Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Зарарсыздандыру ерітінділері
Қалдықтарға арналған ыдыс
Қара фон /қара қағаз/
Шыны бойынша қарындаш
Талдау бланктері
Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы
Іс-қимыл алгоритмі: Центрифугалық сынауыққа бір реактивтің ішінен 1 мл. құйыңыз
Қабырға бойынша центрифугалық зәрдің 1 мл. ақырын қабаттаңыздар
Қара фонда екі сұйықтық арасында сақинаның пайда болуын қараңыз. 2ші және 3ші минута аралығында жіңішке сақинаның пайда болуы зәрде ақуыздың 0,033 г/л бар болуын көрсетеді.
Ерітіп қайта қабаттауды жасаңыздар, егер сақина бұрынырақ пайда болса. Зәрді еріту дәрежесі сақина түріне қарағанда анықталады, нақтырақ оның кеңдігі, шағындылығы және пайда болу уақыты.
Ақуыздың санын 0,033 г/л еріту дәрежесіне көбейту жолмен есептеңіз
Талдау бланкін жазып беріңіз
Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз
Нормасы: зәрде ақуыз жоқ
Зерттеуді түсіндіріңіз
Зәрде ақуыз протеинурияның әр түрлі түрлері кезінде пайда болады.
Функциональды протеинурия (бүйрек ұлпасы зақымданусыз) – жаңа туғандарда, физикалық жүктемелер, эмоционалды толғаныс кезінде, ақуызға бай тамақты жегенде болады .
Органикалық протеинурия (бүйрек ұлпасы зақымдануымен) – гломерулонефрит, амилоидоз, диабеттық нефропатия, пиелонефрит, ісіктер және басқ..
Ескерту:0,033г/л – бұл ақуыздың шектелген концентрациясы, одан төмен сынама теріске айналады.
ЗӘРДЕ ГЛЮКОЗАНЫ САПАЛЫ АНЫҚТАУ
Мақсат: зәрдің сынамасында глюкозурийдың әр түрлі түрлерін анықтаудың сапалы сынамаларын жасау дағдыларын қалыптастыру
Зерттеу әдісі: химиялық, Гайнес-Акимов реакциясы. Әдістің принципі сілтілі ортада жылытқанда көк түсті мыс тотық гидратты сары түсті мыс тотық гидратқа және қызыл түсті мыс тотығына келтіруге глюкоза қабілеттілігіне негізделген.