Китигулов Сәлім Базарбек ұлының ғылыми педагогикалық қызметіне мінездеме



Дата03.04.2023
өлшемі22,97 Kb.
#78771
Байланысты:
Мінездеме Китигулов Салим


Китигулов Сәлім Базарбек ұлының ғылыми - педагогикалық қызметіне
МІНЕЗДЕМЕ

Китигулов Сәлім Базарбек ұлы ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. 1972 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Ақсу селосында дүниеге келді. 1979-1989 жж. аралығында Ақтөбе қалалық мектеп-интернатында білім алды. 1991 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты тарих факультетінің «Тарих және география» мамандығына оқуға түсіп, 1995 жылы осы оқу орнын «Тарих және география» мамандығы бойынша сәтті бітірді.


2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің 07.00.02.- «Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)» мамандығы бойынша аспирантурасына қабылданып, 2007 жылдың 25-желтоқсанында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын жоғарыда көрсетілген мамандық бойынша аяқтап шықты.
Китигулов Сәлім Базарбек ұлы 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты «Тарих» факультетінің «География» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді. Еңбек ету барысында жауапкершілігі және ұйымдастырушылық қабілеті мол екендігін танытты. Ол өзі қызмет етіп жатқан кафедраның өміріне белсене араласып, 2008 жылы «География» кафедрасы мен қалалық «Жас туристер» стансасының арсында далалық практикалар, семинарлар, педагогикалық байланыстар орнату мақсатымен 5 жылға келісімшарт жасауға атсалысты. Жаз айларында қалалық оқу бөліміне қарасты әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан және оқу үлгерімі жақсы оқытушыларды демалдыруға арналған «Достық» демалыс лагеріне басшылық жасап қана қоймай, осы іске география мамандығының студенттерін де жұмылдыра білді.
Сонымен қатар, Сәлім Базарбек ұлы факультеттегі «Қазақ тілі» ұйымының жауапты оқытушысы. Ол институтта ұйымдастырылған түрлі қоғамдық шараларға белсене ат салысып отырады. Нәтижесінде факультет студенттері мен оқытушылары жүлделі орындарға ие болып, тіліміздің дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосуда.
С.Б.Китигулов оқыту-әдіснамалық үдерістермен қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Оның ғылыми жұмысына байланысты 7 мақаласы жарияланды. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Хабаршысы», Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Хабаршысы» т.б. ғылыми журналдарда мақалалары жарық көрсе, «Қазіргі заманғы білім беру және «парасатты экономика» негіздерін қалыптастыру» атты Республикалық ғылыми конференцияда баяндама жасады. География пәні оқулықтарының қазақ тіліндегі нұсқалары аз болғандықтан Ресей ғалымы В.П.Желтиковтың «Экономическая география и регионалистика» атты көмекші оқулығын қазақшаға аудару үстінде.
Ол шығармашылық және педагогикалық істерге белсенді араласумен қатар институттағы қоғамдық және спорттық іс-шараларға қатысып отырады. Өз ортасында сыйлы, адамгершілігі мол, үлкенге ізет көрсетуге, кішіге қол ұшын беруге әрдайым дайын тұрады. Китигулов Сәлім Базарбек ұлы маман ретінде өзінің педагогикалық білімін жетілдіру үстінде. География кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Китигуловты
Кафедра жоғарыда аталғандарды ескере отырып, аға оқытушы, тарих ғылымдарының кандидаты Китигулов Сәлім Базарбекұлын жарияланған ваканттық конкурсқа аға оқытушы қызметі орнына қатысуға ұсынады.

География кафедрасының меңгерушісі,


г.ғ.к., доцент: Кубесова Г.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет