұсынымдық жұмысының тиімділігін тексеріп, оқырман тілектерін қалыптастыратын ақпарат көздерінің өрісін анықтауға, ондағы ата-ананың, мұғалімдердің, құрдастарының, бұқаралық ақпарат құралдарынын және кітап жарнамасының рөлі белгілеуте жәрдемдеседі. Мұндай пікірлесу барысында алынған мәліметтер оқырмандарды қосымша саралау, басылымдарды насихаттаудың топтық және көпшілік нысандары жоспарларының негізіне алынуы тиіс.
Оқылған басылымдар туралы пікірлесу оқылған басылымды қабылдау, түйсіну деңгейін анықтап, оқырман мүдделері мен қажеттіктерін анықтауға септігін тигізеді. Мұндай мәліметтер кітапханашыға оқуға басшылық жасау үдерісін түзетуге: оқу өрісін кеңейтіп, терендетуге, оқырмандарға онын қабылдау деңгейіне қарай аса ұғынықты немесе одан да күрделі әдебиетті ұсынуға; бұрынырақга басылымдар ұсынған кезде жіберген кемшіліктерін түзетуге көмектеседі.
Оқылған басылымдар туралы пікірлесу тәсілдері:
- егер оқырман басылымды кітапхана ұсынысы бойынша алса,
соңғысы ұсыныстың қаншалықты сәтті шыққанын, оқырманның басылымнан нендей пайдалы сабақ алғанын, оны қалай бағалайтынын, алынған білімдерді күнделікті өмірде қолданғанын-қолданбағанын, ұсынылған басылымның неліктен қызықтырмағанын және т.б. анықтайды;
- егер оқырман басылымды дербес таңдап алса, кітапханашы оның өз
таңдауын қалай бағалайтынын, оны сәтті деп санайтынын-санамайтынын
біледі;
- егер кітапханашы оқырманның оқығаны туралы пікірлесуге
қатысатынынае сенімді болмаса, оқырманның оны қабыл алмауын күтпестен
басылым туралы әсерімен өзі бөлісуі арқылы оқырманды әңгімеге
шақырады.
Оқырмаңдарға басылым беруді ресімдеу кезіңде пікірлесу оқудың мақсатына, оқырмандық оқығандық деңгейіне сүйене отырып, оның басылымдарды тандауына септігін тигізеді.
Анықтамалароқырманға өз мүдделері мен қажеттіктеріне сәйкес әдебиеттер іздестіру мен тандауға көмектеседі. Анықтамалар ауызша және жазбаша нысаңда, яғни жеке оқу жоспары түрінде болуы мүмкін.
Жеке жоспарлы оқуды ұйымдастыру үшін типтік оқу жоспарлары мен библиографияның басқа да «шағын нысандары» қолданылады. Жоспарлы оқуға тартылатын басым топтар: өздігінен білім алумен шұғылданушы оқушылар, бітіруші сыныптар оқушылары, оқуын жоғары оқу орындарында жалғастыруға дайындалып жүрген оқушылар, жұмысын жаңадан бастаған пән мұғалімдері, үйірмелер жетекшілері.
Аталған тәсілдің мәні оқырман-оқушылардың жан-жақты мәдени дамуы мен мұғалім оқырмандардың кәсіби білімдерін дамытуы, сондай-ақ олардың әрқайсысында жүйелі өздігінен білім алушылық оқу қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында бір тақырыптан басқасына үнемі көшіп отыру арқылы кітапхана пайдаланушыларын өз қызығушылықтары бойынша әдебиеттер оқуға тартуда. Кітапхана пайдаланушыларын жоспарлы оқуға тартуға арналған олардың ынтасы жыл сайын оқырмаңдарды анкеталау жолымен нақтыланады. Оның мақсаттары:
осы тақырыптарды талдау негізінде оқу жоспарлары тақырыбын
белгілеу;
- оқырман тізбесіне қандай маңызды тақырыптардың кірмей қалғанын анықтау және оқырмандарды жеке жоспарлы оқуға, біріншіден, кітапхананың оқырманмен тікелей пікірлесуі барысындағы ұсыныстары; екіншіден, оқырмандардың библиографияның саналуан «шағын нысандарымен» және ұсынымдық көрсеткіштерімен дербес таныстығы жолымен тарту жолдарын белгілеу болып табылады.
Жеке жоспарлы оқудың үш түрі бар;
а) «типтік оқу жоспарлары», кітапханаларда пайдаланушылардың аса жиі қайталанатын қызығушылықтарын талдау негізінде әзірленеді;
э) «Әрі қарай не оқуға болады?» типіндегі әдебиеттер тізімдері;
б) аса дайыңдалған оқырмаңдар кітапханашылармен бірге
әдебиеттердің ұсынымдық көрсеткіштері мен басқа библиографиялық
басылымдар негізінде өздері үшін жеке оқу жоспарын әзірлейді.
Ақпараттароқырмаңды өз мүдделері мен қажеттіктеріне сәйкес әдебиеттер туралы құлағдар етуге бағытталған. Оқырман мұғалімдерге қызмет көрсету кезінде жеке хабарлау ақпаратты таңдамалы тарату (АТТ) әдісімен жүзеге асырылады, бұл нақты оқырманның ақпарат қажеттіктерін аса толығымен есепке алуға септігін тигізеді. Әдебиет туралы хабарлаумен қатар кітапханашы оқырманды кітапхана ұсынатын қызметтер, оны пайдалану кағидалары туралы құлағдар етеді.
Оқырмандарга топтық қызмет көрсету - ортақ мүддемен біріктірілген оқырмандардың шағын топтарының білім алу, ақпараттық және мәдени қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған кітапханалық қызмет көрсету.
Көпшілік (фронталды) қызмет көрсету - оқырмандардың көпшілігіне тән, ортақ білім беру-ақпараттық және мәдени қажеттілікті қанағаттаңдыруға бағытталған пайдаланушыларға кітапхана қызметін көрсету.
Топтық және фронталды іс-шаралар қойылған мәселелер мен олардың ашылуы ұсынылатын кітапты жақсы білетіңдер үшін де және онымен алғаш танысатындар үшін де түсінікті әрі қызық болатыңдай етіп өткізілуі тиіс.
Кітапханаларында топтық қызмет көрсетудің бағдары мүғалімдер мен оқырмандардың қызығушылықтарының бағыттылығы (мәселен, поэзия құмарлар) бойынша біріктірілген пайдаланушылардың (оқырман топтары) бір бөлігі болып табылады. Көпшілік қызмет көрсету бағдары оқырман аудиториясы, яғни кітапхананың барлық пайдаланушылары болып табылады.
Топтық және көпшілік іс-шарада қарастыру нысанасы бір және сол басылым болуы мүмкін, бірақ ол әрқилы ашып көрсетілетін болады Адамдардың шағын санын қамтитын топтық іс-шарада қатысушылардың көпшілігінің мүддесін ескере отырып, кітапты аса тереңірек ашып көрсету мүмкіндігі туса, көпшілік (фронталды) іс-шарада әралуан топтардың көптеген өкілдерін қамту мүмкіндігі бар, бірақ қарастырылатын шығарманың барлығына бірдей қызықты жақтары ғана ашып көрсетіледі. Топтық іс-шара ұзақ дайындықты қажет етеді. Басылыммен тезірек таныстыру қажет болған жағдайда көпшілік (фронталды) іс-шараны пайдаланған абзал, оны дайындду топтық іс-шараға қарағанда оңай. Бұл орайда көпшілік қызмет көрсетудің сол немесе басқа түріне, тек топтық және тек көпшілік (фронталды) жұмысқа «байланып қалу» жоқ. Бір және сол тәсіл сол және басқа жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
Мәселен, оқу үдерісіне көмек ретіндегі іс-шараларды өткізу кезінде басты мақсат оқу материалын эмоционалдық қызметін жандаңдыру құралдарымен меңгеруге септігін тигізу болуы мүмкін. Міндеттері белгілі бір пән жөніндегі қосымша материалдармен және әдебиеттермен танысу оқушылардың зерделенетін пәндер туралы білімін кеңейту болып табылады.
Кітапхана пайдаланушылары алдында баспа туындыларының маңызын ашып көрсетуге және пайдаланушылардың ақпаратық мәдениетін дамытуға көпшілік қызмет көрсету тәсілдері көмектеседі. Оларда сыни-талдау, позитивті-иллюстративті, ұсыныстық-ақпараттык, сондай-ақ кітапты жанама түрде ұсыну деп бөлуге болады.
Сыни-талдау тәсілдерібаспа туындыларын немесе оларда баяндалған жеке проблемаларды жан-жақты терең талдауды қамтамасыз етуі тиіс. Оқырмандарды іс-шарада қарастырылатын кітаптарға ынталы қатынас қалыптастыру үшін оларды күнібұрын сол кітаптармен және олар туралы жарияланымдармен таныстыру қажет. Бұл топқа кіретін тәсілдердің негізінде кітапханашы мен пікірталасқа қатысушылардың арасындағы, пікірталаска қатысушылардың өзара пікір алмасуына сыни, шығармашылық тұрғыдан қарау жатыр. Жүргізуші бағыттап отырған пікір алысулар нәтижесінде шығарма және оның тұтастығы туралы белгілі бір қогамдық пікір туындайды.
Кітапханалар үшін оқырмандардың сыни-талдау қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстың нысандары мен әдістері дәстүрлі болып табылады. Олар оқырмандардың өздерін пікірталасқа және кітаптар туралы пікір алмасуға тартуға арналған. Көпшілік іс-шаралардың мүндай нысаңдарына мыналар жатады: салалық және көркем әдебиет шығармаларын талқылаудың саналуан түрлері - кітаптарды талқылау; сұрақ-жауаптар кеші; пікір алмасулар кеші; оқырман конференциясы; әдеби диспуттар, пікірталас, әдеби сот, дөңгелек үстел және т.б.
Кітаптарды талқылау- кітапханашымен, авторлармен, сыншылармен, журнал редакцияларының, баспалардың өкілдерімен бірге оқырмаңдар тобы-ның көркем және салалық әдебиет шығармалары туралы талдауы және бағалауы (пікірлерін білдіруі). Кітаптарды талқылау оқырман белсенділігін арттыруға, сыни ойлау, кітаппен дербес жүмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруға, эстетикалық көзқарастар меп танымдарды қалыптастыруға септігін тигізеді. Талқылау шынайы әрі жанды болуы үшін сындарлы және ұзақ дайындық талап етіледі. Кітаптар туралы жанды, пайдалы пікіралмасуларды қамтамасыз ететін шешуші шарттардың бірі шығарманың дұрыс таңдалуы мен сындарлы дайындық жұмысы болып табылады. Кітаптарды талқылауды пікірлер айырылған немесе оқырмандар арасында түсіністік таппаған шығармалар бойынша өткізген жөн.
Шығарма таңдалып алынғаннан кейін (біреу не бірнешеу) іс-шараны
дайыңдау жоспары әзірленеді. Дайындық кезінде талқылаудын болашақ
қатысушыларына жеке қарау, оларға қажетті кеңесшілік көмек көрсету|,
әдебиеттер іріктеу және т.б. мүмкіндігін ескеру маңызды. Талқылау
бағдарламасын әзірлеу кезінде ондағы басты орынды оқырмандардың сөзі
алатынын ескерген жөн.Талқылау жүргізушінің қысқаша (5-10 минут) кіріспе сөзімен ашылады. Ол мүмкіндігінше жанды әрі қызық болып, сөйленетін сөздерге жалпы бағыт беруі тиіс, бірақ ешқандай жағдайда оқырмандардың кітап туралы пікірін біліп қоймауы тиіс. Уақыттың басым бөлігін қорытынды сөзге бөлген жөн, онда сөздер қорытындыланады, соның негізінде шығармаға баға беріліп, қажет болса, оқырмандардың дәл емес пікірлері түзетіледі.
Кітапханашы оқырманның сұранысын кітапхананың қорындағы басылымдарды абонемент, оқу залы арқылы орындайды. Егр оқырманның сұранысы бойынша кітаптар, басылымдар со кітапханада жоқ болса кітапханашы кітапты басқа кітапханадан уақытша алады. Қорда жоқ әдебиетке арналған талап-тілекиерді қанағаттандыру үшін бір кітапханадан бір кітапханаға уақытшы пайдалануға алынған кітапханааралық абонемент деп аталады.
Кітапханааралық абонемент жүйелік кітапханалық қызметтің негізгі элементі болып саналады. Бір де бір кітапхана тек өзінің қорына сүйене отырып оқырмандардың жан-жақты сұранысын толық орындай алалмайды. Кітапханалар барлық басылымдармен қорды қамтамасыз ете алмайды. Міндетті экземпляр алатын ірі кітапханалардың қоры көптеген басылымдармен әр түрлі себептермен толмады, ал шет ел әдебиеттері шектелген.
Сондықтан, біріншіден, кітапханалардың қорын толымдаудан үйлестіру, екіншіден кітапханааралық абонементті кең пайдалану қажет етті.
Кітапханааралық абонементтің дамуы сұраныстардың толық орындауын көбейтеді, жаңа оқырмандардың кітапханаға тартуын, кітапхананың дәрежесін көтереді.
Кітапханааралық абонементті міндетті түрде барлық кітапханалар қолдануға тиісті. Ол жеке оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруды талап етеді, әсіресе мамандардың, қорда жоқ әдебиеттерге. Көпшілік сұраныстарды, (көркем әдебиеттерге, оқулықтарға, анықтамалық басылымдарға т.б) кітапханааралық абонемент арқылы қанағаттандыруға болмайды. Мұндай басылымдар әр кітапхананың қорында болуға тиісті.
Қазан революциясына дейін кітапханааралық абонемент кейбір ғылыми кітапханаларда қолданды. Кітапханааралық абонемент Қазан революциясынан кейін кең тарады. ХХғ.30-шы жылдары кітапханааралық абонемент көбінесе ғылдыми кітапханаларда қолданды, ал көпшілік кітапханаларда өте сирек қолданды. 1969 жылы жалпылама мемлекеттік кітапханааралық абонемент жүйесі барлық кітапханаларға міндетті түрде енгізілді.
Жүздеген оқырмандар кітапханааралық абонемент арқылы кітаптар мен әр түрлі басылымдарды ғылыми зерттеу жұмыстарына, озық тәжірибені және ғылыми жетістіктерді өндіріс саласына, ауыл шаруашылығына, оқуға және жеке білім алуына пайдалана алды. Кеңес өкіметі кезінде жалпылама мемлекеттік кітапханааралық абонементтің ережесі 1969 ж. Мәдениет министрлігімен бекітілді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – еліміздегі еліміздегі кітап қорын тиімді пайдалану, ең біріншіден аудандық, қалалық, облыстық кітапханалардың қорларын. Әр өңірде кітапханааралық абонемент әмбебап орталықтар, ал ірі өңірде - салалық орталықтар құрылды. Кітапханааралық абонементтің әмбебап орталықтары болып Мәдениет Министрлігінің кітапханаларының жүйесі: республикалық, облыстық кітапханалары саналадыКітапханааралық абонементтің салалық орталықтары болып өздерінің қорына байланысты арнайы кітапханалар саналады.
Кітапханааралық абонементтің бөлімдері белгілі кітаптардың және тақырыптық сұраныстарын орындайды. Сұраныстарды орындау мен қатар