***ОТВЕТ*** Әлсіздік, тәбетінің жоғалуы, ұйқысыздық, жүрегі айну, құсу
Ауруханаға 35 жастағы әйел адам ауырғанына 8 күн болғанда айқын әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, жүрегі айнып, тәулігіне 4-5 ретке дейін құсуға, сарғаюға, терісінің қышуына, эпигастрий аймағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келген. Бір апта бұрын ауырған, әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, бір рет құсқан, ауруының 5 күні зәрі қоңырланға, 6 күні нәжісі ағарған, ал кеше таңертең туыстары көз склерасының сарғайғанын байқаған, түстен кейін жүрегі айнуы күшейіп, құсуы жиеленген. Әйелді ауруханаға жатқызды. Гепатитті дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
***ОТВЕТ***Трансаминазалар деңгейін анықтау
Ауруханаға 35 жастағы әйел адам ауырғанына 8 күн болғанда айқын әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, жүрегі айнып, тәулігіне 4-5 ретке дейін құсуға, сарғаюға, терісінің қышуына, эпигастрий аймағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келген. Бір апта бұрын ауырған, әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, бір рет құсқан, ауруының 5 күні зәрі қоңырланға, 6 күні нәжісі ағарған, ал кеше таңертең туыстары көз склерасының сарғайғанын байқаған, түстен кейін жүрегі айнуы күшейіп, құсуы жиеленген. Әйелді жедел вирусты гепатит В деген диагнозбен ауруханаға жатқызған.Алдын алудың ЕҢ негізгі шаралары қандай?
***ОТВЕТ***Арнайы вакцинация
43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен 10 күн жатқан, шағымдары: айқын әлсіздік, тамақтан кейін құсу. Қарап тексергенде: есі бар, енжар, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде дұрыс емес,түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы күшейген, бауыр көлемі бұрыңғыдай қабырға доғасынан 2,0 см төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 94 рет, АҚҚ 130/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық. Науқаста қандай асқыну дамыды?
***ОТВЕТ*** БЖЭ, прекома I
Зоотехник 57жаста, ауруының 3-ші күні дәрігерге бас ауруына, қызбаға, аяқтың бұлшық еттеріндегі , белдегі ауру сезіміне, сарғаю, зәрінің қарайуына және көлемінің азайуына шағымданып келді. Объективті: температурасы 38,1°С, склералардың инъекциясы, кеуде аймағында петехиальді бөртпелер, гепатоспленомегалия. Алдын ала қойылған диагноз Лептоспироз.Осы инфекция кезіндегі ЕҢ тән арнайы асқыну:
Достарыңызбен бөлісу: |