Күй параметрлері. Күй теңдеуі



Дата20.09.2023
өлшемі13,46 Kb.
#109207
Байланысты:
Задачи по техтерм


Күй параметрлері. Күй теңдеуі.
1. Сынапты барометр көрсеткіші бойынша ауа қысымы (0 °С температурада) 770 мм сн.б. Осы қысымды паскальмен көрсетіңіз.
2. р=0,1 МПа қысымдағы және 15̈ °С температурадағы көмір қышқылының (СО) тығыздығын және меншікті көлемін анықтаңдар.
3. Қалыпты (нормальды) шарттардағы көміртегі қос тотығының (СО2) тығыздығы мен меншікті көлемін анықтаңдар.
4. р=2,3 МПа қысымдағы және 280 °С температурадағы оттегінің меншікті көлемін табыңдар.
5. Қалыпты (нормальды) шарттарды ауаның тығыздығы ρн=1,293 кг/м3. р=1,5 МПа қысымда және 20 °С температурадағы ауаның тығыздығы нешеге тең?
6. Көлемі 4 м3 резервуардағы температурасы 80°С көмір қышқыл газының (СО) массасын анықтау қажет. Манометрдік көрсеткіші бойынша газ қысымы 0,04 МПа. Ал барометрлік қысым 103990 Па.
7. Көлемі 0,8 м3 қозғалатын поршені бар цилиндердегі газ қысымы 0,5 МПа. Қысымды тұрақты температурада 0,8 МПа-ға дейін көтеру кезінде оның көлемі қалай өзгереді?
8. 1 кг азот 70°С температурада және 0,2 МПа қысымда қандай көлемді алады?
9. Резервуарда 0°С температурада және 10 кПа вакуум қысымда ауа бар. Сынапты барометр (сынап температурасы 20 °С кезінде) 99 725 Па қысымды көрсетеді. Анықтау қажет ыдыстағы ауаның меншікті көлемін.
10. 0,44 МПа қысымдағы және 18°С температурадағы 11 кг ауаның көлемі нешеге тең?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет