Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет83/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Бетбұрысты
сəт: жеке автомобильдермен жүргеннен гөрі, ортақ пайдаланылатын
автомобильдермен
саяхат, сапарлар санының артуы.
2025 жылға қарай: сауалнамаға жауап бергендердің 67%-ы, аталған бетбұрысты сəттің
жетістігінен
үмітті.
Бұл
ерекше құбылыстың жалпы мəні тұлғалар (физикалық немесе заңды) үшін жүзеге
асатын
, қарапайым технологиялық мүмкіндік пен бұрынсоңды осыншалықты тиімді,
тіпті
мүмкін емес болған физикалық тауарды не активті ортақ қолдануға немесе
бөлісуге
, не ортақтасуға ұсынуға байланысты. Тауарларды немесе қызмет көрсетуді
осылайша
бөлу, көп жағдайда, виртуалды сауда алаңдарында, мобильдік қосымшаларда
жəне
орналасу жайын анықтау арқылы немесе өзге технологиялық платформаларда
жүзеге
асуы мүмкін. Олар барлық қатысушылар мейлінше əділетті, өзара тиімді
бөліскен
жағдайда, экономикалық пайдаға кенелгенге дейінгі деңгейде транзактілі
жəне
қор шығындарын төмендетуге мүмкіндік берді.


Бірлесіп
тұтыну экономикасының белгілі көрсеткіштері көлік секторында да бар.
Zipcar компаниясы өз кезегінде, көлік құралдарын бірлесіп пайдалану мүмкіндігін:
көлік
қызметін, өзге көлік түрлерін жалға беретін компанияларға қарағанда, Қысқа
мерзімде
ұтымды тəсілмен ұсынады. RelayRides компаниясы жеке тұлғаның белгілі
уақыт
аралығында кей адамдардың жалға берілетін жекеменшік автокөлігін іздеу жəне
жалға
алу платформасын ұсынды. Ал Uber жəне Lyft компаниялары болса, тиімділігі
жоғарырақ
, жеке тұлғалар тарапынан жасалатын такси қызметін ұсынды. Бұл
қызметтің
ерекшелігі – барлығы бір сервисте топтастырылуы, яғни мобильді
бағдарламаның
көмегімен орналасқан мекенжайды анықтап, қысқа мерзім ішінде
қызметті
ұсынуында.
Бірлесіп
тұтыну экономикасына: белгілі көлемдегі қосындылар, мінездемелер немесе
дескрипторлар
тəн. Технологиялық құрылымы, иемденуге мүмкіндік алудың
артықшылығы
, екі тараптың теңдей бірлесіп жасалатын əрекеті, жеке активтерге
(корпоративті активке қатысты қарама-қайшылық) қатысты ортақ қолжетімдік,
қолжетімдіктегі
жеңілдік, күшейтілген əлеуметтік қарым-қатынас, бірлестіктегі
тұтынушылық
жəне ашық қолжетiмдiктегi тұтынушылардың кері байланысы
(нəтижесі, сенім артудағы жоғары деңгей). Аталғандардың барлығы «бірлесіп
тұтынудағы
экономика» транзакциясына тиесілі емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет