***ОТВЕТ*** Инфекциялық-токсикалық шок
Ауруханаға 18 жастағы жас қыз дене қызуының көтерілуіне, қатты бас ауыруына, 2 рет құсу шағымдарымен келіп түсті. Үйінде кіші інісі ЖРВИ – мен ауырып жазылған. Ауруханада пенициллин тәулігіне 12 млн, ыстық түсіруші препарат, осельтамивир (тамифлю) препаратын тәулігіне 75г, көп сұйықтық ішу, аскорбин қышқылын тағайындаған. Бүгін науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, психомоторлық қозу, денесінің барлық жерінде геморрагиялық бөртпелер пайда болған, тыныс алу жиілігі – 25 рет мин., тамыр соғысы 130 рет/мин, жіптәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б., дене температурасы 36,20С. Таңертеңнен бері кіші дәретке шықпаған.Науқастың жағдайы қай препараттан кейін нашарлаған болуы мүмкін?
***ОТВЕТ*** Бактерицидтік антибиотик тағайындау
26 жастағы әйел ауруханаға ауыр жағдайда келіп түсті. Туыстарының айтуы бойынша кеше кешкі сағат шамамен 22.00 де қалтырау, дене қызуы 400С – қа көтерілуімен, басының қатты ауыруымен басталған. Парацетомол ішіп сосын ұйықтауға жатқан. Таңертең әйел төсектен тұрмайды, денесінің барлық жерінде бөртпе пайда болған, дене қызуы 39,80С жоғарылап ыстық түсіруші препараттар көмектеспеген. Жағдайы ауыр, есі анық. Менингеальді симптомдар жоқ. Кеудесінде және аяқ-қолдарында геморрагиялық «жұлдызша тәрізді» бөртпелер пайда болған. ҚҚ – 90/60 мм сын.бағ., ЖСЖ 120 рет мин., пульсі әлсіз толымды, таңертеңнен бастап кіші дәрет болмаған. Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін?
***ОТВЕТ*** Инфекциялық- токсикалық шок
36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің жиі өтуі шағымыдармен ауылдық ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 80/60 мм сын.бағ. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші ауру сезімсіз. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
***ОТВЕТ*** Тамыр ішіне тұзды ерітінділер құю
26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 5-6 ретке дейін сұйық нәжіс шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезі: таңертең қуырылған тауық жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, сасық иісті, жасыл түсті. Клинико-эпидимиологиялық мәліметтеріне негізінде отырып «Сальмонеллез, гастроинтестинальді түрі, ауыр ағымды. Асқынуы Гиповолемиялық шок» диагнозы қойылған.Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?