Іс-қимыл алгоритмі: Алдын ала қанды зерттеу үшін реактивтермен сынауықтарды дайындаңыз
Пациентті өзінен сол жағына отырғызыңыз
Пациенттің білегін жұмыс үстелге салыңыз, қолын бос ұстауға сұраңыз
Қолдың аты жоқ саусағының немесе орта саусағының дистальдық фалангын тесудің ең қолайлы жерін таңдаңыз
Тері жұмсағын 70◦ спиртпен суланған тоқымалы емес материалдан жасалған салфеткамен тазалаңыз
Тері жолдарға көлденең, сүйенішке дейін жеке стерильды скарификатор-инемен шаншыңыз
Қанның бірінші тамшысын құрғақ стерильды тампонмен сүртіңіз, келесі тамшыдан Панченков капиллярына қанды алыңыз
Қанды сағат әйнекке немесе ұяға салыңыз
Ұядан жылдам Сали (0,02) шағын тамшуырмен қанды алыңыз
10.Тамшуырдың сыртқы жағындағы қанды құрғақ тампонмен сүртіңіз
11.Қаны бар тамшуырды еріту сұйықтығы бар сынауықтың түбіне жіберіңіз, ақырын үрлеңіз
12.Капиллярды жоғары қабатта 2-3 рет жуыңыз
13.Араластырыңыз
Ескерту: Клиникалық талдауға қанды зерттеу үшін қанды танертең аш қарынға физикалық жүктемелер және диагностикалық емшараларға дейін алады. Қолдар таза, кептірілген және жылынған болу керек. Қанды алғаннан кейін жаралы жерге 70% этил спирт ерітіндісіне малынған жаңа стерильды салфетканы салады.
ГЕМОГЛОБИН КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ
Мақсат: перифериялық қанда гемоглобин концентрациясын анықтау дағдыларын меңгеру (екі әдіс)
I. Зерттеу әдісі: химиялық, колориметриялық, Сали бойынша. Принципі: қанды тұз қышқылымен араластырғанда гемоглобин тұзқышқыл гематинге айналады, оның бояу қарқындылығы гемоглобинның құрамына пропорционалды.
Материалдық ресурстар: Сали Гемометрі