Материалдық ресурстар: «Глюкотест» реактивті қағазы
«Диабур-тест» реактивті қағазы
Глюкозаға арналған «Биоскан» реактивті қағазы
Басқа тест-жолақтар
Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Зарарсыздандыру ерітінділер
Қалдықтарға арналған ыдыс
Пластмасс пластинасы
Іс-қимыл алгоритмі: Индикатор қағазды зерттеліп жатқан зәрде малыңыз, сары жолақ толығымен сулансын
Индикатор қағазды шығарыңыз, пластмасс пластинаға салып 2 минут күтіңіз
2 минут өткен соң түс шкаласымен салыстырыңыз
Зерттеу нәтижесін бағалаңыз: глюкозаның мөлшерін шкаламен ең сәйкес келетін жолақ түсімен анықтаңыз.
ЗӘРДЕ ГЛЮКОЗАНЫ САНДЫҚ АНЫҚТАУ
Мақсат: зәрдің тәулік сынамасында глюкоза концентрациясын анықтау дағдыларын қалыптастыру
Зерттеу әдісі: колориметриялық. Альдгаузен әдісі. Принципі: глюкоза сілтілі ортада қайнағанда қоңыр боялған қоспаларға айналады– гумин заты және сүт қышқылы.
Материалдық ресурстар: Фотоэлектроколориметр