Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық


Ескерту: есеп торы бір қалыпты ауасыз толтырылуы тиіс . ЭШЖ ҚОЮ ТЕХНИКАСЫ



бет36/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Ескерту: есеп торы бір қалыпты ауасыз толтырылуы тиіс .

ЭШЖ ҚОЮ ТЕХНИКАСЫ
Мақсат: эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтауын меңгеру және орындау
Зерттеу әдісі: Панченков әдісі. Принципі: Тұру кезінде ұюмаға, екі қабатқа бөліну: төменгі – эритроциттер, жоғарғы – плазма, натрий цитрат ерітіндісімен араласқан қанның қасиетін пайдалануына негізделген. Бұл қабаттану әр түрлі жылдамдықпен өтеді, қанның химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты.
Материалдық ресурстар:

  1. Панченков аппараты капиллярлармен

  2. Центрифугалық сынауық

  3. Скарификатор-инелер

  4. Резеңке баллончиктер

  5. Сағат әйнегі немесе ұясымен заттық әйнек

Реактивтер:

  1. 5% натрий цитраттың үш ауыспалы ерітіндісі. Реактивтің реакциясы бейтарапты немесе әлсіз сілтілі. Бұлыңғырлау кезінде реактив жарамсыз

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Қорғаныс көзілдіріктер

  3. Фартук

  4. Стерильды құрғақ тампондар

  5. Тоқымалы емес материалдан жасалған спирт салфеткалары

  6. Зарарсыздандыру ерітінділері

  7. Қалдықтарға арналған ыдыс

  8. Шыны бойынша қарындаш

  9. Талдау бланктері

  10. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы



Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Панченковтың таза капиллярын натрий цитратпен жуыңыз

  2. Реактивтің 25 мкл алып, оны центрифугалық сынауыққа құйыңыз

  3. Осы капиллярмен «К» белгісіне дейін саусақтан қанды алыңыз және реактиві бар сынауыққа құйыңыз

  4. Араластырыңыз және «0» белгісіне дейін қоспаны капиллярға алыңыз

  5. Капиллярды тағанға тік тұрғызыңыз

  6. Бір сағаттан кейін капиллярлы тамшуырдың бөліктері бойынша плазманың қыртыстанған бағананың мөлшерін есептеңіз. Шөгу жылдамдығын сағатқа мм. есептейді.

  7. Талдау бланкін жазып беріңіз

  8. Талдауды нормамен салыстырып бағалаңыз

Нормасы: әйелдерде 2 – 15 мм/с
ерлерде 1 – 10 мм/с

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

ЭШЖ арта түсуі әр түрлі қабыну процесстер, уланулар, жіті және созылмалы жұқпалар, миокард инфаркты, ісіктер кезінде байқалады.
ЭШЖ ерекше үдеткіші (60 -80мм/с) парапротеинемиялық гемобластоздарға (миелом ауруы), бауыр циррозына, туберкулезге, коллагеноздарға тән.
ЭШЖ бәсеңдеуі эритремия және симптоматикалық эритроцитоздар кезінде байқалады.
Ескерту: қанды алғанда қанның тұтас бағанасымен капиллярды көпіршіксіз толтыру; натрий цитраттың және алынған қанның дұрыс арақатынасын сақтаңыз (1:4); капиллярлары бар тағанды тасымалдауға болмайды, өйткені онда ЭШЖ арта түседі; ЭШЖ 18 – 22°С температура кезінде анықтауға керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет