Стивен
Уильям Хокинг (ағыл., Stephen William Hawking, 1942 ж. 8
қаңтар
, Оксфорд, Ұлыбритания) – Ағылшын физика теоретигі жəне
космолог
. Кэмбриджда орналасқан Теоретикалық Космология
орталығының
іргетасын қалаушы жəне жетекшісі. Стивен Хокинг 1962
жылы
Оксфорд университетін бітіреді, ал 1966 жылы Кэмбридж
университетінің
Тринити Хол колледжінде Ph.D дəрежесін алады. 1965
жылдан
бастап Кэмбридж университетінде жұмыс істей бастады. 1968-
1972 жылдары Теоретикалық астрономия институтында, 1972-1973
жылдары
Астрономия институтында, 1973-1975 Қолданбалы
математика
жəне Теоретикалық физика кафедрасында жұмыс істеген,
1975-1977 жылдары Гравитация теориясынан сабақ берді, 1979 жылдан
бері
математика профессоры. 1974-1975 Калифорния технологиялық
институтында
степендиат болған. 1960 жылдардың басында Хокинг
амиотрофикалық
склероздың алғашқы белгілерін көре бастайды, кейін
бұл
дерт оны сал ауруына əкеледі. 1974 жылы Хокинг Лондондық
Корольдық
Ұйымының қатарына қабылданады. 1974 жылдан 2009
жылға
дейін Хокинг Кэмбриджде профессор қызметін атқарады.
Тамағына
жасалған операциядан кейін 1985 жылы ол сөйлеу
қабілетінен
айырылады. Достары оған сөйлеуге мүмкіндік беретін
синтезатор
сыйлайды. Стив тек оң қолының сұқ саусағын ғана
қимылдата
алды. Ол өзінің ауруына қарамастан белсенді өмір сүрді,
2009 жылы ғарышқа ұшты.
Элвин
(Алвин) Харви Хансен (ағыл., Alvin Harvey Hansen, 1887 ж., 23
тамызда
Оңтүстік Дакота штатында дүниеге келіп, 1975 ж., 6
маусымында
дүниеден озған) — америкалық экономист,
неокейнсиандық
бағыттың өкілі. Оны «америкалық Кейнс» деп атайды.
Дакотадағы
Янктон-колледжінде 1910 бакалавриат дəрежесін алған.
Оқуын
Мадисон қаласындағы Висконсин университетінде
жалғастырған
. Миннесотс университеті мен Гарвардта сабақ берген.
Экономикалық
циклдың «инвестициялық» теориясының авторы. 1938
жылдан
Америка экономистер ассоциациясының президенті.
Фреэнсиса
Уокер (1967) медалінің иегері. Негізгі еңбектері: Бизнес-
цикл
теориясы (Business-CyclesTheory, 1927); Экономикалық саясат
пен
толық жұмыспен қамтылу (Economic Policy and Full
Employment, 1947); Экономикалық цикл жəне ұлттық табыс (Business
Cycles and National Income, 1951); «Доллармен халықаралық қаражат
жүйесі
» (The Dollar and the International Monetary System, 1965).
Оглавление
|